Департаментпен қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау бағытында үнемі қажетті шаралар ұйымдастырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпанындағы №802 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді.
Бұдан бөлек, «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсанда №1147 қаулысы қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы бастау алды.
Конкурстың ережесіне сәйкес өтінімдер ағымдағы жылғы 30 қазанға дейін konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады.
Конкурстың қорытындысын шығару үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткізілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шарада жоспарлануда.