«Қызылорда облысының білім басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылғы сәуір-желтоқсан айы аралығына жүргізілген ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

«Қызылорда облысының білім басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылғы сәуір-желтоқсан айы аралығына жүргізілген ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
09 желтоқсан 2022 жыл Қызылорда қаласы
1.Қызылорда облысының білім басқармасы (бұдан әрі-басқарма) құрылымдық бӛлімдерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып табылады.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тӛрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың 2022 жылғы 07 желтоқсандағы №88-нқ бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмысшы тобы жүргізді.
Ескертпе, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың 2022 жылғы 24 мамырдағы №27-нқ бұйрығына сәйкес 31 мамыр 2022 жылы басқарманың барлық бӛлімдерінің қызметіне қатысты 2021ж. және 2022ж. 5 айы кезеңі қамтылып басқарманың барлық бӛлімінің қызметіне қатысты ағымдағы жылдың мамыр айлары қамтылып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген.
Ағымдағы жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында басқарманың бӛлімдерінің қозғайтын нормативтік құқықтық актілері негізінде жұмыс жасау барысында оларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктер анықталуына байланысты қосымша зерттеулер жүргізіліп, 31.05.2022 ж ішкі талдаудың талдамалық анықтамаларына қосымша осы талдамалық анықтама рәсімделді.
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары
Бердаулетов Багдат Камбозұлы
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары
Момбек Ділда Жақыпқызы
Әкімшілік және педагогтармен жұмыс бӛлімінің басшысы
Дуйсембаева Гулзия Карамановна
Балалар мен жасӛспірімдерді әлеуметтік қорғау бӛлімінің басшысы
Жунисова Шолпан Оралбаевна
Техникалық және кәсіптік білім беру бӛлімінің басшысы
Есенбаев Бекжан Шахизатұлы
Мектепке дейінгі және орта білім бӛлімінің басшысы
Дәулеталиев Нұрлан Базарғалиұлы
Коммуналдық меншік және материалдық техникалық қамтамасыз ету бӛлімінің
Аймаханов Нурлан Ермуратович
басшысы
Экономика және қаржы, стратегиялық даму бӛлімінің басшысы
Алписбаев Ернат Ергалиевич
Тәрбие жұмыстары бӛлімінің бас маманы
Байгазиева Шолпан Рустемовна
Бухгалтерлік есеп жүргізу бӛлімінің басшысы
Молдабаева Ғазиза Асылбекқызы
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры
Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы
Әкімшілік және педагогтармен жұмыс бӛлімінің бас маманы
Ахметова Ақсауле Ахметқызы
Әкімшілік және педагогтармен жұмыс бӛлімінің бас маманы
Ермаханов Ғазиз Аманбайұлы
СИПАТТАМА БӚЛІМІ:
1. Бӛлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері келесі бағыттар бойынша қосымша зерделенді:
1) Басқарманың құрылымдық бӛлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың құрылымдық бӛлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс аумағында білім саласының дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген білім берудің тиімді және біртұтас жүйесін қалыптастыру, білім беру, сонымен қатар, бала құқықтары туралы Конвенция мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында кӛрсетілген заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау, қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.
3. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Сырдария ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ӛз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
6. Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан кӛшесі, құрылыс 1.
2. Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.
Басқарма қызметіне келесідей НҚА пайдаланылады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі;
«Білімді ұлт сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы;
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар кӛрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығы;
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына ӛзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 69 бұйрығы;
«Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын ӛткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар кӛрсететін мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығы;
"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мӛлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты ӛткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы;
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы;
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйек № 583 қаулысымен, Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы «05» қаңтардағы №176 қаулысына 3-қосымшасымен бекітілген «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.
Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бӛлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық ӛкілеттік пен нормалар анықталмады.
1) Персоналды басқару бағыты бойынша:
2022 жылы Басқарманың құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 30 штаттық бірлікті құрайды. Басқарма басшысы – 1 бірлік, орынбасарлары – 3 бірлік, бӛлім басшылары – 8 бірлік, бас мамандар – 18 бірлік. Штаттан тыс қызметкерлер – 21 бірлік. барлығы – 52 қызметкер.
Басқарма келесідей: 8 бӛлімнен тұрады:
1) мектепке дейінгі және орта білім беру бӛлімі;
2) балалар мен жасӛспірімдерді әлеуметтік қорғау бӛлімі;
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) Әкімшілік және педагогтармен жұмыс бӛлімі;
5) Экономика және қаржы, стратегиялық даму бӛлімі;
6) Тәрбие жұмыстары;
7) Бухгалтерлік есеп жүргізу бӛлімі;
8) Коммуналдық меншік және материалдық техникалық қамтамасыз ету бӛлімі.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының білім басқармасының қарамағына білім беру саласындағы функцияларды қала мен аудандар әкімдерінің қарамағына берілді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 291 заңымен Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына бірқатар ӛзгерістер енгізіліп, облыстық жергілікті атқарушы органның құзыретіне бірқатар функция қала, аудан деңгейінен алынып берілді.
2022 жылы басқармағы Мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған қызметкерлер:
Басқарма басшысының басшысы А.Қасымованың 2022 жылғы 26 қаңтардағы №03-жқ бұйрығымен Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары (D-O-2 санаты) болып қабылданды.
Басқарма басшысының басшысы А.Қасымованың 2022 жылғы 25 наурыздағы №14-жқ бұйрығымен Шабақова Гүлжайна Қалабекқызы Қызылорда облысының білім басқармасының коммуналдық меншік және материалдық техникалық қамтамасыз ету бӛлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индикс №09-4) болып қабылданды.
Басқарма басшысының басшысы А.Қасымованың 2022 жылғы 08 сәуірдегі №21-жқ бұйрығымен Мамбетов Берик Пернебаевич арнайы тексерудің нәтижелері келгенге дейін Қызылорда облысы білім басқармасының тәрбие және ӛзін-ӛзі тану жұмыстары бӛлімінің басшысы (D-
O-3 санаты) міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Облыс әкімінің 29.07.2022 жылғы №544-ӛ санды ӛкімімен Қызылорда облысының білім басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды, облыс әкімінің 19.10.2022 жылғы №578-ӛ санды ӛкімімен басқарма басшысы болып тағайындалды.
Басқарма басшысының 15.11.2022 жылғы №112-жқ бұйрығымен басқарманың балалармен жасӛспірімдерді әлеуметтік қорғау бӛлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы (негізге қызметкер бала күтіміне байланысты ақысыз демалыста) болып қабылданды.
2022 жылы басқармада Мемлекеттік әкімшілік лауазымнан босатылғандар: Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы А.Қасымованың 2022 жылғы 14 қаңтардағы №01-жқ бұйрығымен Қызылорда облысы білім басқармасының тәрбие және ӛзін-ӛзі тану бӛлімінің басшысы Тұрар Абдуқадыр Орынбасарұлы 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап ӛз ӛтініші негізінде атқарып жүрген қызметінен босатылды.
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы М. Жайымбетовтың 2022 жылғы 13 мамырдағы №480-ӛ ӛкімімен Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы 2022 жылдың 13 мамырынан бастап басқа қызметке ауысуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.
Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы А.Қасымованың 2022 жылғы 23 қазандағы №118-жқ бұйрығымен Қызылорда облысы білім басқармасының тәрбие және ӛзін-ӛзі тану бӛлімінің басшысы Мамбетов Берик Пернебаевич 2022 жылдың 23қазанынан бастап ӛз ӛтініші негізінде басқа қызметке ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
Басқарма бойынша және 2022 жылы 16 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.
Атап айтқанда:
2022 жылы Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
1. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Д.Момбектің 01.02.2022 ж. №05-жқ бұйрығына сәйкес, басқарманың мектепке дейінгі және орта білім бӛлімінің басшысы Н.Дәулеталиевке және мектепке дейінгі және орта білім бӛлімінің бас маманы З.Матжановаға ӛздерінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерімен жұмыс жасау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 44-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
2.Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ә.Ізімбетовтің 03.03.2022ж. №11-жқ бұйрығына сәйкес, басқарманың экономика және қаржы, стратегиялық даму бӛлімінің басшысы Е. Алписбаевқа ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерімен жұмыс жасау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 44-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан
Республикасының Еңбек Кодексінің 64-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
3.Басқарма басшысының міндетін атқарушы Б.Бердаулетовтің 26.05.2022 ж. №46-жқ бұйрығына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Д.Момбекке ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай жергілікті қамту үлесі туралы дәйексіз ақпарат ұсынғаны және оның тӛмендеуіне жол бергені үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 44-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 64-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Осы ретте, 2022 жылғы 28 сәуірде ӛткен Қызылорда облысы әкімі аппаратының бірыңғай тәртіптік комиссия отырысының №8 хаттамасы негізінде, басқарма басшысының 04.05.2022 жылғы № 34-жқ бұйрығымен Н.Дәулеталиевтің, З.Матжанованың, Е.Алписбаевтың «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алынған.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 27 шілдедегі №80-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін коммуналдық меншік және материалдық техникалық қамтамасыз еті бӛлімінің басшысы Н.Аймахановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 28 шілдедегі №83-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында әлеуметтік инфрақұрылым бойынша және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету барысында кемшіліктерге жол бергені үшін экономика, қаржы және стратегиялық даму бӛлімінің басшысы Е.Алписбаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 10 тамыздағы №84-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында ведомствалық бақылау жасамағаны үшін басқарма басшысының орынбасары Б.Бердаулетовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 17 тамыздағы №88-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында уақытылы берілетін хатты мерзімінен кешіктіргені үшін экономика, қаржы және стратегиялық даму бӛлімінің бас маманы Б.Нұржановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 07 қыркүйектегі №93-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол бергені үшін «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Жанназароваға, «Қазалы ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Жулекешовке, «Қармақшы ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Дуйсембаеваға, «Жаңақорған ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ибрагимовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 96-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны, құжат рәсімдеуде, мектептегі ыстықтамақ конкурсын және білім беру ұйымының шатырын қалпына келтіруде уақытылы тиісті жұмыстар жүргізбегені, ӛтініштермен жұмыс жасау қызметінде немқұрайлық танытып кемшіліктерге жол берегені үшін Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы Қ.Әмзеге «сӛгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №97-жқ бұйрығымен ӛзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамай заңбұзушылықтарға жол бергені үшін Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Е.Бодановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 17 қазандағы №98-жқ бұйрығымен ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген ҚР-ның Мемлекеттік әкімшлік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және ҚР Еңбек Кодексінің 66-бабының 5-тармағындағы тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі туралы қағидаларға сәйкес нәтижелі жұмыс кӛрсеткіштері негізінде берілген тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынған.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы №102-жқ бұйрығымен ӛзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамай ведомстволық бақылау жасамағы үшін «Қызылорда қаласы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Е.Бодановқа «сӛгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 09 қарашадағы №107-жқ бұйрығымен ӛзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамай, прокуратура ӛкілінің қатысуынсыз қарап және жауапты мерзімінен кешіктіріп беріп, кемшіліктерге жол бергені үшін Қызылорда облысының білім басқармасының коммуналдық меншік және материалдық техникалық қамтамасыз ету бӛлімінің басшысы Н.Аймахановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 09 қарашадағы №108-жқ бұйрығымен ӛзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай құжаттарды мерзімінен кешіктіріп кемшіліктерге жол бергені үшін Қызылорда облысының білім басқармасының экономика, қаржы және стратегиялық даму бӛлімінің басшысы Е.Алписбаевқа, балалар мен жасӛспірімдерді әлеуметтік қорғау бӛлімінің бас маманы Н.Жумановқа, мектепке дейінгі және орта білім бӛлімінің басшысы Н.Дәулеталиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2022 жылғы 16 қарашадағы №115-жқ бұйрығымен ӛзіне жүктелген міндеттерді орындау
барысында 2022 жылдың қарша айында қаржыға ӛзгеріс жасап қойылғанынан ведомстволық бақылау жасамағаны үшін Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы С.Жанназароваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәлімеметтерге сәйкес, басқарма қызметшілері қылмыстық жауаптылық кӛзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.
2021-2022 жылдары басқармада сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жӛніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2).Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша. Басқарманың талдау кезеңінде сыйақы алу рәсімдеріне талдау жүргізілді. Басқарма басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерден бастап штаттан тыс кызметкерлерге дейін сыйақы беріліп отырған.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алған жоқ.
3). Мемлекеттік қызметтер кӛрсету бағыты бойынша.
Қызылорда облысының білім басқармасымен тікелей 3 мемлекеттік қызметтер кӛрсетілуде.
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан ӛткізуге құжаттарды қабылдау» ;
2) Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау ;
3) Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау .
Ал, Есепті кезеңде басқармамен кӛрсетілген мемлекеттік қызметтің кезінде мемлекеттік қызмет кӛрсету мерзімдері бұзылу жағдайы орын
алмаған. Мемлекеттік қызметті алушылармен арыз-шағымдар келтірілмеген.
Сондай-ақ, басқармамен кӛрсетілген мемлекеттік қызметтер кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын алынбаған.
Кӛрсетілген қызметтерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан арыз немесе ӛтініштер түспеген.
Осы ретте, қызмет кӛрсету барысында құжаттарға және ақпараттық жүйелерде қызмет кӛрсету бойынша кемшіліктер жоқ.
Мемлекеттік қызмет кӛрсету қағидаларында кӛзделген талаптардың жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларында анықталған қайшылықтар бойынша:
Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер бойынша:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» Қағидасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген.
Академиялық демалыс – медициналық себептермен немесе басқа ерекше жағдайларда білім алушылардың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын уақытша тоқтататын кезеңі болып табылады.
Қағидаға сәйкес мемлекеттік қызмет тек қағаз нысанда, қызмет кӛрсетушінің кеңсесі немесе мемлекеттік корпорация арқылы кӛрсетіледі.
Бұл қызметті білім алушы әскерге кеткенде немесе жұқпалы аурумен (туберкулез) ұзақ мерзімге ауырған кезде қызмет алу бойынша кедергілер туындайды.
Мәселен, қызмет алушы әскерге алынған және жұқпалы, ауыр аурулармен ауырған жағдайда, оқшаулауға алыну әсерінен мемлекеттік қызметті қағаз жүзінде алуға немесе үшінші тұлғаға сенімхат беруге мүмкіндігі болмайды.
Ұсыныс:
Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдеріне «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы алуды ұсынамыз.
2. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасӛспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет кӛрсету» Қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген.
