|
|
Іс-шаралар атауы |
2022 жыл |
Орындалу барысы (әр іс-шара бойынша атқарылған жұмысты, сондай-ақ қаржыландыру сомасын көрсету: жоспар / факт) |
|
|
|||
|
1.3. Бақытты балалар |
|||
|
15 |
Бала тәрбиесінде мектептің, сол сияқты ата-ананың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін, мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу, (жаңа форматқа көшу 2021 жылдан басталады) (жауапты - БҒМ) |
100% |
Орындалды! Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық үздіксіз жүзеге асырылады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматын анықтады. Жаңа формат 100% білім беру ұйымдарына енгізілді. Жаңа формат бойынша қыркүйек айында білім бөлімдерінің жауапты тәрбие мамандары, тәрбие бірлестіктерінің жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағаларының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қыркүйек айында ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мектептегі бір күн», «Отбасы – мектеп» және кәсіби бағдар беретін жобаларын іске асыру бойынша тренинг өтті. Жобалар ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының оқуы мен тәрбиесіне жұмылдыруға, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі. Облыстағы 294 орта білім беру ұйымдарында әкелер кеңестері құрылған. Жыл басынан бері ата-аналардың қатысуымен 1770 іс-шаралар өткізілді. Бұл бағытта «Әкелер мектебі», «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Алтын ұя» аналар кеңесі, Ата-аналар университеті, ата-аналар кеңестері, "Әкелер одағы", "Аналар" мектебі, Әкелер алқасы, «Руханият» аталар кеңесі, "Сырғалым" қыздар мен аналар ұйымдары құрылды. Сонымен қатар, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірлескен кезекті ата-аналар форумы қазан айында Арал ауданы бойынша өткізілді. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша әкелер кеңесінің қатысуымен «Жас Ұлан» ұйымының «Әкем үйреткен» жобасы аясында әлеуметтік желіде челлендж, «Ақыл ағадан – ілтипат ініден» ер балалар форумы, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың ең үздік қамқоршылық кеңесі» байқаулары өтті. |
|
27 |
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
99,3% |
Орындалды! Облыс бойынша қазіргі таңда 680 (605 балабақша,75 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйымда 56856 бала тәрбиеленуде. 680 мектепке дейінгі ұйымның 234-і мемлекеттік, 446-і жеке. Жеке меншік балабақшалар үлесі барлық балабақшалардың 73,5 % құрайды. 2022 жылы 1600 орындық 17 балабақша ашу жоспарланып, жоспар толығымен орындалды. 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы 100 % құрайды. |
|
Қызылорда – 70,6% |
|||
|
28 |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
84,1% |
Орындалды! Облыс бойынша қазіргі таңда 2-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 2022 жылға 85,6 % құрап жоспар толығымен орындалды. |
|
Қызылорда – 83,6% |
|||
|
29 |
Мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін балаларды кезекке қою бойынша мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру (жауапты - БҒМ) |
100% |
Орындалды! Құжаттарды электрондық қабылдау электрондық үкімет порталында (Портал) жыл бойы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Порталда қызмет НҚА сәйкес автоматтандырылған. |
|
30 |
"Балаға ақша"қағидаты бойынша кез келген мектепке дейінгі ұйымда орын таңдау үшін ата-аналарға ваучерлер беруді қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
80% |
Орындалуда! «Баланың ақшасы» қағидатына сәйкес кез - келген мектепке дейінгі ұйымда орын таңдауы үшін ата-аналарға ваучерлер беру іс-шарасын орындау мақсатында Оқу – ағарту министрлігімен әдістеме әзірленгеннен кейін, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
|
31 |
Мектепте оқыту үшін мектеп алды жасындағы балалардың дайындық деңгейін арттыру
(жауапты - БҒМ) |
84,5% |
Орындалды! 2022-2023 оқу жылына 1-ші сыныпқа 18761 бала қабылданды. Оның 98 % немесе 18385 бала мектеп алды дайындығынан өткен.
