2023 жылдың ақпан айының шығындар жоспары 32 960 300,3 мың теңге болса, 32 882 417,2 мың теңгеге атқарылды,
Білім басқармасы бойынша игерілмегені 77 883,1 мың теңге 99,8 пайыз, үнемделген қаражат -34,2 млн теңге, басқа да себептермен игерілмегені 43,7 млн теңге; оның ішінде
Үнемделгені 34153,9 мың теңге, оның ішінде
(17888,6 мың теңге жалақы қоры мен салықтарынан үнемделген,
2663,7 мың теңге Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласы мектептерінің 1-4 сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтуда, бала санының азаюынан үнемделген, 13601,6 мың теңге әр түрлі ерекшеліктен үнемделген қаражат)
Қалған 43729,2 мың теңге, оның ішінде 27924,0 мың теңге Отбасы төмен аз қамтамасыз етілген студенттерді әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жоғарғы білім беруде «Қорқыт-ата» университеті мен «Болашақ» университетіндегі студенттердің республикадағы университетке көшірілуіне байланысты қайтарылған қаражат.
1717,0 мың теңге Сырдария колледжінің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау мамандықтары бойынша оқытылып жатқан екі мамандықтың бірі мамандығының лицензия мерзімі тоқтатылуына байланысты қайтарылған қаражат.
Толық тауар жеткізбегендіктен 5803,2 мың теңге қалған қаражат
(№4 интернаттың 1023,7 мың теңге қаржыға азық-түлік өнімідері мен 4780,1 мың теңге сұйық отынды мердігер нысанға мерзімінде жеткізбеген)
8285,0 мың теңге қаржыландыру жоспарын дұрыс бекітпегеннен қалған қалдық қаржы
(1800.0 мың теңге Қызылорда қаласындағы №2 «Бөбек» санаториялық балабақшаның шаруашылық заттары мен ғимаратты ұстау шығындары мен қызметтеріне, 2400,0 мың теңге №285 мектептің коммуналық шығындарына және 4085,0 мың теңге Шиелі ауданындағы (№219-2957,0; №133-125,0; №148-995,0; №156-8,0) мектептердің 1-4 сыныпқа берілетін ыстық тамаққа қаралған қаржы қаржыландыру жоспарында дұрыс бекітілмегеннен игерілмеді.