Бүгінгі күні, қызметті алу үшін қызмет алушы ӛтінішін және баланың психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның (бұдан әрі- ПМПК) қорытындысын ұсынады.
ПМПК тексеру, консультация беру және қорытынды беру түрінде кӛрсететін мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесінен дамуында проблемалары бар балалар мен жасӛспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу қызметі туындайды. Яғни, бір қызметті нәтижесінен екінші қызмет пайда болады.
Осыған байланысты, оңалту және әлеуметтік бейімдеу мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті (проактивті) алу үшін қызметті алушыға бірінші қызмет ПМПК қорытындысын бергеннен кейін SMS-хабарламалар жіберу арқылы
мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыруды ұсынамыз.
3. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін кӛрсету Қағидасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген.
Қағидаға сәйкес қызметті алушы кӛрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар тізбесін ұсынады:
1) ӛтініші (1-қосымша);
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) Медициналық анықтама;
4) Дербес деректерге қол жеткізуге келісімі (3-қосымша).
Ӛтініште ата-ана және балалары ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Алайда, бұл келісімнің ӛтініште болуына қарамастан ата-ана және балалары дербес деректерге қол жеткізуге келісімі тағы бӛлек нысанда құжат ретінде талап етіледі.
Ұсыныс:
Дербес деректерге қол жеткізуге келісімді ӛтінішке енгізіп, 3-қосымшадағы нысанды қажетті құжаттар тізбесінен алып тастауды.
Бұдан бӛлек, Стандарттың 1-қосымшадағы нысанға сәйкес ата-ана баланың қандай әлеуметтік санатқа жататындығын немесе әлеуметтік санатқа жатпайтындығы туралы ақпаратты кӛрсету кӛзделген.
Мәселен, ақылы жүргізілетін қосымша білім беру бойынша баланың әлеуметтік санатына қарай тӛлем ақыға жеңілдіктер беріледі.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының ҰББДҚ-да балалардың қай санатқа жататындығы, отбасының атаулы әлеуметтік кӛмек алатындығы, жетім балалар, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқа санат туралы мәліметтер кӛрсетілген.
Алайда, қызмет кӛрсетуші Қосымша білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге ҰББДҚ-да оқушылардың қай санатқа жататындығы жӛнінде ақпаратты тексеру қолжетімсіз.
Яғни, қызмет кӛрсетушіге ата-ана ұсынған ақпараттың шынайлығын тексеру мүмкіндігі берілмеген.
Ұсыныс: Қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ҰББДҚ контингент бӛліміне баланың әлеуметтік санатқа жататындығын анықтау үшін мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді.
Жергілікті атқарушы органның функциялардын талдау нәтижесімен жүйелі шараларды талап ететін бірнеше проблемалық мәселелерді атап ӛтуге болады.
1. ҚР Білім туралы Заңының 6-бабы 4-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Алайда, аталған функция аудандардың жергілікті атқарушы органдарының функциясы болып табылуына қарамастан облыстық білім басқармасының Ережесінде бекітілгендігі анықталды.
Қызылорда облысында 2021 жылы колледждерді 5182 бітіруші мамандық иегері атанса, оның 3732 жұмысқа орналасқан.
Осы бітірушілердің бірде-бір Облыстық білім басқармасы арқылы жұмысқа орналаспаған.
Аталған функция Басқарманың Ережесінде болғанымен, іс жүзінде Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлама басқармасымен жүзеге асырылады.
Ұсыныс:
Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу функцияны білім басқармасының Ережесінен алып тастауды.
2. ҚР Білім туралы Заңының 6-бабы 2-тармағы 19) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық кӛмек кӛрсетуге бағытталатын қаражат кӛлемінен кемінде екі пайызы мӛлшерінде осы қызметтерге бекітіледі.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті кӛрсету қағидалары ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітіген.
Кӛрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туылғанын, некеге тұруды немесе бұзуды куәландыратын құжаттарын, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы, кӛрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек алушыларға тиесілілігі туралы, мемлекеттік әлеуметтік кӛмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең тӛменгі күнкӛріс деңгейінің шамасынан тӛмен адамдардың табыстары туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы кӛрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Қызметті беруші ұсынылған құжаттарға сәйкес қызмет кӛрсету нәтижесін рәсімдейді.
Алайда, қызмет кӛрсетуші қызмет алушының жан басына шаққандағы табысын, отбасы мүшелерінің айлық табысын, жеке басын куәландыратын құжаттарды сұрату арқылып есептеп, ең тӛменгі күнкӛріс деңгейінің шамасынан тӛмен болған жағдайда қызметті тағайындайды.
Алайда, ұсынылған ақпараттардың дәйектігін тексеру, қызмет алушының әлеуметтік санатын анықтауға қызмет кӛрсетушіде (мектеп) мүмкіндігі қарастырылмаған.
Ұсыныс:
Оқушының (қызмет алушының) әлеуметтік санатын анықтау үшін Әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесімен білім саласындағы ҰББДҚ ақпарттық жүйесін интеграциялауды;
Тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек тағайындау
мемлекеттік қызмет кӛрсету нәтижесі бергеннен кейін SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті проактивті формат арқылы кӛрсету.
3. ҚР Білім туралы Заңының 6-бабы 2-тармағы 4-2) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсе, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бӛлімдері Облыстың білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы тӛлеу мӛлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» Әдістемесіне сәйкес облыс әкімінің қаулысының жобасын облыстық білім басқармасы жыл сайын әзірлейді.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мӛлшерін әзірлеу барысында облыстық білім басқармасы бір тәрбиеленушіге 1 айда жұмсалатын шығынын есептеу формуласы бойынша әр аймаққа есептеп, Қаулыны бекітуді ұсынады.
Алайда, талдау барысында Қызылорда облысында 2022 жылға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бойынша Қаулы ағымдағы жылдың қаңтар айында қабылданудың орнына, қыркүйек айында ғана бекітілгендігі анықталды.
Білім басқармасының ұсынған ақпаратына сәйкес аталған процедураның созылуына Қаулы жобасына облыстық басқармалардың барлығынан келісім алуы және Қаулының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден ұзақ ӛтуі себеп болған.
Ұсыныс:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру есебін облыстардың, аудандардың ресми статистикалық кӛрсеткішіне сәйкес министрліктің бұйрығымен бекітуді.
4. ҚР Білім туралы Заңының 6-бабы 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын кӛлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және
оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету Қағидаларына сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері сатып алу бірнеше кезеннен тұрады.
1-кезен, білім беру ұйымдары жыл сайын 25 мамырға дейін жергілікті атқарушы органға оқулықтар мен ОӘК ӛтінім береді береді.
2-кезен, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 қыркүйекке дейін оқулықтарды сатып алуға, ӛтінімді қалыптастырады.
3-кезен, баспалар жыл сайын қазан айында Министрлікке оқулықтар мен ОӘК-нің бағдарлы бағасын жолдайды.
4-кезен, баспалар жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей ӛз ұйымдарының сайтында оқулықтар мен ОӘК-ді сатып алуға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік ӛтінімдерін қалыптастыру үшін алдын ала прайс-парағын орналастырады.
5-кезен, оқулықтардың тізбесін жыл сайын 28 наурызға дейін бекітеді және оны білім беру ұйымдары мен баспалардың танысуы үшін Министрліктің сайтында орналастырады.
6-кезен, тізбе бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспалардың сайтында Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК-дің прайс-парағы орналастырылады.
7-кезен, білім беру ұйымдары 5 сәуірге дейін алдағы оқу жылына оқулықтар мен ОӘК таңдауды жүзеге асырады және ӛтінімдер толтырады.
8-кезен, білім беру ұйымдарының таңдау негізінде 10 сәуірге дейін Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰББДҚ) арқылы оқулықтарды сатып алуға ӛтінімдер толтырады.
9-кезен, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 15 сәуірге дейін ҰББДҚ-ға білім беру ұйымдары енгізген ӛтінімдер негізінде баспаға оқулықтарды сатып алуға ӛтінім жібереді.
10-кезен, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 25 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының ӛтінімдері негізінде оқулықтарды басып шығаруды жүзеге асыратын баспалармен бір кӛзден шарттар жасайды.
11-кезен, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 сәуірге дейін оқулықтарды жеткізу бойынша (доставка) мемлекеттік сатып алу шартын жасайды.
12-кезен, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтарды сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады.
13-кезен, жергілікті атқарушы органдар 10 тамызға дейін білім беру ұйымдарының ӛтініміне сәйкес оқулықтарды бӛлуді жүзеге асырады.
Алайда, жоғарыда заңнама талаптарына сәйкес оқулықпен қамтамасыз етуді 1 тамызға дейін аяқтау кӛзделсе, Қағида талаптарына сәйкес оқулық білім беру ұйымдарына тек 10 тамызда ғана жеткізіледі.
Бұған қоса, оқулықтардың тізбесі Министрліктің сайтында жыл сайын 28 наурызға дейін орналастыруын, ол бойынша бес жұмыс күні ішінде баспалардың сайтында Тізбеге енгізілген оқулықтардың прайс-парағы орналастырылатындығын ескеретін болсақ, білім беру ұйымдары 5 сәуірге дейін оқулықты таңдауға үлгірмейтіндігі анықталып отыр.
Мәселен, 2022 жылғы 28 наурызда оқулықтардың тізбесі Министрлікпен бекіткеннен кейін 5 жұмыс күнде (04.04.2022 ж.) баспалар
прайс-парағын ұсынады. Білім беру ұйымдарына қысқа уақытта ӛтінімді рәсімдеуге тура келеді.
Ұсыныс:
Министрліктің оқулықтардың тізбесін бекіту мерзімін 28 наурыздан 10 наурызға дейін қысқарту арқылы, білім беру ұйымдарына оқулық тандау мүмкіндігін жасауды.
5. Білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босату.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес Білім беру саласындағы уәкілетті органмен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Облыстық атқарушы органбілім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тӛрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 8-тармағына сәйкес Денешынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жетекшілік ететін салалық министрліктермен келісудің кезеңін қамтиды.
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Білім басқармасының, білім бӛлімдерінің бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесуінің алдында конкурсқа қатысушыларды министрлікпен келіседі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды түрдегі кӛшірмелерін жолдайды.
Министрлік үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен сұхбат жүргізеді. Нәтижесі екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жолданады.
Дегенмен, теріс нәтижесі бар кандидаттарды әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Мысалы ағымдағы жылы білім бӛлімі басшысының бос орын лауазымына конкурс жарияланған болатын.
Конкурсқа бӛлімдегі білікті және тәжірибелі маман қатысып құжаттары министрлікке жолданған. Министрлік тарапынан теріс нәтижесі бар қорытынды берілген.
Алайда, министрліктен теріс нәтижесі бар қорытынды алған кандидат конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жіберіліп, оң нәтижемен басқарма ӛз құзыреті шегінде білім бӛлімінің бірінші басшылық лауазымына тағайындады.
Ұсыныс: Министрліктен теріс қорытынды алған кандидаттың облыстың білім басқармасының басшысын әкімдік ӛкімімен, сондай-ақ білім бӛлімдерінің басшыларын облыстық білім басқармасының бұйрығымен лауазымға тағайындау құзыреті берілгендіктен министрліктен келісім алу жұмыстары тиімсіз екендігін ескере отырып, ҚР Білім туралы Заңының 5-бабы 46-22) тармақшасын, 6-бабы 2-тармағының 22) тармақшасын, 6-1-бабы 2-тармағын алып тастауды және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тӛрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 8-тармағындағы білім саласындағы бірінші басшыларын уәкілетті органмен келісу мәселесін алып тастауды.
6. Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын басқа елді мекенде орналасқан білім беру ұйымы басшысының лауазымына ауыстыру.
Ауылдық елді мекендердің басым кӛпшілігінде бала санына орай бір ғана білім беру ұйымы (мектеп) орналасқан.
Ал, осы білім беру ұйымдарының (мектептің) басым кӛпшілігінде 15-20 жылдан аса басқарған басшылар бар.
ҚР БҒМ-нің 11.11.2021 жылғы №559 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес бірінші басшыларды ротациялау тек бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.
Бұйрыққа сәйкес бір елді мекен шегінде орналасқан мектеп басшылары басқа елді мекендегі мектепке ротациялауға жатпайды.
Мекемені ұзақ жылдар басқару адамның бастамашыл идеясы мен жұмысқа деген ынтасын тӛмендетеді. Сәйкесінше, басшыларды ротациялау сала дамуына тың серпін береді. Бұл ӛз кезегінде қосымша конкурстық процедуралар ӛткізбей, ұйым басшысын тағайындауға мүмкіндік жасалады.
Ұсыныс:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті ӛзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделетіндігі белгіленген.
Осы ретте, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57
бұйрығын аталған Кодекс талаптарына сәйкестендіру арқылы білім беру ұйымдарының ұзақ жылдар басқарған басшыларын ауыстыру нормасын енгізуді.
7. Оқушылардың мектептен мектепке ауысу.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 10-тармағына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет стандартына сәйкес каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы жүзеге асырылады делінген.
Яғни, қолданыстағы норма бойынша оқушылардың мектептен мектепке ауысуы оқу күндерінде басқа елді мекенге кӛшкен жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Бір қаланың ішінде бірнеше мӛлтек аудан орналасқан. Ата-аналар кӛші-қону оқу күндерінде де жүзеге асырыла береді (түрлі әлеуметтік, отбасылық мәселелерге байланысты).
Сол себепті оқушылар кӛшіп барған жеріндегі мектепке қабылдана алмай, шалғай мӛлтек ауданда орналасқан мектепке қатынап оқуға мәжбүр болуда. Бұл ӛз кезегінде қосымша қаржыны талап етеді, оқушылардың жол қауіпсіздігі де басты мәселеге айналып отыр.
Мәселен, оқушының ата-анасы қала орталығынан шеткі мӛлтек аудандарға отбасылық, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларға байланысты қоныс аударады.
Бірақ, оқу кезінде ауыса алмай, каникул уақытын күтуге мәжбүр болады.
Ұсыныс: Мәселенің маңыздылығын ескеріп, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 10-тармағына ӛзгерістер енгізуді.
