Облыста 685 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, тәрбиеленушілер саны - 60 559.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,8 % құрайды. Соңғы 2 жылда қамту 1,5 % – ға өсті (2021 ж. - 85,2 %, 2022 ж. - 87,3 %).
Ағымдағы жылдың соңына дейін 3 221 орындық 19 балабақша ашу жоспарланған. Нәтижесінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90,2 % - ға дейін ұлғаяды. 3 жастан 6 жасқа дейін – 100 % қамтылған.
Облыстағы 327 мектепте 180 мың оқушы білім алуда. Жыл сайын 1-сыныпқа келетін оқушылар саны артуда (2023 жылы 17 898 мың бала, өткен оқу жылымен салыстырғанда 205 оқушыға артық ( 2022 ж.- 17 693 адам). Қызылорда қаласында үш ауысымда оқыту қаупі бар 6 мектеп. Қызылорда – Жезқазған трассасы бойынан құрылысы жүргізіліп жатқан 600 орындық мектеп құрылысы пайдалануға берілген уақытта 2 мектептегі (№261, №280) жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласындағы үш ауысымда оқу қаупі бар мектептердің мәселесін шешу мақсатында Абай мектебіне (Мұрагер) 550 орындық, №101 мектеп-лицейге 375 орындық, №264 мектеп-лицейге 550 орындық, №3 мектеп-лицейге 375 орындық оқу ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.
Оқушы орындарының тапшылығын кезең кезеңімен төмендету үшін жаңа орта білім беру объектілерін салу және жеке инвестициялар есебінен жеке мектептер ашу мәселесі қарастырылуда. Ағымдағы жылы 1 500 орынға 5 нысанды іске қосу жоспарлануда (Арал ауданы, Тоқабай ауылы №248 100 орындық, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті 300 орындық, Шиелі ауданы, Байсын ауылы 250 орындық, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті 250 орындық, Қызылорда қаласы 600 орындық мектеп).
Бұдан бөлек, 2023-2024 жылдары "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында облыста 21 мектеп салу жоспарлануда (РБ-дан 97 млрд.теңге). Қазіргі уақытта мектеп салу үшін жер телімдері бөлінді.
Жалпы облыс бойынша 2021-2025 жылдары 236 мектеп жаңғыртудан өткізілу жоспарланған (2021ж.- 48, 2022-2025 жж. - 47).
2022 жылы 47 мектепті жаңғыртудан өткізуге 1564,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді (4 мектеп күрделі жөндеу 1155,0 млн. тг).
2023 жылы 47 мектеп жаңғыртудан өткізуге 529,5 млн. теңге жоспарлануда.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша 11 – сыныпты бітіруші 8 051 түлектің 7 219 – ы немесе 89,6 % - ы ҰБТ-ға қатысты.
100 балл және одан жоғары жинағандардың саны – 1 213 немесе 16,8 %.
Жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндік беретін конкурсқа қатысатындар саны – 6 996.
Облыс бойынша ең жоғары балл – 137 (Арал ауданы №220 орта мектептің түлегі).
Сол секілді Қызылорда қаласы – 134, Қазалы, Қрмақшы, Сырдария аудандары және №9 Білім инновация лицейінің түлегі – 133 ұпай жинап, жоғары нәтижеге жетті.
Оқу жылының қорытындысымен 514 түлек «Алтын белгі» белгісіне және 823 Үздік аттестатқа аяқтады.
Республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 102 оқушы жеңімпаз атанды (халықаралық – 12, республикалық - 90).
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ІІ орынды иемденсе, қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.
Қала, аудан орталықтарындағы білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған.
2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қала орталығы мен кенттердегі 135 мектептің (Арал-16, Қазалы-14, Қармақшы-12, Жалағаш-11, Сырдария-9, Шиелі-14, Жаңақорған-15, Қызылорда-44) бейнебақылау жүйесі № 69 бұйрыққа сәйкестендірілді.
2023 жылы 35 мектептің бейнебақылау жүйесін талапқа сәйкестендіру үшін 252 млн.теңге, Қызылорда қаласындағы 28 балабақшаның бейнебақылау жүйесіне жергілікті бюджеттен 201,6 млн.тг бөлінді. Қазіргі таңда мектептердің 60 % талапқа сәйкестендірілді.
Облыстағы 170 мектепке полиция бөлімшелеріне қосылатын дабыл түймесін орнату үшін облыстық бюджеттен 97,1 млн.теңге бөлінді. Осыған дейін 49 мектепке дабыл түймесі орнатылған. Нәтижесінде барлық білім беру ұйымдарының дабыл түймесі мәселесі толықтай шешімін тапты.
Министрліктің №117 бұйрығына сәйкес, аудандардағы бала және персонал саны 700-ден асатын және қаладағы білім беру ұйымдары турникетпен толық қамтылған.
Ал аудан орталықтарында орналасқан бала және персонал саны 700-ден асатын 48 мектеп (Арал-9, Қазалы-10, Қармақшы-9, Жалағаш-3, Шиелі-9, Жаңақорған-5, Қызылорда-3), аудан орталықтарындағы 7 оқушылар үйі мен Қызылорда қаласындағы 25 балабақшаны лицензияланған күзетін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен 112 млн.тг қаржы бөлінді.
