Аймақта 677 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. (604 балабақша, 73 шағын орталық). Жекеменшік балабақшалар үлесі 73,6 % (444 балабақша) құрайды. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жастағы 59 983 бала тәрбиеленуде. 2 мен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 88,4 %, 3 пен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100 %.
Облыста 179 869 оқушы контингенті бар 330 мектеп (295 мемлекеттік, 24 жекеменшік, 8 кешкі мектеп, 3 арнайы мектеп-интернат) жұмыс жасайды. Жобалық қуатынан артық жүктемедегі мектептердегі орын тапшылықтары 12 757 орынды құрайды.
Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мың орындық мектеп құрылысын салу тапсырмасына сәйкес, облыста 2023-2025 жылдары 15100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу бекітілген.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласында - 8, Арал ауданында - 4, Қазалы ауданында - 2, Қармақшы ауданында - 2, Жалағаш ауданында - 1, Сырдария ауданында - 1, Шиелі ауданында - 1, Жаңақорған ауданында - 2 мектеп салынатын болады.
Оның ішінде 8500 орындық 10 мектеп 2024 жылы, 6600 орындық 11 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгінгі күні аймақта 6 апаттық (Арал ауданы №248 мектеп, Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105,108 мектептер, Шиелі ауданы №45,133 мектептер), үш ауысымды 6 мектеп бар (Қызылорда қ. Абай мектебі, №3, 101, 261, 264, 280 мектептер).
Қазіргі таңда Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апатты №248 мектептің құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Мектеп құрылысын ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
4 апатты мектептің құрылысы (Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105, 108 мектептер, Шиелі ауданы №45) Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына енгізілді.
Қызылорда қаласындағы 6 үш ауысымды мектеп бойынша орын тапшылығы 9518 орынды құрайды. Жайлы мектеппен облыс орталығында салынатын 9400 орынға арналған 8 мектеп орын тапшылығын шешетін болады.