8. Білім беру ұйымдарында жұмысқа орналасу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығының 3-тарау. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
1-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор, меңгерушісі) 48-тармағында кӛрсетілген Біліктілікке қойылатын талаптар:
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-кӛшбасшы" біліктілік санатының болуы-деп кӛрсетілген, Алайда орысша нұсқасында:
48. Требования к квалификации: и (или) наличие первой или высшей квалификационной категории педагога, или квалификационной категории педагога – эксперта или педагога – исследователя, или педагога – мастера; либо наличие квалификационной категории "заместитель руководителя третьей квалификационной категории" или "заместитель руководителя второй квалификационной категории", или "заместитель руководителя первой квалификационной категории" организации образования либо квалификационной категории "руководитель-организатор" или "руководитель-менеджер", или "руководитель-лидер";
Яғни, аталған бұйрықтың орысша нұсқасында жазылған бірінші санаты бойынша қазақша нұсқасында кӛрсетілмеген.бұл ӛз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруға жол беруі мүмкін.
Ұсыныс: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне аталған нормативтік құқықтық актінің 48-тармағына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс жолдау.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес білім беру ұйымдарында мұғалімдердің жұмысқа орналасса, техникалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Заңына заң бойынша жұмысқа тұрады.
Білім беру ұйымдарында жарияланған бос лауазым конкурсына www.enbek.kz веб сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңының 8-бабының 3 тармағында:
16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;
Конкурсты ұйымдастыру келесі кезеңдерді қамтитын болады.
1) Конкурсты ӛткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
2) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және/немесе әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс ӛткізу туралы хабарландыру жариялау;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттар қабылдау, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу;
4) Конкурс үміткерлері құжаттарының педагогтерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
Үміткерлер жинаған балл саны бірдей болған жағдайда әңгімелесу жүргізіледі. Үміткерлермен әңгімелесу конкурс комиссиясының отырысында ӛткізіледі.
Сонымен қатар, барлық конкурсқа қатысушы үміткерлердің диплом, сертификаттар мен соттылығы бойынша ақпарттарды конкурсқа қажетті құжаттар тізіліміне енгізу қажеттігі туындауда.
Мысалы, Қызылорда облыстық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына жүргізген зерделеу жұмыстары нәтижесінде білім беру ұйымдарына жалған диплом, сертификаттар мен соттылығы бар педагогтар мен техникалық персоналдардың жұмысқа орналасуының алдын алу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 112 факті бойынша құзырлы органдарға анықталған ақпараттар ұсынылған.
Осы ретте, жоғары білімі жӛнінде жалған диплом ұсынған педагог қызметкерлер жұмыстан босатылды, анықталған педагогтер ішінде арнаулы білімі бар бойынша педагогтер алынған үстеме ақыларын қайтару үшін ӛз қызметтерін жалғастыруда.
Сыбайлас жемқорлық тауекелдерін болдырмау мақсатында білім басқармасымен жүргізілген ішкі талдау барысында біліктілік санатын алу кезінде біліктілік тестілеудің жалған анықтамасын ұсыну жағдайлары анықталып, аталған факті құзырлы органдарға беріліп біліктілік санатына қосылған үстеме қаражаты қайтарылды.
Ұсыныс: Конкурсты ұйымдастыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында:
Жұмыс беруші мен үміткердің арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін, үміткерлердің барлық құжаттарын электрондық нысанда www.enbek.kz веб порталы арқылы конкурсқа хабарлама жарияланған сәттен бастап үміркерлер жайлы ақпараттардың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету;
10. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет стандарты «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады деп бекітілгенмен: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталында кӛрсетілетін қызмет атауы «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар
қабылдау»-деп ӛзгеріссіз тұрғандықтан бұл ӛз кезегінде тәуекелдікке ықпал жасауы мүмкін.
Ұсыныс: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына кӛрсетілетін қызмет атауына базаға ӛзгеріс енгізуге ұсыныс беру;
Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштеріне байланысты: Басқарманың жеке қабылдау кестесі Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс кӛшесі, құрылыс №1 мекен жайында орналасқан Облыс әкімдігі ғимаратының 1 қабатында кӛпшілікке кӛрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі басқарманың қабылдау бӛлімінде орналасқан.
2022 жылдың 01 сәуірінен - 1 желтоқсанына дейін басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 836 ӛтініш келіп түскен. Талдау нәтижесімен есепті кезеңде келіп түскен ӛтініштердің 836, олардың 382 ӛтініші бойынша заңнама талаптарына арыз иелеріне жазбаша жауап берілсе, 10 ӛтініш мерзімі бар ӛтініштер қаралу үстінде, 304 ӛтініш қарау реттілігімен құзырлы мемлекеттік органдарға жолданды.
2022 жылдар аралығында жеке қабылдау онлайын және офлайын түрінде жүргізіліп отырды. Заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ӛтініштердің қарау мерзімі күнтізбелік 15 күнге қойылып орындаушыға ұсынылады. Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР-ның 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне» сәйкес жауаптар берілуін, ӛтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талдау жасалуда. Талдау барысында мерзімі кешігіп орындалғандар анықталмаған.
Ұсыныс:
1. Білім саласы бойынша Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР-ның 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне» сәйкес мекеме қызметкерлеріне құқықтық оқытулар ӛткізу жауаптар берілуін, ӛтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында ай сайын талдау жасап, нәтижесі бойынша басқармаға әр айдың 5 не жолдау;
2. Заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ӛтініштердің қарау мерзімі бойыншакүнтізбелік 15 күнге қойылып орындаушыға ұсынылады.
Басқарманың құрылымдық бӛлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Қызылорда облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарына жалған диплом, сертификаттармен соттылығы бар педагогтар мен техникалық персоналдардың жұмысқа орналасуының алдын алу бойынша ішкі талдау
негізінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 112 факті бойынша құзырлы органдарға ұсынылып, тиісті органдар тарапынан қылмыстық іс жүргізу жұмыстары басталды.
Сыбайлас жемқорлық тауекелдерін болдырмау мақсатында басқармамен жүргізілген ішкі талдау барысында біліктілік санатын алу кезінде біліктілік тестілеудің жалған анықтамасын ұсыну жағдайлары анықталып, аталған факті құзырлы органдарға беріліп біліктілік санатына қосылған үстеме қаражаты қайтарылды.
Ұсыныс: Педагогтердің біліктілік санатын алу үшін жинақтаған портфолио құжатында оқушылар немесе педагог бойынша түрлі олимпиада, жарыстарға қатысу нәтижесі бойынша ақпараттарды жинақтайтын НҚА әзірлеу бойынша тиісті министрліктерге ұсыныс хат жолдау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау барысында педагог немесе техникалық қызметкерлер бойынша ақпарат алуға сұраныс жолдау үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына соттылығы бойынша анықтайтын ақпараттық жүйесін барлық білім беру ұйымдарына енгізуге ұсыныс хат жолдау;
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізілген Ішкі талдау жұмыстары бойынша:
2022-2023 оқу жылына студенттерді қабылдау, ұлттық біріңғай деректер қорына, электронды платформаға тиісті мәліметтерді енгізу, штат бірлігі, жан басына шаққанда қаржыландыру мәселесі бойынша қаржының жетіспеуіне байланысты ағымдағы жылдың 3-15 қазан аралығында аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыспен кадрлар даярлайтын әрбір оқу орнына ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде колледждер бойынша оқуға қабылдау барысында бірнеше жоғары оқу орындарын, колледждерді мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуын аяқтағандарды колледжге 9-11 сыныптан мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдаған. Ұлттық біріңғай деректер қорына және «college.snation.kz» электронды платформасына тиісті ақпараттарды атап айтқанда оқу жылында жаңадан ашылған оқу топтар, оқу бағдарламалары, оқу жұмыс жоспарлары, сабақ кестелері енгізілмеген.Студенттердің сабаққа қатысуы кӛрсеткіші тӛмен, инженер-педагогтардың дәріске (аудиторияға) дайындықсыз кіруі (күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары бекітілмеген, кейбіреуінде мүлдем жоқ) сияқты кемшіліктер мен жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша штат бірлігі, оның ішінде ағымдағы жылға қаржының жетіспеуі сияқты маңызды мәселелер анықталды.
Атап айтқанда: Аудандар бойынша:
Арал кӛпсалалы колледжі:2022-2023 оқу жылындағы студенттер саны – 355. Оның ішінде 11 әскер қатарына шақырылғандар. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатқан – 344 студент. 1 курс – 81 студент, 2 курс – 136 студент, 3 курс - 115 студент, 4 курс - 23 студент «Еңбек»
бағдарламасы бойынша білім алуда. Колледж бойынша 23 студент дуальды оқыту жүйесіне енгізілген. Шәкірт ақы алатын 303 студент, жалпы 344 білім алушының 88,1 пайыз. Қызметкерлер саны – 80, оның ішінде 52 педагог.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 81 студент оқуға қабылданған. Бұрын мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орнын немесе колледжді бітіріп оқуға қабылданғандар жоқ.
Барлығы мектептің 9-11 сынып бітірушілері.
Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 2-3 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны белгілі болды.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында колледждің «College. smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі толық енгізілмеген.2020 жылы колледждің оқу ғимараты мен оқу-ӛндірістік шеберханаларына 696,0 млн. теңгеге күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілген. Студенттер 75 орынды жатақханамен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі табиғи газға қосылған.
Арал индустриалды-техникалық колледжі:
Жалпы студенттер контингенті – 255. 1 курс – 85 студент, 2 курс -102 студент, 3 курс - 69 студент. Дуалды оқыту бойынша - 165 студент білім алуда. Студенттердің – 227 шәкірт ақы алады, үлгерім – 89,0 пайыз. Оқу орнында 101 қызметкер жұмыс жасайды, олардың – 54 педагог.
«College.smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі толық енгізілмеген, студенттердің білімін бағалау дұрыс жүргізілмеген.
Сонымен қатар, талапкерлерден құжат қабылдау барысында бұрын мемлекеттік тапсырыспен колледж бітірген атап айтқанда Ақтӛбе құрылыс колледжін, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжін, Болашақ жоғары колледжін, Қызылорда қызмет кӛрсету және сервис колледжін бітірген 4 студент оқуға қабылдаған. Колледж директорының 28 қыркүйектегі № 46 бұйрығымен 4 студент оқудан шығарған. Кемшіліктерді жіберген қабылдау комиссиясының жұмысына жауапты директордың орынбасары Б.Жиеналиевке «сӛгіс» түріндегі, техникалық-хатшы Н.Тӛлековаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілген.
Оқу орнына «Жас маман» жобасы бойынша 260,0 млн. теңге қаржы бӛлініп, екі мамандықтың оқу ӛндірістік шеберханалары мен зертханалары заманауи құралдармен жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газға қосылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 75 орынды жатақхана құрысы басталған. 2020 жылы колледждің оқу ғимаратына 212,0 млн. теңгеге күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілген.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі: Ұлттық біріңғай деректор қоры бойынша жалпы контингент – 457 студент. Әскер қатарына шақырылғаны – 4 студент. 1 курс – 128 студент, 2 курс – 113 студент, 3 курс – 128 студент, 4 курс – 83 студент.
Еңбек бағдарламасы бойынша 87 студент білім алуда. Колледже 167 студент дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.
Оқу орнында 386 студент шәкірт ақы алады, жалпы студенттердің 85,2 пайыз (студенттердің білім сапасы, оқу үлгерімі).
Колледжде 118 қызметкер оның – 66 педагог. Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 128 студент оқуға қабылданған.
Талапкерлерді оқуға қабылдау барысында бұрын 2 колледж бітірген 1 студент қабылданып, оқудан шығарылған. Кемшіліктерге жол берген директордың оқу-тәрбие жұмыстары жӛніндегі орынбасары Г.Жаналиеваға колледж директорының 2022 жылғы 4 қазандағы №156 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілген.
ҰБДҚ-на тиісті ақпараттар енгізілген. Педагогтар электронды платформамен жұмыс жасауда.
2020 жылы «Жас маман» жобасы бойынша 323,0 млн. теңге қаржыға 2 мамандықтың оқу-ӛндірістік шеберханалары жабдықталған. Жылы жүйесі сұйық отынмен жылытылады. Жатақхана құрылысы үшін 10 соттық жер телімі әзірленіп, 2021 жылы кәсіпорын меншігіне берілген. Бүгінгі күнге дейін жатақхана құрылысы басталмаған.
Қазалы кӛлік-техникалық колледжі:
Оқу жылындағы студент саны – 459. 5 - студент әскер қатарына алынған.1 курс – 127 студент, 2 курс - 123 студент, 3 курс - 105 студент, 4 курс – 99 студент. Дуалды бағдарламасы бойынша - 87 студент білім алуда. Студенттердің – 404 шәкірт ақы алады, үлгерім – 88,0 пайыз. Оқу орнында 153 қызметкер жұмыс жасайды, олардың – 83 педагог.
Оқуға құжат қабылдау кезінде бұрын мемлекеттік тапсырыспен колледж бітірген атап айтқанда М.Тынышпаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникация академиясын, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжін, Қазалы кӛлік-техникалық жоғары колледжін бітірген 5 студент қабылдаған. Колледж директорының 3 қазандағы №59к бұйрығымен 5 студент оқудан шығарған. Кемшіліктерге жол берген қабылдау комиссиясының жұмысына жауапты қызметкерлерге атап айтқанда директордың оқу-ӛндірістік жӛніндегі орынбасары А.Ахметоваға, оқу-ісі жӛніндегі орынбасары С.Нұралыға, тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары Г.Күзембаеваға директордың 2022 жылғы 4 қазандағы №128жқ бұйрығымен «сӛгіс» түріндегі тәртіптік жазасы берілген.
2021 жылы «Жас маман» жобасы бойынша 320,0 млн. теңге қаржы бӛлініп, 3 мамандықтың оқу ӛндірістік шеберханалары қажетті құралдармен жабдықталған. Жылу жүйесі орталықтандырылған жүйеге қосылған. Студенттер үшін 150 орынды жатақхана бар. Колледждің оқу ғимараты, оқу-ӛндірістік шеберханалары мен жатақханасына күрделі жӛндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жоба сметалық құжаттары әзірленген, бюджеттік ӛтінім берілген.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі:
Колледждегі студенттер контингенті – 224. Оның ішінде 1 студент әскер қатарына шақырылған. 1 курс – 98 студент, 2 курс – 43 студент, 3 курс - 42 студент, Оқу орны бойынша 42 студент дуальды оқыту жүйесінде білім алуда. Шәкірт ақы алатын 184 студент, 82,1 пайыз. Қызметкерлер саны – 69, оның ішінде 45 педагог.Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 3-4 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны белгілі болды.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында колледждің «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті ақпараттар енгізілген. Талапкерлерді оқуға қабылдау кезінде бұрын мемлекеттік тапсырыспен жоғары оқу орындары мен колледж бітірген атап айтқанда Қазақ ұлттық аграрлы университетін, А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін, «Болашақ» университетін, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары мен Қызылорда қаласындағы және аудандардағы бірнеше колледждерді бітірген 17 студент оқуға қабылданған.Колледж директорының 4 қазандағы № 60-к бұйрығымен 17 студент оқудан шығарған. Қабылдау комиссиясының жұмысына жауапты қызметкерлер директордың оқу-ӛндірістік жӛніндегі орынбасары Ж.Сейталиевке, арнаулы пән оқытушылары Қ.Тұрсынбаевқа, Н.Ілиясбекке директордың 2022 жылғы 5 қазандағы №263 бұйрығымен «сӛгіс» тәртіптік жазасы берілген.
