Қызылорда облыстық білім беру ұйымдарының 2023 жылдың 1 маусым айына қаржының атқарылуы

2023 жылдың мамыр айының шығындар жоспары  90 873 715,1 мың теңге болса, 90 699 407,1  мың теңгеге атқарылды,

      Білім басқармасы бойынша игерілмегені  174,3 млн теңге 99,8 пайыз, үнемделген қаражат -110,9 млн теңге, басқа да себептермен игерілмегені 63,4 млн теңге;

оның ішінде

Үнемделгені 110942,0 мың теңге, оның ішінде

жалақы қоры мен салықтарына, шаруашылық заттардан, оқушылардың ыстық тамақтардан, қызметкерлердің біліктілік арттыру қызметінен, сәуір және мамыр айларында мерекелік күндерде сабақтың болмауына байланысты азық-түлік өнімдерінен және әр түрлі ерекшеліктен үнемделген қаражат

Келісім-шарттың техникалық шартына сәйкес мердігерлер өз қызметін мерзімінде орындамағаннан 37861,3 мың теңге қалған қаражат, оның ішінде мектептің канализациялық жұмыстарға және пештің жұмыстарына арналған қаржы өнім беруші жұмыстары толық бітпеуіне байланысты, мердігер есіктерді ауыстыру қызметтердің  толық орындамағаннан, мектептің дабыл қондырғысын мердігер мерзімінде ғимаратқа орнатып бермегеннен, мектептің азық-түлік сатып алуда мердігердің жұмыстарды уақытылы орындалмауына байланысты, мердігер бұлтты бухгалтерия модулін жүргізуде қызметтерін мерзімінде аяқтамағаннан, мектепке шаруашылық заттарын мердігер жеткізбегеннен игерілмеді.

Қалған 25504,7 мың теңге, оның ішінде

Мектептерге кітап сатып алу бойынша медігер 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізбеген, санаторлық балабақшасы шаруашылық және кеңсе заттарынның қаржысын және мектептерде жанар жағармайдың қаржысын дұрыс жоспарламаған игерілмеген.

Білім беру ұйымдарының «E-Learning» платформасының деректемелері, мекеменің газ қондырғысын орнату қаржының айларға бөлінісі және Оңалту орталығының мерзімінде азық-түлік өнімдерінің қосымша келісім-шартты порталға енгізуде дұрыс рәсімделмеген қалған қаражат.

Дата публикации
02 июня 2023