|
|
Қызылорда – 85,1% |
|||
|
Балаларға үздік білім беру |
|||
|
32 |
1000 жаңа мектеп салу есебінен 2025 жылға қарай авариялық және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу
(жауапты - БҒМ) |
пайдалануға беру 200 мектеп |
Орындалуда! Бүгінгі күні облыста 6 апаттық (Жаңақорған №169, Арал №248 мектептер, Қазалы №94 мектеп, Қармақшы №108, 105 мектептер, Шиелі №45 мектеп), үш ауысымда оқыту қаупіндегі 6 мектеп бар (Қызылорда №2 Абай мектебі, №3,101,261,264,280). 2022 жылы облыс бойынша 9 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 6 мемлекеттік және 3 жеке мектеп. Ағымдағы жағдай бойынша 6 мектеп пайдалануға берілді (Арал қаласы №71 апатты мектеп, Жаңақорған ауданындағы 300 орындық және 600 орындық мектеп, Қызылорда қаласында 2 және Жаңақорған ауданында 1 жеке мектептер). 3 мектеп 2023 жылға өтпелі (Қызылорда қаласында 600 орындық, Қазалы ауданында 250 орындық, Жаңақорған Май бекетіндегі 300 орындық мектептер). Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен Арал ауданы, Тоқабай елді мекеніндегі апатты мектеп құрылысы жүргізілуде. |
|
Қызылорда - 9 |
|||
|
33 |
Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектепке жаңғырту жүргізу
(жауапты - БҒМ)
|
1 000 мектеп |
Орындалды! Облыстың шағын қалалары, аудан орталықтарында және ауылдарда 2022 жылы 47 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда 4 мектепке күрделі жөндеу (Қармақшы ауданы №28, №85, №121, Сырдария ауданы №42), 43 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге, 32 пән кабинеттерін сатып алуға, 47 мектептің оқу жихаздарын ішінара жаңартуға, Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталып, пәндік кабинеттер жеткізілді. Жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды.
|
|
Қызылорда - 47 |
|||
|
34 |
Мектептерді білікті педагогтармен 100% қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
95% |
Орындалды! Облыс бойынша жалпы 23457 педагог бар, оның ішінде 27 шебер, 4 235 зерттеуші,7072 сарапшы, 5170 модератор болса жоғары және І санаттылар 1123. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдары сала мамандарымен 100% қамтылып, жоспар орындалды. |
|
Қызылорда - 95% |
|||
|
36 |
Барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
85% |
Орындалды! Облыстағы 294 бастауыш, жалпы және орта білім беру ұйымдарының 230 ауылдық елді мекенде орналасқан білім беру ұйымы. Аманат партиясының жоспарына сәйкес 2022 жылы 85 пайыз – 195 білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған. Ауылдық елді мекендегі 230 мектептің 215-і 8 мб/с және одан жоғары жылдамды интернет жылдамдығына қосылған. Осы ретте, 2022 жылғы көрсеткіш 93 пайызды құрайды. |
|
Қызылорда - 85 |
|||
|
37 |
Қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасындағы алшақтықты азайту
(жауапты - БҒМ) |
- |
Орындалды! Облыстағы 294 мектептің 65 мектебі қала, 229-ы ауыл мектептері. Жалпы орта білім беру ұйымдарының 53 - і инновациялық мектептер. Оның ішінде 10-ы гимназия, 43-і лицей. Ауылдық жерде 10 инновациялық мектеп бар. Халықаралық тәжірибеде білім сапасы PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша бағаланады. Ауыл мен қала арасындағы алшақтық 19-26 ұпай. Ал қазақстандық сырттай бағалау жүйесімен де қала мен ауыл арасында 8 ұпайлық айырма бар. Осы орайда білім сапасына әсер ететін фактор: Біріншісі - мектепте жұмыс істеп жүрген мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігі, санатының өсуі. Екіншісі - мектептің материалдық-техникалық базасы. Пәндік кабинеттермен жабдықталуы, Интернетпен қамтамасыз етілуі, зертханалардың болуы. Ауылдағы дарынды балаларды қолдау шаралары, «Елбасы медалі», «Мың бала» жобасын іске асырылуда. Білім сапасын арттыру мақсатында қосымша білім беру бағытының негізгі пәндерді оқыту бойынша үйірмелер санын ауылдық жерлерде арттыру, «Тірек мектептер» желісін аудандарда ашу және оларды пән ассоциацияларының «базалық тәжірибе алаңы» ретінде дамыту, педагогтарды жетекші мектептер базасында тағылымдамадан өткізу жұмыстары жүргізілді. |
|
38 |
Елдің мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік бере отырып, дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлерде анықтау және қолдау (жауапты - БҒМ) |
2 000 бала, оның ішінде 1000 бала ауылдық жерден |