Студенттер 150 орынды жатақханамен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі қатты отынмен жылытылады, отын қоры бар.
2021 жылы «Жас маман» жобасы бойынша 106,0 млн. теңге қаржы бӛлініп, 1 мамандықтың оқу ӛндірістік шеберханасы жабдықталған.
Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжі:
Студенттер саны – 294. Әскер қатарына шақырылғандары – 16 студент. 1 курс – 94 студент, 2 курс - 93 студент, 3 курс – 91 студент. Дуалды оқыту жүйесі бойынша - 24 студент білім алуда. Студенттердің – 255 шәкірт ақы алады, үлгерім – 86,7 пайыз. Оқу орнында 79 қызметкер жұмыс жасайды, олардың – 49 педагог.
«College. smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі, сабақ жоспары толық енгізілмеген, студенттердің білімін бағалау дұрыс жүргізілмеген. Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, 2-3 курстарда 1 топта 2-3 студент денсаулығына байланысты қатыса алмайтыны анықталды.
Оқуға құжат қабылдау барысында бұрын мемлекеттік тапсырыспен оқу орнын бітірген 6 студенттің оқуға қабылданғаны анықталып, колледж директорының 2022 жылғы 1 қазандағы №02-1/74 бұйрығымен 6 студент оқудан шығарған.
Қабылдау комиссиясының жұмысына жауапты қызметкер А.Қоңыратбайға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілген.
«Жас маман» жобасы бойынша 2021 жылы бӛлінген 439,0 млн. теңге қаржыға 2 мамандықтың оқу ӛндірістік шеберханалары мен зертханалары қажетті құралдар мен техникалар алынған. Жылу жүйесі қатты отынмен жылытылады, 210,0 тонна кӛмір қоры бар. Қосалқы шаруашылық ретінде жылы жай жұмыс жасауда. Студенттер үшін 50 орынды жатақхана бар.
Сырдария аграрлы-техникалық колледжі:
Оқу жылындағы студент саны – 164. Әскер қатарына – 3 студент шақырылған. 1 курс – 49 студент, 2 курс - 54 студент, 3 курс - 51 студент, 4 курс – 21 студент. Студенттердің – 129 шәкірт ақы алады, үлгерім – 78,6 пайыз. Оқу орнында 65 қызметкер жұмыс жасайды, олардың – 36 педагог.
«College.smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі, оқу
бағдарламалары мен оқу жоспарлары толық енгізілмеген, студенттердің білімін бағалау дұрыс жүргізілмеген.
Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыспен 49 студент оқуға қабылданған. Бұрын жоғары оқу орнын немесе колледжді бітіріп оқуға қабылданғандар жоқ. Барлығы мектептің 9-11 сынып бітірушілері.
Жылу жүйесі қатты отынмен жылытылады, 110,0 тонна кӛмір қоры бар. Студенттер үшін 50 орынды жатақхана жұмыс жасайды.
Шиелі индустриалды-аграрлы коолледжі:Жалпы студенттер саны – 406. Оның ішінде 7 әскер қатарына шақырылғандар. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатқан – 399 студент. 1 курс – 119 студент, 2 курс – 120 студент, 3 курс - 137 студент, 4 курс - 23 студент Колледж бойынша 64 студент дуальды оқыту жүйесіне енгізілген. Шәкірт ақы алатын 359 студент, жалпы 399 білім алушының 89,9 пайыз. Қызметкерлер саны – 121, оның ішінде 72 педагог.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 119 студент оқуға қабылданған. Бұрын жоғары оқу орнын немесе колледжді бітіріп оқуға қабылданғандар жоқ. Барлығы мектептің 9-11 сынып бітірушілері.Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 2-3 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны анықталды.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында колледждің «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген. 2020 жылы «Жас маман» жобасы бойынша 323,0 млн. теңге қаржыға 2 мамандықтың оқу-ӛндірістік шеберханалары қажетті құрылғылармен жабдықталды. Студенттер 150 орынды жатақханамен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі табиғи газға қосылған.
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі:
Оқу жылындағы контингент – 492. Оның ішінде 2 әскер қатарына шақырылғандар. Мемлекеттік тапсырыспен білім алып жатқан – 490 студент. 1 курс – 119 студент, 2 курс – 150 студент, 3 курс - 196 студент, 4 курс - 25 студент Колледж бойынша 153 студент дуальды оқыту жүйесіне енгізілген.
Шәкірт ақы алатын 463 студент, 490 білім алушының 94,4 пайыз. Студенттердің оқу үлгерімінің кӛрсеткіші ӛте жоғары. Қызметкерлер саны – 150, оның ішінде 102 педагог.
Құжат қабылдау барысында бұрын мемлекеттік тапсырыспен оқу орнын бітірген 1 студент оқуға қабылданғаны анықталып, колледж директорының 2022 жылғы 3 қазандағы №39-к бұйрығымен оқудан шығарған. Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Ж.Шегенбаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілген.
Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 2-3 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны анықталды.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында колледждің «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
«Жас маман» жобасы бойынша 2021 жылы бӛлінген 320,0 млн. теңге қаржыға 2 мамандықтың оқу-ӛндірістік шеберханалары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Студенттер 150 орынды жатақханамен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі табиғи газға қосылған. 2020 жылы колледждің оқу ғимараты мен оқу-ӛндірістік шеберханалары және жатақханасына 500,0 млн. теңгеге күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілген.
Қызылорда қаласы бойынша:М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде ұлттық біріңғай деректор қоры бойынша жалпы контингент – 423 студент. 1 курс – 123 студент (ЗК-169/5 мекемесі-30 студент), 2 курс – 158 студент, 3 курс – 117 студент, 4 курс – 20 студент. Еңбек бағдарламасы бойынша 39 студент білім алуда. Колледже 78 студент дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.
Оқу орнында 405 студент шәкірт ақы алады, жалпы студенттердің 96,6 пайыз (студенттердің білім сапасы, оқу үлгерімі өте жоғары). 2020 жылы 2 желтоқсанда Сәбит Бекзат, 2021 жылы 25 мамырда Жеңіс Ерасыл әскер қатарына шықырылған. Бұйрық рәсімделгенімен, ұлттық біріңғай деректер қорынан осы уақытқа дейін есептен шығарылмаған.
Колледжде ҰБДҚ-на мамандықтар қате толтырылған. Студенттердің сабаққа қатысуы нашар. Бір топта 5-6 студент сабаққа себепсіз қатыспайды. Ауырып жатыр дегенмен, дәлелдейтін құжаттары жоқ. Инженер-педагогтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары бекітілмеген, бірақ педагогтар аудиторияға кіріп дәріс беріп жатыр. «College.smartnation.kz» электронды платформасы жұмыс жасамайды. Педагогтардың оқу процесін жүргізуге ешқандай мүмкіндік жасалмаған. 2020 жылы «Жас маман» жобасымен 323,0 млн. теңге қаржыға 3 мамандық бойынша қажетті құралдар мен техникалар алынды. Жылу жүйесі табиғи газға қосылған.
С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі:
Колледжде 472 студент білім алуда. 2022-2023 оқу жылында 9 сыныптан кейін - 126, 11 сыныптан кейін – 66 студент, жалпы - 192 студент 1 курсқа қабылданған. Оның ішінде Қызылорда облыстық қылмыстық атқару департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын ӛтеушілерге кәсіптік білім беру мақсатында 30 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жүргізген. Колледж бойынша 107 студент дуальды оқыту жүйесіне енгізілген. Шәкірт ақы алатын 400 студент, жалпы 472 білім алушының 84,7 пайыз. Қызметкерлер саны – 98, оның ішінде 69 педагог.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша ағымдағы жылы оқуға қабылданған 192 студенттің арасында бұрын жоғары оқу орнын немесе колледжді бітіріп оқуға қабылданғандар жоқ. Барлығы мектептің 9-11 сынып бітірушілері.Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 2-3 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны белгілі болды.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында колледждің «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
2021 жылы конкурс негізінде «Шакенова» жеке кәсіпкер оқу орнын сенімгерлік басқаруға алған. Келісім-шарт бойынша колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,0 млрд. теңге қаржы салу міндеттелген. 2022 жылы қыркүйек айында колледждің оқу ғимаратына қосымша құрылыстар жүргізу арқылы күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйесі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.
Қазіргі таңда, кадрлар даярланатын мамандықтар бойынша қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жүзеге асырылуда.
Қызылорда қызмет кӛрсету және сервис колледжі:Колледждегі жалпы студенттер саны – 392. 1 курс – 174 студент, 2 курс – 83 студент, 3 курс - 135 студент, 71 студент дуальды оқыту жүйесіне енгізілген. Шәкірт ақы алатын 275 студент, 392 білім алушының 70,1 пайыз. Қызметкерлер саны – 96, оның ішінде 60 педагог.Қызылорда облыстық қылмыстық атқару департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын ӛтеушілерге кәсіптік білім беру мақсатында 60 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жүргізген.Талапкерлерден құжат қабылдау барысында бұрын мемлекеттік тапсырыспен оқу орнын бітірген 2 студент оқуға қабылданғаны анықталып, колледж директорының 2022 жылғы 11 қазандағы № 129-к бұйрығымен оқудан шығарылған. Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары Ж.Жунусоваға, А.Жаңабекұлына директордың 2022 жылғы 11 қазандағы № 228-к бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілген. Студенттердің сабаққа қатысуы 1 курс бойынша жақсы, жоғары курстарда әр топ бойынша 2-3 білім алушының денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмағаны анықталды.«College.smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары толық енгізілмеген, студенттердің білімін бағалау дұрыс жүргізілмеген.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі:2022-2023 оқу жылындағы студенттер саны – 2440. Күндізгі бӛлімде 1504 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 200 студент.1 курсқа мемлекеттік тапсырыс негізінде 9 сыныптан – 424 студент, 11 сыныптан – 35 студент, барлығы – 459 студент оқуға қабылданды. Шәкірт ақы алатын – 1200 (200 студент Еңбек) студент, 1504 білім алушының 79,7 пайызы. Қызметкерлер саны – 269, оның ішінде 208 педагог. Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 1-2 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны анықталды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер толық (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.Педагогтардың платформа арқылы жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктер жасалған. Студенттер үшін 300 орынды жатақхана жұмыс жасайды. Жылу жүйелі орталықтандырылған. 2020 жылы оқу орнына 300,0 млн теңгеге күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілген.
Қызылорда медицина жоғары колледжі:
Жалпы студент контингенті – 2617. Күндізгі бӛлім мемлекеттік тапсырыс бойынша 1169 студент білім алуда. Әскер қатарына шақырылғаны – 1 студент. 1 курс – 1072 студент, 2 курс – 763 студент, 3 курс – 554, 4 курс - 224 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 188 студент енгізілген. Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 1-2 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны анықталды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер толық (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Студенттер үшін «ДилМаш» ЖШС-нің 330 орынды жатақханасы жұмыс жасайды. Жылу жүйелі орталықтандырылған.
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі: Колледжде 324 студент білім алуда. Оқу жылында 9 сыныптан кейін - 87, 11 сыныптан кейін – 9 студент, жалпы - 96 студент 1 курсқа қабылданған. 2 курста – 75 студент, 3 курста – 85 студент, 4 курста – 68 студент оқуда. Қызметкерлер саны – 197, оның ішінде – 151 педагог. Оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Студенттер үшін 100 орынды жатақхана жұмыс жасайды. Жылу жүйелі орталықтандырылған. Оқу орын ғимаратына күрделі жӛндеу жұмыстарын жүргізуді қажет. Жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік ӛтінім берілген.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі:Ұлттық біріңғай деректор қоры бойынша жалпы контингент – 1693 студент. Әскер қатарына шақырылғаны – 27 студент. 1 курс – 597 студент, 2 курс – 389 студент, 3 курс – 406 студент, 4 курс – 271 студент. Еңбек бағдарламасы бойынша 150 студент білім алуда. Дуальды оқыту жүйесіне 122 студент енгізілген.Колледжде 260 қызметкер оның – 190 педагог. Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 462 студент оқуға қабылданған.Талапкерлерді оқуға қабылдау барысында бұрын колледж бітірген 1 студент қабылданып, директордың 2022 жылғы 12 қазандағы № 304 о/т бұйрығымен оқудан шығарылған. ҰБДҚ-на тиісті ақпараттар, «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген. Педагогтар электронды платформамен жұмыс жасауда.
2020 жылы «Жас маман» жобасы бойынша 323,0 млн. теңге қаржыға 4 мамандықтың оқу-ӛндірістік шеберханалары жабдықталған. Құзыреттілік орталығы ашылып жұмыс жасауда. 2020 жылы колледждің оқу ғимаратына 312,0 млн. теңгеге күрделі жӛндеу жұмыстары жүргізілген. Студенттер үшін 150 орынды жатақхана жұмыс жасайды.
«Орда» жоғары колледж:Оқу жылындағы студент саны – 1786. 1 курс – 574 студент, 2 курс – 545 студент, 3 курс – 376, 4 курс - 291 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 100 студент енгізілген. «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 131 студент білім алуда. 911 ақылы негізде оқитындар. 875 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер. Шәкірт ақы алатын – 725 студент, 875 білім алушының 82,8 пайызы. Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны анықталды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер толық (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Қызылорда жоғары кӛпсалалы колледжі:Колледждегі жалпы контингент – 651. Әскер қатарына шақырылғандары – 11 студент. 1 курс – 195 студент, 2 курс – 114 студент, 3 курс – 216, 4 курс - 115 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 80 студент енгізілген. «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 145 студент білім алуда. 139 ақылы негізде оқитындар. 501 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер.Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында 1 курс студенттерінің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны белгілі болды. Колледж бойынша ҰБДҚ тиісті ақпараттар толық енгізілмеген. «College.smartnation.kz» электронды платформасына сабақ кестесі, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары толық енгізілмеген, студенттердің білімін бағалау дұрыс жүргізілмеген.
