Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылы 7835 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған. Оның ішінде, 1468 бала балабақшада, 2214 бала мектепте, 1218 бала үйден, 299 бала арнайы мектептерде, 232 бала колледжде білім алады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 88,3%-ді құрайды.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды (29 дефектолог, 174 логопед, 32 педагог-асисстент)
Өңірдегі 295 мектептің 172-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2023-2025 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Жалпы орта білім беру мектептерде 2214 білім алып отыр. Оларға 440 арнайы маман қызмет көрсетеді. Олардың 247 дефектолог, 67 логопед, 217 педагог-ассистент және арнайы мамандар).
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мектептегі 16 780 педагог арнайы инклюзивті курстан өтті.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР № 343-ІІ Заңына сәйкес аймағымызда түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарды ашу тапсырмасы толық орындалды. Аталған Заңға сәйкес 1 ПМПК облыс әкімінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №109 қаулысымен ашылды.
Жалпы 5 ПМПК-ның 2022-2023 оқу жылы бойынша қызмет көрсеткен ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала санының 62,2 пайызы балабақша мен мектептерге қосылған.
Ағымдағы жылы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде инклюзивтік ресурстық кабинет ашылды. Аталған колледж базасында «Логопедия» мамандығы бойынша арнайы мамандар оқытылуда.
Өңірде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған шаралар көптеп ұйымдастырылады:
Атап айтсақ, «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын 300-ден астам бала аталған шараларға қатысып, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Арнайы мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде әдістемелік семинарлар, бірлестік отырыстары ұйымдастырылады. Өткен оқу жылында 11 әдістемелік семинар, 3 бірлестік отырысы өтті.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.