Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алдын алу бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар есебі

Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Барлық мектептерде бейнебақылау орнатылған. 288 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция бөлімдері мен Қызылорда қаласындағы мектептер жедел басқару орталығына қосылған. 170 мектепте турникеттер орнатылған, 270 мектеп дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.

Облыстың 295 мектептің 4-19 Мб/с аралығында 155 мектеп (Арал ауданы – 22 мектеп, Қазалы ауданы – 19 мектеп, Қармақшы ауданы – 19 мектеп, Жалғаш ауданы – 13 мектеп, Сырдария ауданы – 13 мектеп, Шиелі ауданы – 35 мектеп, Жаңақорған ауданы – 29 мектеп, Қызылорда қаласы – 5 мектеп, оның қалалық елдімекенде – 1 мектеп, ауылдық елдімекенде – 154 мектеп), 20 Мб/с жоғары – 140 мектеп (Арал ауданы – 28 мектеп, Қазалы ауданы – 18 мектеп, Қармақшы ауданы – 10 мектеп, Жалғаш ауданы – 7 мектеп, Сырдария ауданы – 4 мектеп, Шиелі ауданы – 5 мектеп, Жаңақорған ауданы – 14 мектеп, Қызылорда қаласы – 54 мектеп, оның қалалық елдімекенде –63 мектеп, ауылдық елдімекенде – 77 мектеп).

Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алдын алу бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар есебі
Дата публикации
13 апреля 2023