2023 жылдың қараша айының шығындар жоспары 216,31 млрд теңге, орындалғаны 216,25 млрд тенге (РБ-1347881,3; МБ-214902825,1) атқарылды.
Ал қараша айы бойынша 22 258,3 млн теңге болса, 22 196,2 млн теңге атқарылды,
Білім басқармасы бойынша игерілмегені 62,1 (РБ-0,7; МБ-61,4) млн теңге (100,0%), үнемделген қаражат – 35,2 млн теңге, басқа да себептермен игерілмегені 26,8 млн теңге;
оның ішінде
Үнемделгені 35222,5 мың теңге, оның ішінде жалақы қоры мен салықтары, мектептердің күрделі шығыстары мен 1-4 классқа берілген ыстық тамақ және әр түрлі ерекшеліктен үнемделген қаражаттар.
Келісім-шарттың техникалық шартына сәйкес мердігерлер өз қызметін мерзімінде орындамағаннан және басқа да себептермен қалғаны 26829,6 мың теңге.