Өңірде 30 (17 мемлекеттік, 13 жеке) колледж 97 мамандық, 163 біліктілік бойынша еңбек нарығына қажетті мамандар дайындайды.
2022-2023 оқу жылында 20 672 студент білім алуда (мемлекеттік – 11399, жеке - 9273). Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар – 12974 студент, ақылы негізде – 7698 студент.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша - 1897 студент білім алуда. Барлық колледжде 2168 инженер-педагог жұмыс жасайды, оның 418-і өндірістік оқу шебері.
Бүгінгі күні 24 колледжде 87 мамандық бо йынша 3114 студент дуалды оқыту негізінде білім алуда.
Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар дайындау мақсатында биыл 4708 мемлекеттік тапсырыс (жергілікті бюджеттен - 3108 орын, республикалық бюджеттен - 1600 орын) бөлінді.
2022-2023 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға жергілікті бюджеттен 3108 орын, республикалық бюджеттен 1600 орын, барлығы 4708 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, 9 сыныпты бітірушілердің 72,0 пайызы кәсіптік біліммен қамтылды. Бұл көрсеткішті «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы 80-ге, 2024 жылы 90-ға, 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу қажет.
Сонымен қатар, өткен жылы алғаш рет мақсатты мемлекеттік тапсырыспен (целевой госзаказ) кадрлар даярлау қолға алынды. Облыс бойынша 119 талапкер әңгімелесу арқылы кәсіпорындардың сұранысымен оқуға қабылданды.
Келісім шарт негізінде студенттің оқу өндірістік практикасы кәсіпорын базасында сапалы ұйымдастырылып, нәтижесінде сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
Ағымдағы жылы 300 талапкерді мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жоспарланып отыр. Ал, жоспарды орындау колледж басшыларына тікелей байланысты.
2023 жылы Оқу-ағарту министрлігінің № 478 бұйрығына сәйкес, еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде (2024-2025 жылдары) колледж базасында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізіліп, мектеп бітіруші аттестатпен бірге диплом алып шығатын болады.
Бұл жоба біріншіден білім алушылардың мамандық иесі атанып, еңбек нарығына ерте араласуына мүмкіндік берсе, екіншіден қоғамда жұмысшы құзыреттілігінің беделін көтеріп, жастардың қызығушылығын арттырады.
Жоба сәтті іске асырылса 2025 жылдан бастап еліміздегі барлық мектеп бітірушілері бір-бір кәсіп иесі атанатын болады.
Қазіргі таңда, кәсіптік білім беру саласына қойылып отырған жаңаша талаптар, оқу орындарын салаландыруға, кәсіпорындардың шефтік қамқорлыққа, сенімгерлік басқаруға алуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, академиялық дербестік, инженер-педагогтардың біліктілігін арттыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, модульдік кредиттік технология, дуальды оқыту, WorldSkills талаптары бойынша халықаралық стандартарға сәйкес кадрлар даярлауды қажет етеді.
2022 жылы 25 оқу орнына 78 мамандыққа бойынша модульдік кредиттік технология, 24 колледжде 87 мамандық негізінде дуальды оқыту енгізілді. Үш жақты келісім шарт негізінде жүзеге асырылатын дуальды білім берумен 3114 студент қамтылып, көрсеткіші 24,0 пайызды құраса, 2023 жылы 25, 2024 жылы 28, 2025 жылы 35 пайыз болуы қажет.
Бұл өз кезегінде колледж басшыларының жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен қабылданған білім алушыларды жұмыс беруші кәсіпорындармен бірлесе отырып, дуальды оқытумен қамтамасыз етуді талап етеді.
Сонымен бірге, дуальды оқудың негізгі, түпкілікті мақсаты мемлекеттік тапсырыспен бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы.
Осы ретте, 2022 жылы колледжді бітірген 4866 түлектің 3616 жұмысқа орналасып 74,3%, ал, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3396 бітірушінің 2552 жұмыспен қамтылып 75,1% құрады.
Көрсеткіш 2022 жылы 68,0, 2023 жылы 70,0, 2024 жылы 72,0, 2025 жылы 75,0 пайызға жоспарланған. Көрсеткіштерге қол жеткізу үшін оқу орын басшылары нақты шараларды қабылдаулары қажет. (Жұмысқа орналасуы зейнет ақы төлеу орталығы арқылы анықталуда).
Қазіргі таңда, еңбек нарығының қажеттілігіне кадрларды жылдам даярлау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте, министрліктің № 500 бұйрығымен бектілген мамандықтар жіктеуішінде 2021 жылдан бастап оқу мерзімдері көрсетілген жоқ.