Абылай хан атындағы жоғары колледжі:
Жаңа оқу жылында – 769 студент білім алуда. Әскер қатарына шақырылғандары – 2 студент. 1 курс – 240 студент, 2 курс – 181 студент, 3 курс – 211, 4 курс - 122 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 159 студент енгізілген. «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 120 студент білім алуда. 600 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер.Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында 1 курс студенттерінің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны анықталды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер толық (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі:
Колледждегі студент саны – 496. 1 курс – 206 студент, 2 курс – 100 студент, 3 курс – 133, 4 курс - 57 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 143 студент енгізілген. «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 108 студент білім алуда. 65 ақылы негізде оқитындар. 431 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер.Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3
студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны белгілі болды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер толық (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
«Болашақ» медицина жоғары колледжі:ҰБДҚ бойынша контингент – 1719 студент. Әскер қатарына шақырылғандары – 9 студент. 1 курс – 545 студент, 2 курс – 481 студент, 3 курс – 428 студент, 4 курс – 253 студент. Колледже 67 студент дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.1315 ақылы негізде оқитындар. 392 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер.Студенттердің сабаққа қатысуы нашар. Бір топта 4-5 студент сабаққа себепсіз қатыспайды. Ауырып жатыр дегенмен, дәлелдейтін құжаттары жоқ. Педагогтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары бекітілмеген, бірақ педагогтар (поликлиникалар мен емханалардан келіп сағат бойынша дәріс беретін педагогтар) аудиторияға кіріп дәріс беріп жатыр. «College.smartnation.kz» электронды платформасы жұмыс жасамайды. Педагогтардың оқу процесін жүргізуге ешқандай мүмкіндік жасалмаған. Интернет жоқ.
«Болашақ» жоғары колледжі:Оқу жылында барлығы – 1180 студент білім алуда. Әскер қатарына шақырылғандары – 14 студент. 1 курс – 375 студент, 2 курс – 312 студент, 3 курс – 335 студент, 4 курс – 143 студент.
Дуальды оқыту жүйесіне - 143 студент енгізілген. «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 132 студент білім алуда. Студенттердің сабаққа қатысуы нашар. Бір топта 3-4 студент сабаққа себепсіз қатыспайды. Ауырып жатыр дегенмен, дәлелдейтін құжаттары жоқ. Педагогтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары бекітілгенмен, қашан, қай мерзімде, кім бекіткені белгісіз, тек қол қойылған. Бірақ педагогтар аудиторияға кіріп дәріс беріп жатыр. «College.smartnation.kz» электронды платформасы жұмыс жасамайды. Педагогтардың оқу процесін жүргізуге ешқандай мүмкіндік жасалмаған. Интернет жоқ.
Қызылорда гуманитарлы-техникалық колледжі:Колледждегі студент саны – 620. 1 курс – 262 студент, 2 курс – 90 студент, 3 курс – 186, 4 курс - 82 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 199 студент енгізілген. Шәкірт ақы алатындар – 474 студент.«Еңбек» бағдарламасы бойынша - 109 студент білім алуда. 144 ақылы негізде оқитындар. 476 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер. Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері. Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны белгілі болды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Қызылорда инженерлі-техникалық колледжі:Колледждегі студент саны – 110. 1 курс – 26 студент, 2 курс – 21 студент, 3 курс – 55 студент. Дуальды оқыту жүйесіне енгізілген студент жоқ. Шәкірт ақы алатындар – 81 студент, 93 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студент.Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген.
Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны белгілі болды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі:Колледждегі студент саны – 293. 1 курс – 131 студент, 2 курс – 60 студент, 3 курс – 85, 4 курс - 17 студент. Дуальды оқыту жүйесіне - 199 студент енгізілген. Шәкірт ақы алатындар – 240 студент, «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 43 студент білім алуда. 22 ақылы негізде оқитындар. 228 мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттер.Талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында ешқандай кемшіліктерге жол берілмеген. Барлығы 9-11 сынып бітірушілері.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің сабаққа қатысуы жақсы, 2-3 студенттің денсаулығына байланысты қатыса алмағаны белгілі болды. Колледж бойынша «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілген.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізілген Ішкі талдау жұмыстарының нәтижесінде тӛмендегідей ұсыныс берілді: 2022-2023 оқу жылында талапкерлерді оқуға қабылдау барысында орын алған кемшіліктер туралы
1. ТжКББ ұйымдары директорлары оқудан шығарылған студенттердің шәкірт ақысы мен тиісті қаражатын бюджетке қайтаруды қамтамасыз етілсін;
2. Оқуға талапкерлерден құжаттар қабылдау барысында жіберілген кемшіліктерге байланысты колледж директорларының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізілсін;
3. Колледждер бойынша Ұлттық біріңғай деректер қорына тиісті ақпараттарды енгізуді қамтамасыз етілсін;
2022-2023 оқу жылында мемлекеттік колледждердегі штат бірлігі, жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша қаражаттың жетіспеу салдары туралы
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесіне байланысты 2023 жылға штаттық бірліктерді қайта қарастырылсын;
2. Жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша мемлекеттік колледждерге жетіспейтін қаражат туралы бюджеттік ӛтінім ұсынылсын;
3. Оқу орындарына қажетті кадрларды жұмысқа қабылдау барысында ашықтық әрі тазалық принциптерін қатаң сақтасын;
Колледждерге жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер туралы
1. ТжКББ ұйымдарының директорлары білім алушылардың сабаққа қатысуын толық қамтамасыз етсін.
2. Мемлекеттік колледждер меморандумда кӛрсетілген ақылы оқу, ақылы қызмет түрлерінен табыс табу міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етсін;
3. ТжКББ ұйымдары Ұлттық біріңғай деректер қорына тиісті ақпараттарды мерзімінде енгізуді қамтамасыз етсін;
4. Мекеме теңгеріміндегі техникаларды және құрал жабдықтарды оқу ӛндірістік тәжірбие кезінде пайдалансын;
5. ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмыстарын жандандыруды оның ішінде құқық бұзушылық, суицидтің алдын алу, жастар комитеті, студенттік парламент, ӛзін-ӛзі басқару, оқуға құштар колледж жобаларын жүзеге асыру шараларын қабылдасын;
6. ТжКББ ұйымдарының директорлары 2022 жылы колледждерді мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасу кӛрсеткішін 70 пайыздан тӛмен болмауын қамтамасыз етсін;
7. ТжКББ ұйымдарының директорлары 2023 жылы еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа мамандықтар ашу үшін мемлекеттік лицензия алуды 2023 жылғы 30 наурызға дейін қамтамасыз етілсін.
Колледждерге жүргізілген ішкі талдау барысында жоғары оқу орындарын, сонымен қатар колледждерді бітірген талапкерлердің оқуға қабылданғандығы туралы бірнеше колледждерде кемшіліктердің бары анықталып, оқудан шығарылған.
Біріншіден, талапкерлерден құжаттар топтамасы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы қабылданған.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібінде бұл мәселе нақты кӛрсетілмегендіктен, қарама-қайшылықтардың бары байқалады.Бұйрықтың 64 тармағында: «Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді» - делінген. Жыл сайын құжат қабылдаудың уақыты 29 тамызға дейін созылып кететіні байқалуда. 1 қыркүйекте оқуға түскендер бұйрықпен оқуды бастауы қажет болатын болса, оқуға түскендерді анықтау, комиссияның шешімімен игерілмеген орындарды орналастыруға уақыттың тапшылығы кері әсерін тигізеді.
Екіншіден, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталының (бұдан әрі - портал) ҰБДҚ-мен (ұлттық білім беру деректер қоры) интеграциясының болмау салдарынан да бұл кемшіліктер орын алған.
Кӛптеген колледждерде «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілмеген. Бұл ӛз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне әкеліп соғу әбден мүмкін. Студенттердің білімі осы электронды журнал арқылы бағаланып, мемлекеттік стипендия да соған сәйкес берілуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес оқуға қабылдау тәртібіне кімдердің қабылдануы қажеттігі нақты кӛрсетілгені жӛн;
"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталының (бұдан әрі - портал) ҰБДҚ-мен (ұлттық білім беру деректер қоры) интеграциялануы - уақыт талабы;
Талапкерлерден құжат қабылдаудың мерзімдерін қайта қарау қажет;
«College. smartnation.kz» электронды платформасын нормативтік құқықтық актімен реттелуін қарастыру қажет.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Жаңақорған ауданы бойынша білім бӛліміне қарасты №164, №169, №195, №213, №224, №51 орта мектептерде анықталған заңбұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама келіп түскен.
Осы ретте, Басқарма тарапынан барлық білім беру мекемелерінің 2021-2022 жылдардағы еңбекақы тӛлемдерін жүргізу бойынша аудит жүргізілуіне ықпал жасауын сұрап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыс бойынша департаментіне және Қызылорда облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментеріне ұсыныс хат жолданған.
Атап айтар болсақ: Ішкі аудит департаментінің Жаңақорға ауданы бойынша білім бӛліміне қарасты №169 орта мектепті тексеру нәтижесімен берілген нұсқамасында орын алған бұзушылықтардың бірі: мектепке қатысы жоқ бӛтен жеке тұлғалардың есепшоттарына қаржы аударылған.
Бұл жерде еңбекақы тӛлеу барысында бірінші және екінші қол қою құқығы бар электрондық цифрлық қолтаңба мектептердің мектеп директоры мен бас есепшілерінде ғана тікелей жауапкершілігінде.
Қазынашылық департаменті арқылы ӛтетін құжаттарға қол қойған тӛлемдерді ақша аударым жүргізу барысында ақша алушылардың тегі, аты-жӛні, ЖСН, картшотына ӛзгерістер енгізуге тек бас есепші мен басшының ғана рұқсаты (доступ) бар.
Ұсынылады: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыс бойынша департаментіне:
1. Білім беру ұйымдарында бюджет қаржысын ӛз мақсатында пайдаланылып, негізсіз жұмсалуын алдын алу мақсатында басқарма жанында ішкі аудит қызметін ашып, арнайы аудитор мамандармен жасактауды және «Бухгалтерлік есептілікті жүргізу» бойынша орталықтандырылған «Қаржы орталығы» мекемесін ашуды;
2. Қаржыландыру қызметі мен шаруашылық қызметін бӛліп, жаңа құрылыс нысандарын салу құжаттамаларын әзірлеу, күрделі жӛндеу, материалдық техникалық базамен қамту, сумен қамту, жылумен қамту, кәріз жүйесі, электрлік жылыту жұмыстарын үйлестіретін функциялармен айналысатын басқарма басшысының орынбасарын енгізуді;
3. Ішкі аудит департаментінің мектепті тексеру нәтижесімен берілген нұсқамасында орын алған бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында К2-клиент жүйесінде жүктелген ақша алушылардың тегі, аты-жӛні, ЖСН, жеке карт есебі, жеке тұлғаны анықтайтын құжаттарын ӛзгертуге мүмкіндік болмау үшін К2 жүйесін жетілдіруге және бұғаттау;
4. К2-клиент жүйесінде ЖСН-нін енгізген кезде жеке тұлғаның (ақша алушылардың) тегі, аты-жӛні, жеке тұлға атына ашылған жеке карт шоты автоматты түрде дәйектілігі мен сәйкестігі (идентификация данных) ӛнделген кезде ғана қаржы жіберуге мүмкіндік болуы үшін К2-клиент жүйесін ГБДФЛ-мен (жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы) және ұлттық банкке қарасты барлық екінші деңгейдегі банкттермен жеке тұлғаның деректерін интеграциялауды (Юстиция мен Нац.банк жасайды);
5. Бүгінгі күнгі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білім беру мекемелерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын арнайы мамандар заңмен қарастырылмаған. Онымен айналысатын мекемедегі есепші мамандар, білім бӛліміндегі, басқармадағы есепші мамандар. Ал, есепші мамандардың мемлекеттік сатып алудан басқа да күнделікті қаржыландыру қызметі бойынша жұмыс жүктемесі ӛте үлкен. Еңбекақысы еңбек ӛтіліне қарай 60-100 мың теңге аралығында. Бір жағынан қаржылық бұзушылықтарды алдын алу, бір жағынан атқаратын қызметі мен еңбекақысынан айрылып қалмау үшін ӛз функциясын ұқыппен атқаруына ынталандыру мақсатында есепші мамандардың айлық жалақысын жергілікті бюджет есебінен кӛбейтуді ұсынылады.
4. Рұқсат беру функцияларына қатысты.
Негізінен Басқармада тікелей рұқсат беру функциясы қарастырылмаған.
5. Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша Басқармада бақылау қадағалау функциялары жүзеге асырылмайды.
6. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын ӛзге де мәселелер
2022 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі жағдайы бойынша игерілу туралы мәлімет (мың.теңге)
Бӛлінген қаржы (жылдық) – 205 910 725.4 мың теңге
01.12.2022 жылға бӛлінгені – 188 174 040,5 мың теңге
Игерілгені – 187 837 563,3 мың теңге
Игерілмегені 336 477,2 мың теңге (99,8%)
2022 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы;
Жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша білім бӛлімі тексеру комиссиясының «Білім беруді цифрландыруға бӛлінген қаражаттың игеру тиімділігі аудиті» бойынша 2022 жылдың 26 қазан – 08 қараша айлары аралығында жүргізілген мемлекеттік аудитпен жүргізілген тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға қатысты нұсқамасына сәйкес тӛмендегідей қабылданған. Жүргізілген аудит іс-шарасы бойынша бұзушылықтар назарға алына отырып, алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу және бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, нысаналы мақсатта жұмсалуын бақылау қажеттілігі жӛнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы) 43-бабының 24-тармағының және жасасқан келісім шарттың талаптары орындалмай Сырдария білім бөлімі 3 (үш) шарт бойынша барлығы 35,5 мың теңге (№134, 27.05.2020 ж 1,5 мың теңге, №133, 19.05.2020ж 22,0 мың теңге, №144, 22.05.2020ж 12,0 мың теңге) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, ӛсімпұлды) ӛндірілді. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тиімсіз жоспарланған деп анықталған 3667,1 мың теңге кӛлеміндегі қаржыны ӛзіне бекітілген қызметті тиісті деңгейде орындамағаны үшін бӛлімнің есепші маманына «ескерту» түріндегі жазасы берілді.
Сонымен қатар, бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған деп анықталған 8800,0 мың теңгеге бӛлімге қарасты кент орталығындағы мектептерге бейне бақылау камераларын орнату бойынша ӛнім берушімен жасалған келісім шартқа сәйкес қаржысы аударылып берілген.