Орындалды! Дарынды балаларды қолдау мақсатында 2022-2023 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылданғандар. Қызылорда қаласының Е. Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына жалпы 48 оқушы және Арал ауданының №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына жалпы 25 оқушы қабылданды. Барлығы 73 бала. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала»Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы. «Ел үміті» жобасы облыста 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Олимпиада қорытындысымен 3 жылда - 2020-2021 оқу жылында 23 оқушы; - 2021-2022 оқу жылында 27 оқушы; - 2022-2023 оқу жылында 28 оқушы; - жалпы 78 оқушы республика және облыс аумағындағы мамандандырылған мектептерге орналасты. |
|
Қызылорда – 66 |
|||
|
Қызылорда – 154 |
|||
|
40 |
Барлық мектептерде спортпен айналысу үшін жағдай жасау (жауапты - БҒМ) |
90% |
Орындалды! Облыс бойынша 294 мектептің 276-да спорт зал бар (93,9%). Спорт залмен қамтылмағаны-19 (7 бастауыш, 7 негізгі, Мектеп жанынан қосымша 4112 спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс жасайды, онда 139 536 бала қамтылған. Облыс бойынша 2104 дене шынықтыру пәні мұғалімі қосымша базалық лауазымдық жалақы есебінен волейбол, баскетбол, футбол, шағын футбол, қол добы, үстел теннисі, ұлттық ойындар шахмет, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қазақша күрес түрлерінен 2104 секцияны жүргізуде (2022ж - 80%, 2023ж - 85%) |
|
Қызылорда - 93% |
|||
|
41 |
Әр мектепте физика, химия, биология пәндерінің кабинеттерін ашу (2020 жылы – 69%) (жауапты - БҒМ) |
83% |
Орындалды! Жалпы облыс бойынша 295 мектеп бар. Оның ішінде 32 шағын жинақталған мектептер, 263 орта мектептер. Ағымдағы жылы 50 пәндік кабинет алуға (физика - 18, химия - 12, биология - 20) облыстық бюджет есебінен 403,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні кабинеттер толығымен алынып, көрсеткіш 86,4% құрауда. |
|
Қызылорда - 83% |
|||
|
42 |
Әрбір сыныпта (мектеп кабинетінде) интернетке қолжетімділігі бар компьютер орнату (жауапты - БҒМ) |
85% |
Орындалды! Облыс көлеміндегі 294 білім беру ұйымдарында 6511 оқу кабинеттері бар. Қазіргі таңда 5537 кабинет толығымен интернетке қолжетімділік орнатылып, жабдықталған. 2022 жылы аталған көрсеткіш 85,2 пайызды құрап, жоспар орындалды. |
|
Қызылорда - 85 |
|||
|
45 |
Педагогтердің еңбекақысын 2023 жылға қарай 2 есеге ұлғайту (2019 жылдың базалық деңгейінен) (2020 жылы еңбекақы 25%-ға өсті) (жауапты - БҒМ) |
кемінде 25% орташа жалақыны кемінде 253 мың теңгеге жеткізе отырып |
Орындалды! 2022 жылы педагогтердің еңбекақысын 1,75 есеге арттыру үшін республикалық бюджеттен 52 496,8 мың теңге бөлініп, еңбекақылары ұлғайтылған көлемде төленді. |
|
46 |
Балаларды қорқытудан, интернет-қудалаудан, жыныстық қылмыстар мен суицидтен қорғау жөнінде шаралар қабылдау (2020 ж – 55%) (жауапты - БҒМ) |
75,2% |
Орындалуда! ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының мәліметіне сәйкес 2022 жыл қорытындысы бойынша 13 суицидтік жағдай тіркелді, оның 9 аяқталған болса, 4 ұмтылыс (2021 жылы – 13, аяқталған -11 (-45,5%), ұмтылыс -2). Республика бойынша 2022 жылдың 11 айында аяқталған суицид көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы 9 орында. Былтырғы жылмен салыстырғанда -45 % төмендеген. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында оқушылардан кешенді тест алынды. Сауалнамаға 112530 оқушы қатысып (қарсылық білдірген ата-ана 1817), нәтижесі бойынша психологиялық қолдау тобына 3972 анықталған. Нақтылау мақсатында мектеп/колледж педагог психологтары жүргізген сұхбаттан кейін «тәуекел топқа» 544 жасөспірім алынған. Алгоритимге сәйкес Тәуекел тобындағы 286 оқушының ата-аналары хабардар етіліп, БМСК (бастапқы медициналық санитарлық көмекке), арнайы мамандарға жолданған. 129 оқушы арнайы маманға қаралып, 16 балаға ем тағайындалды. Сұхбат нәтижесі бойынша нақтыланбаған 2937 бала мектепішілік (колледжішілік) бақылауға алынған. Сонымен қатар, қосымша ата-ана, мұғалімдер сұранысына (суицид сақшылары) және педагог-психологтарға оқушылардың өз еркілерімен жүгінуіне сәйкес 567 бала анықталып, мектепішілік бақылауға алынып сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы №377 бұйрығына сәйкес мектептерде Психологиялық қызмет жұмыс жасайды. Аталған қызмет аясында оқушылармен психологиялық қызмет мамандары (тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші, т.б.) бірлескен жұмыстар жүргізіп, қорытындысына сәйкес анықталған оқушыларды мектепшілік бақылауға алып, балаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы кейс ашады (дабыл парағы, жеке даму жоспары, баланың өзгеру динамикасы). Осы негізінде, білім беру ұйымдарымен суицидалды мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында 500-ден астам балаға кейс ашылды. |
