Білім беру саласындағы 2023 жылғы бюджет қаражатын игеру процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою бойынша іс шара жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы                            24 қарашадағы № 511 бұйрығы негізінде бюджеттік өтінімді әзірлеу барысында Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің заңнамасының талаптарына сәйкес процестерді автоматтандыру ұсынылады.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап облыстық мектептер ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 және №597 бұйрығымен бекітілген «Жан басына қаржыландыру әдістемесі мен қағидасына сәйкес» қаржыландырылуда.

         Сонымен қатар, «Мемлекеттік толық жиынтықталған күндізгі жалпы білім беретін ауыл мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшірудің жоспар кестесін бекіту туралы» ҚР Оқу ағарту министрінің 12.04.2023 жылғы №91 бұйрығына сәйкес мектептер 2025 жылдың              1 қыркүйегінен бастап жан басына қаржыландыру механизміне көшірілуі жоспарлануда.

         Осыған орай, жан басына қаржыландыру механизмінің басты мақсатына сәйкес орта білім беру ұйымдары өз мүліктерін жалға беру ақысын мектепте қалдыруға және жылдық қаржылық шығындары мөлшері шегінде  бухгалтерлік қызметтерін дербес жүргізуге байланысты барлық білім ұйымдарының есеп бөлімдері әр мекеменің өзінде жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытқа барлығы                      59 мектеп жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшірілді. Оның ішінде: Арал ауданы-9 мектеп, Қазалы ауданы-3 мектеп, Қызылорда қаласы                - 47 мектеп.

           Білім беру саласындағы бюджет қаражатын игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын тектіктерді әзірлеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарының (Жол картасы) 13-тармағына сәйкес тиісті қосымша ақы алу үшін жалған сертификаттарды пайдалану бойынша Білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін бағалау бойынша тестілеуден өткен сертификаттарын зерделеу жүргізу үшін жұмысшы тобын құру туралы білім басқармасының 15.09.2023жылғы №105-нқ бұйрығымен бекітілді.

Құрылған жұмысшы топ Қызылорда облысының білім басқармасының педагогтерді аттестациялаудың қорытындылары туралы 2020 және 2022 жылдар аралығындағы барлығы - 6 бұйрық зерделеніп қаралды. Зерделену нәтижесі бойынша тиісті шешім шығару үшін 170 педагогтің тестілеу нәтижесі бойынша негіздемелері алынып, ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жедел басқармасының офицері С.Куанышбаевқа дәлелдеме құжаттары әрі қарай тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ұсынылды.

 

Дата публикации
12 января 2024