Сондай-ақ, мектептерге аталған бейне бақылау камералары дұрыс жұмыс жасамайтындығы анықталып, бӛлім тарапынан шарта кӛрсетілген кепілдік мерзіміне сәйкес ӛнім берушіге қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жӛнінде ескертпе хат жолданды, бүгінгі күні ӛнім беруші тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Осыған байланысты заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында барлық білім беру ұйымдарына мемлекеттік сатып алудағы ӛзгерістер мен толықтырулар және сатып алу барысында заң нормаларын қатаң бақылауда жүзеге асыруды, осы салада мекемелердің мемлекеттік сатып алу саласында қызметтіріне қаржы жоспарлауды бастап үнемі мониторинг жүргізуді, сатып алуларда жариялау барысында біліктілік талаптарын мен техникалық ерекшеліктерінде артық талаптардың қойылмауы сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тауекелдерін болдырмау мақсатында білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарына мемлекттік сатып алу заңнамасын бұзылуын болдырмау және алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітуге ұсынылуда.
Ұсыным: «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында кемшіліктерге жол бермес үшін лауазымдық міндеттерінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары кіретін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға 2023 жылға жоспарға бекітіп, тиісті сала бойынша ұсыныс жолдау;
Жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша білім бӛлімі тексеру комиссиясының «Білім беруді цифрландыруға бӛлінген қаражаттың игеру тиімділігі аудиті» бойынша 2022 жылдың 26 қазан – 08 қараша айлары аралығында жүргізілген мемлекеттік аудитпен жүргізілген тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға қатысты нұсқамасына сәйкес тӛмендегідей қабылданған. Жүргізілген аудит іс-шарасы бойынша бұзушылықтар назарға алына отырып, алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу және бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, нысаналы мақсатта жұмсалуын бақылау қажеттілігі жӛнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыным: «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында кемшіліктерге жол бермес үшін лауазымдық міндеттерінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары кіретін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға 2023 жылға жоспарға бекітіп, тиісті сала бойынша ұсыныс жолдау;
«Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды жариялау барысында біліктілік талаптарын мен техникалық ерекшеліктерінде артық талаптардың қойылмауы сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тауекелдерін болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімі орынбасарымен бекітуге ұсынылды.
Ұсыным: Бекітілген кешенді іс-шаралар жоспары аясында барлық білім беру ұйымдарына түсіндірме жүргізу және білім беру ұйымдары нәтидесі бойынша басқармаға кешенді іс-шара жоспарының орындалуын мерзімінде жолдау;
«Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында:
Ұсыным: «2023 жылдың І тоқсанында Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарының іске асырылуы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен бірлескен алгоритмін жасақтап, білім беру ұйымдарына жолдау;
Қызылорда облысының білім басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Облыстағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында комплаенс қызметі қосылып, бекітілген жоспарларына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына комплаенс қызметіне жауаптылығы бұйрық негізінде лауазымдық нұсқаулықтарына ӛзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Ұсыныс: Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына білім беру ұйымдарына комплаенс қызметіне жауапты офицер штатын қарастыру бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс хат жолдау;
Комплаенс қызметіне жауапты мамандардың жүргізген жұмыстары нәтижелі болу мақсатында мамандардың тиісті сала қызметкерлерімен біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету мақсатында
Ұсыныс: квазимемлекеттік мекемелерінде және барлық мемлекеттік қызметшілерге ISO 37001 халықаралық стандарт жүйесін енгізу үшін кезең-кезеңімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент» оқуынан ӛткізу үшін сала бойынша бекітілген арнайы мамандардың дәрісіне барлық мемлекеттік қызметшілердің кезең-кезеңімен біліктілігін арттыруға 2023 жылға жоспарға бекітіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдау;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу жӛніндегі әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тӛрағасының 2021
жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу әдістемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы тӛлеудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген.
Функционалдық блоктар деп мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға бағытталу дәрежесі бойынша топтастырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары деп түсініледі.
Алайда, Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А», «В» және «С» функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бӛлінеді:
- «А» функционалдық блогына лауазымдық ӛкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
- «Б» функционалдық блогына лауазымдық ӛкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады;
Мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бӛледі.
Осы ретте, 9-1. «А» функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар жетпіс пайыздан асқан және/немесе "С" функционалдық блогына "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан екі пайызынан кем жатқызылған жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бӛлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.
Бӛлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында кӛрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді. Мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысын тудырмас үшін
Ұсыным: 2023 жылдың қаңтар айына функционалдық блок бойынша бӛлу жӛніндегі әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тӛрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы №138 бұйрығына сәйкес 70 пайыздан асатын білім бӛлімдеріндегі мемлекеттік қызметшілердің бӛліністерін қайта қарап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері жӛніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне бекітуге келісім алу үшін ұсыным жолдау;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Шиелі ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүжоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында тӛмендегі мән-жайлар анықталды.
Бӛлім басшысының 12.07.2022 жылғы №203 бұйрығымен «№219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мектеп) директоры Ж.Жанадилова 22.07.2022 жылдан 25.09.2022 жыл аралығына жыл сайынғы ақы тӛленетін еңбек демалысына жіберілген.Тиісінше, мектеп директоры 15.07.2022 жылғы №130 бұйрығымен ӛзінің еңбек демалысына шығуына байланысты мектеп директорының қызметін 15.07.2022 жылдан бастап қосымша уақытша атқаруды директордың оқу ісі жӛніндегі орынбасары К.Кенбаеваға жүктеген.
Дегенмен, аталған мән-жайлар ескерілмей, Бӛлім басшысының 18.08.2022 жылғы №272 бұйрығымен Бӛлімнің әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Шохаевқа 18.08.2022 жылдан бастап мектеп директорының міндетін уақытша атқару жүктелген және аталған бұйрықтың күші 25.08.2022 жылы жойылған. Осылайша, 18.08.2022 жылдан 25.08.2022 жылы аралығындағы мерзімде мектеп директорының міндетін уақытша атқару 2 тұлғаға жүктелген.Құжаттарды зерделеу барысында, мектеп директорының жұмыста уақытша болмаған кездерінде (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқаруды Бӛлім қызметкерлеріне жүктеу құзыреттілігі Бӛлім ережесі мен бӛлім басшысының лауазымдық міндеттерінде нақты айқындалмағандығы белгілі болды.
Бұдан бӛлек, жоғарыда аталған құзыреттілік мектеп жарғысымен және мектеп директорының лауазымдық міндеттерімен де реттелмегендігі анық болды.Дегенмен, мектеп директоры Ж.Жанадилованың 15.07.2022 жылғы №130 бұйрығымен мектеп директорының уақытша міндетін атқару директордың оқу ісі жӛніндегі орынбасары К.Кенбаеваға жүктелгендігіне қарамастан, ӛзінің 18.08.2022 жылғы №272 бұйрығымен Бӛлімнің әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Шохаевқа 18.08.2022 жылдан бастап мектеп директорының міндетін уақытша атқаруды жүктеу туралы бұйрық шығарып, Қ.Әмзе лауазымдық міндеттерінде кӛзделмеген әрекеттерге жол берген.
Жоғарыдағылардың негізінде, анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 153-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес: Ұсынылды:
1. Алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарының жұмыста уақытша болмаған кездеріндегі (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқару тәртібін Заң талаптарына сәйкес реттеуді;
2. Заң бұзушылықтарға жол берген «Шиелі ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Әмзенің тәртіптік жауапкершілігін қарауды;
Осы ретте, ҚР Білім туралы заңының 6-бабына білім бӛлімі
басшысының құзыретіне білім беру ұйымдарының басшылары жұмыста уақытша болмаған кездеріндегі (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқару тәртібін Заң талаптарына сәйкес реттеу бойынша ұсыныс ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдау.
Талдау нәтижесінде Басқарманың қолданысындағы нормативтік құқықтық актілерінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша,
ҰСЫНЫМДАР:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» Қағидасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығы Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдеріне «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы алуды ұсынамыз.
2. Оңалту және әлеуметтік бейімдеу мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті (проактивті) алу үшін қызметті алушыға бірінші қызмет ПМПК қорытындысын бергеннен кейін SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыруды ұсынамыз.
3. Дербес деректерге қол жеткізуге келісімді ӛтінішке енгізіп, 3-қосымшадағы нысанды қажетті құжаттар тізбесінен алып тастауды.
4. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ҰББДҚ контингент бӛліміне баланың әлеуметтік санатқа жататындығын анықтау үшін мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді.
5. Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу функцияны білім басқармасының Ережесінен алып тастауды.
6. Оқушының (қызмет алушының) әлеуметтік санатын анықтау үшін Әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесімен білім саласындағы ҰББДҚ ақпарттық жүйесін интеграциялауды;
7. Тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек тағайындау мемлекеттік қызмет кӛрсету нәтижесі бергеннен кейін SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті проактивті формат арқылы кӛрсету;
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру есебін облыстардың, аудандардың ресми статистикалық кӛрсеткішіне сәйкес министрліктің бұйрығымен бекітуді.
9. Министрліктің оқулықтардың тізбесін бекіту мерзімін 28 наурыздан 10 наурызға кейін қысқарту арқылы, білім беру ұйымдарына оқулық тандау мүмкіндігін жасауды.
10. Министрліктен теріс қорытынды алған кандидаттың облыстың білім басқармасының басшысын әкімдік ӛкімімен, сондай-ақ білім бӛлімдерінің басшыларын облыстық білім басқармасының бұйрығымен лауазымға тағайындау құзыреті берілгендіктен министрліктен келісім алу жұмыстары тиімсіз екендігін ескере отырып, ҚР Білім туралы Заңының 5-бабы 46-22)
тармақшасын, 6-бабы 2-тармағының 22) тармақшасын, 6-1-бабы 2-тармағын алып тастауды және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тӛрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 8-тармағындағы білім саласындағы бірінші басшыларын уәкілетті органмен келісу мәселесін алып тастауды.
11. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті ӛзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделетіндігі белгіленген.Осы ретте, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығын аталған Кодекс талаптарына сәйкестендіру арқылы білім беру ұйымдарының ұзақ жылдар басқарған басшыларын ауыстыру нормасын енгізуді.
12. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 10-тармағына ӛзгерістер енгізуді.
13. Ұсыныс: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығының 3-тарау. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, 1-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор, меңгерушісі) 48-тармағында кӛрсетілген Біліктілікке қойылатын талаптарға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс жолдау.
14. Жұмыс беруші мен үміткердің арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін, үміткерлердің барлық құжаттарын электрондық нысанда www.enbek.kz веб порталы арқылы конкурсқа хабарлама жарияланған сәттен бастап үміркерлер жайлы ақпараттардың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету жӛнінде білім бӛлімдеріне, басқармаға қарасты мекемелерге хат жолдау, нәтижесі бойынша басқармаға хабарлау;
15. Білімі бойынша жалған диплом, сертификаттар бар педагогтарды, техникалық персоналдардың жұмысқа орналасуының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бекітліген біліктілік талаптарына сәйкес білімі бойынша мәліметке жұмыс берушіге қол жетімді ақпараттық жүйеде ақпараттарды жинақтайтын платформа әзірлеу бойынша тиісті министрліктерге ұсыныс хат жолдау;
16. Педагогтер біліктілік санатын алу үшін жинақтаған портфолио құжатында оқушылар немесе педагог бойынша түрлі олимпиада, жарыстарға қатысу нәтижесі бойынша жалған диплом, сертификаттар ұсыну фактілері анықталды.
Ұсыныс: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында
бойынша Педагогтердің біліктілік санатын алу үшін жинақтаған портфолио құжатында оқушылар немесе педагог бойынша түрлі олимпиада, жарыстарға қатысу нәтижесі бойынша ақпараттарды жинақтайтын НҚА әзірлеу бойынша тиісті министрліктерге ұсыныс хат жолдау;
17. Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқықбұзушылық туралы мәліметтер тексерілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі Комитетінің ақпараттық сервисі тек басқармада, білім бӛлімдерінде ғана орнатылған. Алайда, білім саласындағы барлық білім беру үйымдары қызметкерлерін тексеруге мүмкіндік қарастырылмаған.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау барысында педагог немесе техникалық қызметкерлер бойынша ақпарат алуға сұраныс жолдау үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына соттылығы бойынша анықтайтын ақпараттық жүйесін барлық білім беру ұйымдарына енгізуге ұсыныс хат жолдау;
18. Білім саласы бойынша барлық білім бӛлімдері, қарасты мекемелер Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР-ның 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне» сәйкес мекеме қызметкерлеріне құқықтық оқытулар ӛткізу жауаптар берілуін, ӛтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында ай сайын талдау жасап, нәтижесі бойынша басқармаға әр айдың 5-не жолдау;
19. «Е-ӛтінішке» байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен 2023 жылға семинар ӛткізу;
20. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығының 79-тармағының 2,3,4,5 тармақшаларының азат жолдары «педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді» деген сӛздер «педагог» біліктілік санатының болуы тиіс деген сӛзбен ауыстырылуы қажет.
Себебі, «педагог-модератор» біліктілік санаты жоқ мұғалімдер келесі санатқа ӛтініш беріп ӛтуді, ол сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті туғызады.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығының 79-тармағының 2,3,4,5 тармақшаларына ӛзгеріс енгізу туралы хат жолдау;
21. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығының 77-тармағына сәйкес, сараптама кеңесі аттестатталушының қашықтықтан немесе бағыт бойынша портфолионы жеке қарайды және бағалайды. Аттестатталушының қатысуымен портфолионы қарау 30 минуттан аспайды.
Осы ретте, аттестатталушы мен сарапшылардың арасында байланыс орнатылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.Сол себепті, портфолионы «күндізгі форматта» қарауды алып тастап, қащықтықтан қарауды қалдыру қажет деп санаймыз.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының 77-тармағына ӛзгеріс енгізу туралы хат жолдау;
22. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығына сәйкес педагогтер біліктілік санатын алуы үшін біліктілік тестілеуден ӛтуі бекітілген, алайда, 2022 жылдың екінші жарты жылдығында ұлттық біліктілік тестілеу орталығының техникалық себептеріне және аталған бұйрыққа енгізілетін ӛзгерістерге сәйкес тестілеу ӛткізілмегендіктен желтоқсан айына біліктілік санатын беру бойынша комиссия отырысы ӛткізілмеді.