Жекелеген санаттағы отбасы (тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы) балаларын тегін тамақтандырумен 2022 жылы 33 061 бала қамтылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен жалпыға міндетті оқу қорына 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық мемлекеттік білім беру ұйымдарында 1-4 сыныпта білім алатын 70 173 оқушы (оның ішінде 18 760-ы аз қамтылған отбасы балалары) және 5-11 сыныпта оқитын 16 777 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары жалпы саны
86 950 (51%) бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда.
Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қосымша 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген қаржы 8,8 млрд. теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні бір мезгіл тамақтану құны 557 теңгені құрайды.
Облыстық-медициналық педагогикалық консультация есебі бойынша Қызылорда облысы бойынша 6 711 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуге алынды.
Оңалту, түзету шарамен қамту мақсатында облыс бойынша (7 аудан және Қызылорда қаласы) 22 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. (5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттер, 3 оңалту орталығы, 3 арнайы мектеп-интернат, 1 арнайы балабақша, 1 аутизм орталығы)
Облыста 0-18 жас аралығында 324 496 балаға 5 ПМПК қызмет көрсетеді.
Арнайы білім беру мекемелердің материалдық-техникалық базасын талапқа сай жаңарту мақсатында 2021-2023 жж. 156 512,0 тг. қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда № 6, 7 мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту үшін жергілікті бюджеттен 81 764,0 мың теңге қаржыға өтінім берілді.
Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен № 5,6,7 арнайы мектеп-интернаттардың кабинеттерін жабықтау үшін әр мекемеге 32 млн. тг. қаржы сұралуда.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивтік білім алуға жағдай жасау мақсатында 2019 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша 2020 – 2022 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы» қабылданып, 4 млрд. тг. қаржы бөлінді. Оның 2 млрд.тг. білім беру ұйымдарында инклюзивтік және арнайы білім алуға жағдай жасау үшін бағытталды.
Жол карта аясында 142 мемлекеттік балабақша логопедиялық кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Балабақшада аутист баллар үшін инклюзивтік қолдау кабинеттері ашылып, 24 дефектолог, 18 педагог-ассистент мамандар берілді. Жалпы балабақшаларда 186 арнайы мамандар жұмыс жасайды (24 дефектолог, 142 логопед, 18 педагог-асисстент).
Нәтижесінде мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды.
3-6 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін 1074бала(2021 ж - 760) мектепке дейінгі біліммен қамтылды.
Өңірдің 295 мектептің 170 –де инклюзивтік қолдау кабинеттер, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды.
2023-2025 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Жалпы орта білім беру мектептерде 2422 білім алып отыр. Оларға 417 арнайы маман қызмет көрсетеді. Олардың 233 дефектолог, 44 логопед, 127 педагог –ассистент және 13 басқа да арнайы мамандар (олигофренопедагог, арнайы әлеуметтік педагог, арнайы психолог, тифлопедагог).
Негізгі орта білім берудің мазмұны бойынша бала бойындағы ерекшелікке қарай Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтер 118-і жеке, 955 бейімділген бағдарлама жасап, 1349-на жалпы білім беру бағдарламаға сәйкес білім беруде.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мектептегі 16 780 педагог арнайы инклюзивті курстан өтті.
Ақыл ойы кешеуілдеп дамыған және көру қабілеті нашар 1-9 сыныптың оқушылардың арнайы оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Үйден білім алатын 1028 балаға Жол карта аясында 2021-2022 жылдары «Дельфа», «Edu Quest» бағдарламалық техникалық құралдар және ноутбуктер алынды.
Техникалық және кәсіпітік колледждерде 183 ерекше қажеттілігі бар бала білім алуда. Облыс орталығындағы 3 колледж ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы топтар ашты.
Ағымдағы жылы пилоттық режимде М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжде инклюзивтік ресурстық кабинет ашылды. Аталған колледж базасында арнайы мамандарды оқыту жоспарлануда.
30 техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер жұмыс жасайды (мемлекеттік - 17 бірлік, жеке - 13 бірлік).
Контингент - 20672 адам (мемлекеттік - 12974, жеке - 7698).
Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері, 1750 оқытушы, 30 басшы, оның ішінде жоғары білімді - 1907(88,0%)ТжКБ бар – 261 (12,0%).
Дуалды жүйе бойынша 24 колледжде 3114 студент білім алуда.
17 мемлекеттік колледжде 14 жатақхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 1625 орынды құрайды.
2023 жылы 75 орындық 1 жатақхананы (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын) пайдалануға беру жоспарлануда, МЖӘ аясында құрылыс жұмыстары басталды.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы жатақханаға қажеттілік толық қанағаттандырылатын болады.
"Жас маман" жобасына көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сервис және т.б. бағыттар бойынша 9 колледж қатысты, 9 колледжге жабдықтар сатып алынды. 7 құзыреттілік орталығы құрылды. Жоба аясында 17 мамандық бойынша 850 студент білім алуды.