Колледж және жұмыс беруші кәсіпорынмен бірлесе отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқу мерзімдерін қысқарта отырып кадрлар даярлауға мүмкіндік беру академиялық дербестіктің басты мақсаты.
Бүгінгі күнде 21 колледжде 59 кәсіпорынмен бірлесіп, 42 біліктілік бойынша академиялық дербестік негізінде 1402 студент білім алуда.
Биылғы жылы аталған мәселе өз жалғасын табатын болады.
Білім берудің сапасын арттыру педагогтардың біліктілігіне тікелей байланысты. Осы ретте, 2022 жылы 14 оқу орын басшысы мен 270 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Ағымдағы жылы тағы 15 колледж директоры, 50 орынбасар, 30 денешынықтыру пәнінің мұғалімі, 19 психолог, 251 жалпы және арнаулы пән мұғілімдері, 510 оқу өндірістік шеберлер мен 22 әдіскер, барлығы - 832 педагог республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен біліктілік курсынан өтетін болады. (30 колледжде 2168 инженер-педагог бар)
Сонымен бірге, білім сапасы колледждегі әрбір мамандықтың оқулықпен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Осы орайда, 2023 жылы «Талап» АҚ-мы ұсынысымен республикалық бюджеттен бөлінген 94,0 млн. тг. қаржыға қазақ тіліндегі 5800 жаңа оқулық сатып алынатын болады.
Халықаралық талаптарға сай кадрлар даярлауда «WorldSkills» қозғалысының алар орны ерекше. Себебі, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы барлық білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленуде.
Осы ретте, «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионаты елімізде 2015 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Аталған республикалық байқауға қатысқан облыс командасы 5 жылда 2 күміс, 1 қола медаль ғана иеленген болатын.
2022 жылы алғаш рет біздің облысымыз 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 7 медалион иеленді. Командалық есепте 20 өңірдің арасында 9 орынға көтерілді. Ағымдағы жылы ұлттық байқау жеңімпазы («Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж студенті Мәтен Нұрдәулет Нұрділләұлы) әлемдік чемпионатқа қатысатын болады.
Қазіргі таңда, проблемалық мәселелердің бірі колледждердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту.
Осы ретте, Республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге қаржы бөлініп, «Жас маман» жобасы аясында 2020 жылы 4 колледждің,
2021 жылы 5 колледждің материалдық базасы жаңарды, 284 техника және қажетті құралдар-жабдықтар алынды. Нәтижесінде 9 колледжде құзыреттілік орталықтары ашылды.
«Білімді Ұлт» ұлттық жобасындағы кәсіптік білім беру саласындағы тағы бір міндет студенттерді жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету.
17 мемлекеттік колледжде 14 жатақхана жұмыс жасайды. Жобалық қуаттылығы – 1625 орынды құрайды. Бұл орайда, 2019-2021 жж. 1805 орынды 6 жатақхана пайдалануға берілді. 2023 жылы 75 орынды 1 жатақхана (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын) пайдалануға берілетін болады. 2024 жылы 100 орынды 1 жатақхана (Қазалы аграрлы-техникалық колледжі – 100 орын) құрылысы жүргізіліп, студенттердің игілігіне берілетін болады.
2022 жылы өңірімізде пилоттық жоба ретінде С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі жеке кәсіпкер «Шакеноваға» сенімгерлік басқаруға берілді.
Кәсіпкер тарапынан 1,7 млрд. тг. қаржыға оқу ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 1,3 млрд теңгеге жаңадан оқу-өндірістік шеберхана құрылысы жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жабдықталды.
Сонымен бірге, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжін «Шалхия Цинк ЛТД» компаниясы шефтік қамқорлыққа алды.
Жоғарыда аталған маңызды мәселелердің барлығы мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес кадрлар даярлауға бағытталған негізгі шаралар.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген оқу орындары бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі білім беру құжатын бере алмайды және мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа қатыса алмайды.
Осы ретте, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2022 жылы 12 колледжді мемлекеттік аттестациядан өткізсе, 2023 жылы 14 оқу орнын аттестациялаудан өткізді. Аттестацияның бірінші кезеңінде 14 колледж өте алмады. Ал екінші кезеңінде 12 оқу орны өтті, Спорт колледжі ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтеді.
Ал, «Ұлағат-Қызылорда» жекеменшік колледжі мемлекеттік аттестациядан (2 кезеңнен) өте алмады.
Медицина саласы бойынша кадрлар даярлайтын 4 оқу орны облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы мемлекеттік аттестациядан өтті.