Бұл ретте, тестілеуден ӛткен аттестатталушының тестілеу нәтижесі мерзімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Сол себепті, портфолионы қарау барысында 2021 жылдың қараша айында тестілеуден ӛткен педагогтер мен тестілеу әтижесі талап етілмеген басшылық лауазым бойынша білім беру ұйымының орынбасарларының портфолиосы қарау мерзімін ұзарту қажет деп санаймыз.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының қатысты толықтай түсіндірме алу жӛнінде хат жолдау;
23. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының әдіскерлерін аттестаттау кезінде портфолионы бағалау критерийлері анықталмаған (білім беру ұйымының әдіскерлерін педагог портфолиосын бағалау критерийлерімен аттестаттау мүмкін емес, ӛйткені әдіскерлер педагогтарға қарағанда басқа лауазымдық міндеттерді орындайды. Әдіскерлердің аттестаттаудан ӛту мерзімі регламенттелмейді мерзімін бекіту қажет деп санаймыз.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының қатысты толықтай түсіндірме алу жӛнінде хат жолдау;
24. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының әдіскерлерін аттестаттау кезінде Әдіскерлердің аттестаттаудан ӛту мерзімі регламенттелмейді мерзімін бекіту қажет деп санаймыз.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының қатысты толықтай түсіндірме алу жӛнінде ұсыныс хат жолдау;
25. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығына сәйкес Қағидаларға
7-қосымшада аттестаттаудан ӛту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша деректерді сұратады. АЖ-мен құжаттарды ұсыну тәртібі де реттелмеген. Ақпараттық жүйені уақтылы дайындамаған жағдайда мұғалімдердің құжаттарын қабылдау мүмкін болмайды, ал егер сіз құжаттардың кӛшірмелерін сұрасаңыз, бұл қажетсіз талап етілген құжаттар ретінде түсіндіріледі деп санаймыз.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының қатысты толықтай түсіндірме алу жӛнінде хат жолдау;
26. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығына сәйкес білім басқармаларындағы штаттан тыс әдіскер мен статист мамандары облыстағы берілген білім беру саласы бағытында функция атқарады. Алайда білім беру ұйымдарына ауысқан жағдайда еңбек ақы тӛлейтін еңбек ӛтіліне бұл есептелмейді және біліктілік санатын ала алмайды.
Осы ретте, аталған Қағидаларға білім басқармасының штаттан тыс қызметкерлерінің функциясына білім беру ұйымдарымен тікелей атқаратын функциясы сәйкес келген жағдайда аттестаттаудан ӛту бойынша қосымша тармақ қосу қажет деп санаймыз. Бұл ӛз кезегінде штаттан тыс қызметкерлерге стимул болар еді.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 қарашадағы № 561 бұйрығының ұсыным хат жолдау;
27.«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына сәйкес РОТАЦИЯ – білім басқармасы мен білім бӛлімдері қарамағында тұрған бір елді мекен шегіндегі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық ауысулар болып табылады.
Осы ретте, Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы ротациялау жӛніндегі құрылған комиссия отырысында 2022 жылы барлығы-43 мемлекеттік білім беру ұйымының басшысының портфолиосы ротацияланды. Оның ішінде: ротацияланған мектеп директоры–17, балабақша меңгерушісі-26;
Бірінші басшының жұмыс жұмыс тиімділігін бағалау есебін қалыптастыру рәсімін жүргізу кезінде, жұмысты сараланған бағалауға мүмкіндік беретін балдық жүйені қамтамасыз ете отырып, тиімді шешім қабылдау қажет. Бұл қалған мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының
жұмыста жоғары нәтижелікке деген ынтасын арттыруға, білім беру қызметтерінің дамуы мен ұсынылуының тұрақты жоғары жоғары серпіні бар мектептердің тәжірибесін сақтауға және таратуға мүмкіндік береді.
Ұсыным: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы хат жолдау.
28. Қазақстан Республикасының Заңымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейтіні бекітілген.
Осы түзету енгізілгенге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға ғана қабылдауға тыйым салынған. Осылайша, қазіргі уақытта бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам квазимемлекеттік сектор ұйымында кез келген лауазымға қабылдана алмайды. Бұдан басқа, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес квазимемлекеттік сектордың қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, онымен еңбек шарты бұзылуға жатады.
Бұл ретте, Еңбек кодексінің 53-бабының 12-тармағына сәйкес, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында кӛзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі негізінде шығарылады;
2) соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тармақтардың негізінде тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүзеге асырылады 3), 4), 9), 10) 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бӛлігінің немесе 36-бабының бірінші бӛлігінде қолданылады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған квазимемлекеттік сектор қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату үшін сот үкімі ғана емес, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату да негіз болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы ұйымдарда жұмысқа орналасуға келесі қылмыстар бойынша жол берілмейді: адам ӛлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе үкім алған адамдарға (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бӛлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы. Білім беру ұйымдары бойынша соттылығының болуына байланысты білім беру саласында жұмыс істеуге тыйым салынған 1 адам анықталды.
Сондай-ақ сотталғандығы бар қызметкерлерді негізсіз жұмыстан босату жағдайы да орын алған деп сотқа беріліп, сот шешіміне сәйкес Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күші жойылды, аталған адам жұмысқа қайта алынды. Қазіргі таңда, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда.
29. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабы 7-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтау болып табылады. Ӛткен жылы Сырдария ауданы бойынша білім бӛлімі басшысы мен сектор меңгерушісі жұмыстан босатылды. Осы ретте, Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, ӛз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін ӛзге де мүлікті мемлекеттік қызметті ӛткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған кӛшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады делінген.
Осы тектес талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабының 5-тармағында да кӛзделіп, осы баптың 8-тармағында осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың осы баптың 5- және 7-тармақтарында кӛзделген міндеттемелерді орындамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе ӛзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады деп кӛрсетілген.
Ұсыныс: Басқармадағы оның ішінде білім бӛлімдеріндегі барлық мемлекеттік қызметшілерге шектеу, декларация тапсыру бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру немесе семинар ӛткізуге ұсыным хат жолдау;
30. Білім басқармасымен жүргізілген ішкі талдау барысында қарасты облыстық мекемелердің штаттық кестесі мекеме басшысымен бекітілетін деректердің бар екендігін кӛрсетіп отыр. Бұндай тәуекелдер мекеменің штаттық бірлік санынан асырмай, кадрларды алу, ауыстыру деректеріне жол беру ықтималдығын туғызады.
Ұсыныс: Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес интернатық қызметкерлердің штаттық кестесі жыл басында басқарма басшысы тарапынан бекітіліп, ӛзгерістер уақытылы хабарлау қажет екендігі жӛнінде хат жолдау;
31. Білім басқармасымен жүргізілген ішкі талдау барысында қарасты
облыстық мекемелердің бүгінгі таңда қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар уақытылы хабарланбау деректері жиі орын алып жатады.
Осы мақсатта, білім бӛлімдерінің тәрбие жұмыстарына жауапты мамандары, колледждер мен интернат директорларыының орынбасарлары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-1 бабының жауапкершіліктері бойынша ескертілді.
Ұсыныс: Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарына білім бӛлімдерінің тәрбие жұмыстарына жауапты мамандары, колледждер мен интернат директорларыының орынбасарлары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-1 бабының жауапкершіліктері бойынша 2023 жылдың І жарты жылдығына тиісті орган қызметкерлерімен бірлескен құқықтық оқыту ӛткізу.
32. Білім басқармасымен жүргізілген ішкі талдау барысында қарасты облыстық мекемелердің бүгінгі таңда қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар уақытылы хабарланбау деректері жиі орыналу деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-1 бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, оның ішінде: білім беру ұйымдарындағы қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгісі бар әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) кәмелетке толмағандардың жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы ӛздеріне белгілі болған деректерді хабарламау, жасыру қылмыстық жазаға апарып соғу қаупі бар.
Ұсыныс: Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарына білім бӛлімдеріне, білім беру ұйымдарындағы қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгісі бар әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) кәмелетке толмағандардың жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы ӛздеріне белгілі болған деректерді басқармаға уақытылы хабарлау қажет екендігі жӛнінде хат жолдау;
33. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең тӛменгі талаптарды бекіту туралы» 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығында, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы оқытуды басқару жүйесі олардың функционалдығы бойынша ең тӛменгі талаптарға балалардың бару журналын жүргізу, баланың ата-аналары мен ӛзге де заңды ӛкілдері үшін ақысыз қол жетімді смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны қолданатындығы кӛрсетілген.
Ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бекітілген ереже талаптарына сәйкес келетін мектепке дейәнгә ұйымдарда мобилді қосымша енгізу қажет екендігі барлық білім бӛлімдеріне түсіндірілді.
Ұсыныс ретінде, балалардың бару журналын ашық түрде жүргізу мақсатында жаңа жылдан бастап мобильді қосымша енгізу жұмыстары жоспарлануда. Мерзімі 2023 жылдың І жарты жылдығы.
34.Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бӛлу автоматтандырылған және АЖ арқылы жүзеге асырылады. кезекті басқару жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді және жаңа Бос орындар пайда болған кезде ӛтініш берушілер арасында бос орындарды бӛлудің үздіксіз процесі жүзеге асырылады.
Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бӛлу кезінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болмайды.
Дегенмен кӛрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша мерзімінде ішкі талдау жұмыстарын жүргізбесе кемшіліктер орын алуы мүмкін.
Ұсыныс: Білім бӛлімдері кӛрсетілетін мемлеттік қызметтер бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға жылына екі рет ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жӛнінде хат жолдау.
35.Жұмыскерге ҚР Еңбек кодексi 65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібіне сәйкес берілген тәртіп жазасын осы Кодекстің 66-бабы 5 тармағына сәйкес Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға құқылы-деп кӛрсетілген. Яғни белгіленген мерзім айқындалмаған. Бұл ӛз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекел болуы ықтимал.
Ұсыныс: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Еңбек кодексi 66-бабы 5 тармағына сәйкес Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен алып тастау бойынша мерзімін белгілеп Кодекске ӛзгерістер енгізу;
36. ҚР Еңбек кодексi 65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) не жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде түсініктеме талап етуге міндетті. Кемшіліктерге жол бермес үшін:
Ұсыныс: барлық білім беру ұйымдарына, білім бӛлімінің кадрге жауапты маманына 2023 жылдың І жартыжылдығына облыстыұ бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар немесе түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен жоспар бекітіп, ұсыну;
37. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Бiрiншi басшының лауазымына конкурсты ӛткiзу тәртiбiне сәйкес 5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу және әңгімелесуге жіберіледі. Алайда, қамқоршылық кеңес шешіміне сәйкес әңгімелесуге немесе тағайындауға жіберу жӛнінде толық айқындалмаған.
Ұсыныс: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бұйрығына ӛзгерістер енгізу немесе түсіндірме алу жӛнінде сұраныс хат жолдау.
38. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Бiрiншi басшының лауазымына конкурсты ӛткiзу тәртiбiне сәйкес білім беру ұйымдарына конкурс бірнеше мәрте қайталанып жариялануда. Себебі конкурсқа қатысушы, біліктілік талапқа сәйкес келетін кандидаттар бекітілген қағидаға сәйкес енгізілген біліктілік тестілеуде басқарушы құзыретінен ӛте тӛмен деңгей кӛрсеткен.
Осы ретте, облыстағы бірнеше білім беру ұйымы басшысы лауазымы әлі күнге дейін бос тұр.
Ұсыныс: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бұйрығынмен бекітілген біліктілік тестілеуден басқарушы құзыреті бойынша жеткілікті нәтиже балын азайту жӛнінде сұраныс хат жолдау.
39. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Бiрiншi басшының лауазымына конкурсты ӛткiзу тәртiбiне сәйкес білім беру ұйымдарына конкурс бірнеше мәрте қайталанып жариялануда.
Осы ретте, еңбек ӛтілімі басшылық лауазымында 15 жылдан асқан басшылар арасында Еңбек кодексіне сәйкес тағайындауға ӛзгерістер енгізу.
Ұсыныс: ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бұйрығына еңбек ӛтілімі басшылық лауазымында 15 жылдан асқан басшылар арасында Еңбек кодексіне сәйкес тағайындауға ӛзгерістер енгізу туралы сұраныс хат жолдау.
40. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет стандарты «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына мен Мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады деп бекітілгенмен: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталында кӛрсетілетін қызмет атауы «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» - деп ӛзгеріссіз тұрғандықтан бұл ӛз кезегінде тәуекелдікке ықпал жасауы мүмкін.
Ұсыныс: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына кӛрсетілетін қызмет атауына базаға ӛзгеріс енгізуге ұсыныс беру;
41. Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Жаңақорған ауданы бойынша білім бӛліміне қарасты №164, №169, №195, №213, №224, №51 орта мектептерде анықталған заңбұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама келіп түскен.
Осы ретте, Басқарма тарапынан барлық білім беру мекемелерінің 2021-2022 жылдардағы еңбекақы тӛлемдерін жүргізу бойынша аудит жүргізілуіне ықпал жасауын сұрап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыс бойынша департаментіне және Қызылорда облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментеріне ұсыныс хат жолданған.
Атап айтар болсақ: Ішкі аудит департаментінің Жаңақорға ауданы бойынша білім бӛліміне қарасты №169 орта мектепті тексеру нәтижесімен берілген нұсқамасында орын алған бұзушылықтардың бірі: мектепке қатысы жоқ бӛтен жеке тұлғалардың есепшоттарына қаржы аударылған.
Бұл жерде еңбекақы тӛлеу барысында бірінші және екінші қол қою құқығы бар электрондық цифрлық қолтаңба мектептердің мектеп директоры мен бас есепшілерінде ғана тікелей жауапкершілігінде.
Қазынашылық департаменті арқылы ӛтетін құжаттарға қол қойған тӛлемдерді ақша аударым жүргізу барысында ақша алушылардың тегі, аты-жӛні, ЖСН, картшотына ӛзгерістер енгізуге тек бас есепші мен басшының ғана рұқсаты (доступ) бар.
Ұсыныс: Облыс әкіміне және тиісті сала орынбасарларына ұсыным хат жолдау:
42.1. Барлық білім беру ұйымы басшыларына сыбайлас жеморлықтың алдын алу мақсатында ЭЦҚ пайдалану бойынша тиісті сала қызметкерлерімен бірлескен құқықтық оқыту ӛткізу.
2. Білім беру ұйымдарында бюджет қаржысын ӛз мақсатында пайдаланылып, негізсіз жұмсалуын алдын алу мақсатында басқарма жанында ішкі аудит қызметін ашып, арнайы аудитор мамандармен жасактауды және «Бухгалтерлік есептілікті жүргізу» бойынша орталықтандырылған «Қаржы орталығы» мекемесін ашуды;
3. Қаржыландыру қызметі мен шаруашылық қызметін бӛліп, жаңа құрылыс нысандарын салу құжаттамаларын әзірлеу, күрделі жӛндеу, материалдық техникалық базамен қамту, сумен қамту, жылумен қамту, кәріз жүйесі, электрлік жылыту жұмыстарын үйлестіретін функциялармен айналысатын басқарма басшысының орынбасарын енгізуді;
4. Ішкі аудит департаментінің мектепті тексеру нәтижесімен берілген нұсқамасында орын алған бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында К2-клиент жүйесінде жүктелген ақша алушылардың тегі, аты-жӛні, ЖСН, жеке карт есебі, жеке тұлғаны анықтайтын құжаттарын ӛзгертуге мүмкіндік болмау үшін К2 жүйесін жетілдіруге және бұғаттау;
5. К2-клиент жүйесінде ЖСН-нін енгізген кезде жеке тұлғаның (ақша
алушылардың) тегі, аты-жӛні, жеке тұлға атына ашылған жеке карт шоты автоматты түрде дәйектілігі мен сәйкестігі (идентификация данных) ӛнделген кезде ғана қаржы жіберуге мүмкіндік болуы үшін К2-клиент жүйесін ГБДФЛ-мен (жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы) және ұлттық банкке қарасты барлық екінші деңгейдегі банкттермен жеке тұлғаның деректерін интеграциялауды (Юстиция мен Нац.банк жасайды);
6. Бүгінгі күнгі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білім беру мекемелерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын арнайы мамандар заңмен қарастырылмаған. Онымен айналысатын мекемедегі есепші мамандар, білім бӛліміндегі, басқармадағы есепші мамандар. Ал, есепші мамандардың мемлекеттік сатып алудан басқа да күнделікті қаржыландыру қызметі бойынша жұмыс жүктемесі ӛте үлкен. Еңбекақысы еңбек ӛтіліне қарай 60-100 мың теңге аралығында. Бір жағынан қаржылық бұзушылықтарды алдын алу, бір жағынан атқаратын қызметі мен еңбекақысынан айрылып қалмау үшін ӛз функциясын ұқыппен атқаруына ынталандыру мақсатында есепші мамандардың айлық жалақысын жергілікті бюджет есебінен кӛбейтуді ұсынылады.
43. Вертикалды жүйеге кӛшіру арқылы бұрын жергілікті аудандық әкімдікке қарасты мектептердің қаржыландыру мәселелері басқармаға тікелей ауысты. Осыған орай, облыстағы 1096 білім беру ұйымының қаржыландыруы, қаржылық жоспарларына ӛзгерістер енгізу, штаттық тарификацияны енгізу, қаржының атқарылуы және бюджеттік ӛтінімдерді әзірлеу мен ұсыну білім басқармасы арқылы іске асырылуда. Ол үшін автоматтандырылған бағдарлама енгізіліп, облыс кӛлеміндегі мектептердің қаржы саясатын біркелкі жүргізуге, ашықтықты қамтамасыз етуге және әрбір білім ұйымындағы қаржының қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік беріліп, білім саласындағы басқарудың тік жүйесі толығымен жүзеге асуда.
Сонымен қатар, бекітілген бюджетпен білім саласына бӛлінген қаржының басқа салаларға бағытталмай, үнемделген қаржыны білім саласының ӛзекті мәселелеріне бағыттау арқылы шешілуде.
Дегенмен, жергілікті жердегі әкімдіктерде білім саласының дамуына қаржы бӛлу мүмкіндігі болмауы табиғи апат салдарынан немесе жылу маусымында жедел шешуді қажет ететін мәселелердің қордалануын қалыптастырады. Облыстық бюджеттен қосымша қаржы бӛлу бюджетті нақтылау арқылы шешілетіндіктен, шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік болмауда.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жедел шешуді қажет ететін шығындарды қаржыландыру бойынша ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға» толықтырулар енгізу ұсынылады.
44. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізілген Ішкі талдау жұмыстарының нәтижесінде тӛмендегідей ұсыныс берілді: 2022-2023 оқу жылында талапкерлерді оқуға қабылдау барысында орын алған кемшіліктер орын алуы туралы ұсыныс:
1.ТжКББ ұйымдары директорлары оқудан шығарылған студенттердің шәкірт ақысы мен тиісті қаражатын бюджетке қайтаруды қамтамасыз етілсін;
2.Оқуға талапкерлерден құжаттар қабылдау барысында жіберілген кемшіліктерге байланысты колледж директорларының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізілсін;
3.Колледждер бойынша Ұлттық біріңғай деректер қорына тиісті ақпараттарды енгізуді қамтамасыз етілсін;
45. 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік колледждердегі штат бірлігі, жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша қаражаттың жетіспеу салдары туралы ұсыныс:
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесіне байланысты 2023 жылға штаттық бірліктерді қайта қарастырылсын;
2. Жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша мемлекеттік колледждерге жетіспейтін қаражат туралы бюджеттік ӛтінімі басқармаға белгіленген мерзімде ұсынылсын;
3. Оқу орындарына қажетті кадрларды жұмысқа қабылдау барысында ашықтық әрі тазалық принциптерін қатаң сақтасын;
46. Колледждерге жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі анықталған кемшіліктерді жӛндеу бойынша ұсыным:
1. ТжКББ ұйымдарының директорлары білім алушылардың сабаққа қатысуын толық қамтамасыз етсін.
2. Мемлекеттік колледждер меморандумда кӛрсетілген ақылы оқу, ақылы қызмет түрлерінен табыс табу міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етсін;
3. колледжге жаңадан сатып алынған техникалық құралдар бойынша білім алушыларға техникаларды және құрал жабдықтарды оқу ӛндірістік тәжірбие кезінде пайдалансын;
4. ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмыстарын жандандыруды оның ішінде құқық бұзушылық, суицидтің алдын алу, жастар комитеті, студенттік парламент, ӛзін-ӛзі басқару, оқуға құштар колледж жобаларын жүзеге асыру шараларын қабылдасын;
5. ТжКББ ұйымдарының директорлары 2022 жылы колледждерді мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасу кӛрсеткішін 70 пайыздан тӛмен болмауын қамтамасыз етсін;
6. ТжКББ ұйымдарының директорлары 2023 жылы еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа мамандықтар ашу үшін мемлекеттік лицензия алуды 2023 жылғы 30 наурызға дейін қамтамасыз етілсін.
47.Колледждерге жүргізілген ішкі талдау барысында жоғары оқу орындарын, сонымен қатар колледждерді бітірген талапкерлердің оқуға қабылданғандығы туралы бірнеше колледждерде кемшіліктердің бары анықталып, оқудан шығарылған.
Біріншіден, талапкерлерден құжаттар топтамасы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы қабылданған.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібінде бұл мәселе нақты кӛрсетілмегендіктен, қарама-қайшылықтардың бары байқалады.
Бұйрықтың 64 тармағында: «Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді» - делінген.
Жыл сайын құжат қабылдаудың уақыты 29 тамызға дейін созылып кететіні байқалуда. 1 қыркүйекте оқуға түскендер бұйрықпен оқуды бастауы қажет болатын болса, оқуға түскендерді анықтау, комиссияның шешімімен игерілмеген орындарды орналастыруға уақыттың тапшылығы кері әсерін тигізеді.
48. Екіншіден, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталының (бұдан әрі - портал) ҰБДҚ-мен (ұлттық білім беру деректер қоры) интеграциясының болмау салдарынан да бұл кемшіліктер орын алған.
Кӛптеген колледждерде «College. smartnation.kz» электронды платформасына тиісті конттенттер (сабақ кестесі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, студенттердің білімін бағалау т.б.) енгізілмеген. Бұл ӛз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне әкеліп соғу әбден мүмкін. Студенттердің білімі осы электронды журнал арқылы бағаланып, мемлекеттік стипендия да соған сәйкес берілуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес оқуға қабылдау тәртібіне кімдердің қабылдануы қажеттігі нақты кӛрсетілгені жӛн;
"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталының (бұдан әрі - портал) ҰБДҚ-мен (ұлттық білім беру деректер қоры) интеграциялануы - уақыт талабы;Талапкерлерден құжат қабылдаудың мерзімдерін қайта қарау қажет;«College. smartnation.kz» электронды платформасын нормативтік құқықтық актімен реттелуін қарастыру қажет.
49. 2022 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы:
Жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша білім бӛлімі тексеру комиссиясының «Білім беруді цифрландыруға бӛлінген қаражаттың игеру тиімділігі аудиті» бойынша 2022 жылдың 26 қазан – 08 қараша айлары аралығында жүргізілген мемлекеттік аудитпен жүргізілген тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға қатысты нұсқамасына сәйкес тӛмендегідей қабылданған. Жүргізілген аудит іс-шарасы бойынша бұзушылықтар назарға алына отырып, алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу және бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, нысаналы мақсатта жұмсалуын бақылау қажеттілігі жӛнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыным: «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында кемшіліктерге жол бермес үшін лауазымдық міндеттерінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары кіретін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға 2023 жылға жоспарға бекітіп, тиісті сала бойынша ұсыныс жолдау;
50. «Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды жариялау барысында біліктілік талаптарын мен техникалық ерекшеліктерінде артық талаптардың қойылмауы сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тауекелдерін болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімі орынбасарымен бекітуге ұсынылды.
Ұсыным: Бекітілген кешенді іс-шаралар жоспары аясында барлық білім беру ұйымдарына түсіндірме жүргізу және білім беру ұйымдары нәтидесі бойынша басқармаға кешенді іс-шара жоспарының орындалуын мерзімінде жолдау;
51. «Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында:
Ұсыным: «2023 жылдың І тоқсанында Мемлекетік сатып алу туралы» заңнамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарының іске асырылуы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен бірлескен алгоритмін жасақтап, білім беру ұйымдарына жолдау;
52. Облыстағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында комплаенс қызметі қосылып, бекітілген жоспарларына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына комплаенс қызметіне жауаптылығы бұйрық негізінде лауазымдық нұсқаулықтарына ӛзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Ұсыныс: Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына білім беру ұйымдарына комплаенс қызметіне жауапты офицер штатын қарастыру бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс хат жолдау;
53. Комплаенс қызметіне жауапты мамандардың жүргізген жұмыстары нәтижелі болу мақсатында мамандардың тиісті сала қызметкерлерімен біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету мақсатында
Ұсыныс: квазимемлекеттік мекемелерінде және барлық мемлекеттік қызметшілерге ISO 37001 халықаралық стандарт жүйесін енгізу үшін кезең-кезеңімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент» оқуынан ӛткізу үшін сала бойынша бекітілген арнайы мамандардың дәрісіне барлық мемлекеттік қызметшілердің кезең-кезеңімен біліктілігін арттыруға 2023 жылға жоспарға бекітіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдау;
54. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу жӛніндегі әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тӛрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу әдістемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бӛлу тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы тӛлеудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген.
Функционалдық блоктар деп мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға бағытталу дәрежесі бойынша топтастырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары деп түсініледі.
Алайда, Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А», «В» және «С» функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бӛлінеді:
- «А» функционалдық блогына лауазымдық ӛкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
- «Б» функционалдық блогына лауазымдық ӛкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады;
Мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бӛледі.Бӛлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында кӛрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысын тудырмас үшін Ұсыным: 2023 жылдың қаңтар айына функционалдық блок бойынша бӛлу жӛніндегі әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тӛрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы №138 бұйрығына сәйкес 70 пайыздан асатын білім бӛлімдеріндегі мемлекеттік қызметшілердің бӛліністерін қайта қарап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері жӛніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне бекітуге келісім алу үшін ұсыным жолдау;
55. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Шиелі ауданы бойынша білім бӛлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүжоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында тӛмендегі мән-жайлар анықталды. Бӛлім басшысының 12.07.2022 жылғы №203 бұйрығымен «№219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –
Мектеп) директоры Ж.Жанадилова 22.07.2022 жылдан 25.09.2022 жыл аралығына жыл сайынғы ақы тӛленетін еңбек демалысына жіберілген. Тиісінше, мектеп директоры 15.07.2022 жылғы №130 бұйрығымен ӛзінің еңбек демалысына шығуына байланысты мектеп директорының қызметін 15.07.2022 жылдан бастап қосымша уақытша атқаруды директордың оқу ісі жӛніндегі орынбасары К.Кенбаеваға жүктеген.
Дегенмен, аталған мән-жайлар ескерілмей, Бӛлім басшысының 18.08.2022 жылғы №272 бұйрығымен Бӛлімнің әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Шохаевқа 18.08.2022 жылдан бастап мектеп директорының міндетін уақытша атқару жүктелген және аталған бұйрықтың күші 25.08.2022 жылы жойылған. Осылайша, 18.08.2022 жылдан 25.08.2022 жылы аралығындағы мерзімде мектеп директорының міндетін уақытша атқару 2 тұлғаға жүктелген. Құжаттарды зерделеу барысында, мектеп директорының жұмыста уақытша болмаған кездерінде (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқаруды Бӛлім қызметкерлеріне жүктеу құзыреттілігі Бӛлім ережесі мен бӛлім басшысының лауазымдық міндеттерінде нақты айқындалмағандығы белгілі болды. Жоғарыдағылардың негізінде, анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының жұмыста уақытша болмаған кездеріндегі (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқару тәртібін Заң талаптарына сәйкес реттеу бойынша ұсынылады.
Ұсыным: ҚР Білім туралы заңының 6-бабына білім бӛлімі басшысының құзыретіне білім беру ұйымдарының басшылары жұмыста уақытша болмаған кездеріндегі (еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық, іс-сапар және т.б) оның міндетін уақытша атқару тәртібін Заң талаптарына сәйкес реттеу бойынша ұсыныс ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдау.
56. Қазіргі таңда, барлық білім беру ұйымдарының бас бухгалтерлері А-2, санаты бойынша-113 843 тг, ал С-2 санатымен бухгалтерлер - 89 246 тг айлық жалақы алып келеді. Ал, білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын үстеме ақы қосылуда.
Осы ретте, білім беру ұйымдарының бухгалтерлерінің еңбек ақы тӛлеу жүйесіне кӛтермелеу бойынша ӛзгеріс енгізуге ҚР Оқу-ағарту министрлігіне ұсыным жолдау.
Қызылорда облысының білім басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
57. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органдарға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құруды.
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, топ жетекшісі Б. Бердаулетов
Қарау және тиісті шараларды
қабылдау үшін ұсынылады:
Басқарма басшысы М. Шермаганбет

Дата публикации
12 декабря 2022