|
49 |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметіне балалардың құқықтарын қорғау, оқу және тұру жағдайлары тұрғысынан мониторинг жүргізу |
15 мекеме |
Орындалды! ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоспарына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұру жағдайларына мониторинг жасау мақсатында 15 мекемеге тексеру жүргізу жоспарланған. 2022 жылдың қорытындысымен 18 білім беру ұйымына профилактикалық бақылау жүргізілді. |
|
Барлық балаларға тең мүмкіндіктер |
|||
|
51 |
Жоғары оқу орындарында, колледждерде, орта білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасау (2020 жылы - ЖОО-лардың 15%-ы, колледждердің 47,8%-ы, мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарының 30%-ы) (жауапты - БҒМ) |
43% - ЖОО мен колледждер, 35% - мектепке дейінгі ұйымдар және орта білім беру ұйымдары Қызылорда - 33% ЖОО Колледждердің 47,1% 35% - мектепке дейінгі ұйымдар және орта білім беру ұйымдары |
Орындалды! Инклюзивтік білім беруді дамыту мақсатында өңірлік Жол карта бекітіліп, 3 жыл бойы қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 142 мемлекеттік балабақша арнайы логопед мамандармен және логопунктпен жабдықталды. Балалардың бойында басым бөлігінде сөйлеу қабілеті бұзылуына орай балабақшалар бірінші кезекте логопедиялық кабинеттермен жабықталды. Ағымдағы жылы мемлекеттік балабақшалар арнайы маман және кабинеттермен 100 % қамтылды. 2020-2021 жылдары 83 инклюзивтік кабинеттер ашылды. Биыл тағы 28 инклюзивтік кабинеттер ашылды. Бүгінгі күні барлығы 235 мектепте (80 пайыз) мектепте ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін инклюзивтік кабинеттер, ресурстық орталықтар, арнайы мамандар қызмет көрсетеді.Инклюзивті білім беруді дамыту жол картасы толық орындалды. |
|
52 |
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз ету 2022 жылдан басталады) |
30% |
Орындалуда! ҚР Оқу-ағарту министрлігімен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына келісім беріліп, бекіту жоспарлануда. Бұйрық қабылданғаннан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында түзету кабинеттерінің желісін көбейту қаралатын болады.
|
|
1.4. Болашаққа сенімді жастар |
|||
|
Барлық жастар үшін қолжетімді білім беру |
|||
|
57 |
Барлық жастар үшін қажетті мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету (жауапты - БҒМ) |
20 000 адамға |
Орындалды! 2022-2023 оқу жылында аймақтың еңбек нарығының сұранысына, жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға және шағын, орта бизнес өкілдеріне қажетті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлау үшін жергілікті бюджеттен 3108 орын, республикалық бюджеттен 1600 орын, барлығы 4708 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Студенттер оқу орындарына конкурстық негізде қабылданды. Жастардың тегін кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасалды. |
|
Қызылорда - 1,7 мың адам |
|||
|
58 |
«Жас маман» жобасы шеңберінде 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту (жауапты - БҒМ) |
100% |
Орындалды! «Жас маман» жобасын өңірімізде 9 колледж жүзеге асыруда. Жобаны қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2020 жылы 4 колледжге 1,3 млрд. тг, 2021 жылы 5 колледжге 1,5 млрд. тг, жалпы барлығы 2,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жоба 2020-2021 жылдары жүзеге асырылды. Колледждердің материалдық-техникалық базалары заманауи құралдармен техникалармен жабдықталды. 2022 жоба бойынша қаржы қаралмаған. |
|
Қызылорда - 9 колледж |
|||
|
65 |
2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу |
- |
Орындалды! Бүгінгі таңда облыс бойынша 4 колледж үшін жатақханаға қажеттілік 425 орынды құрайды (мемлекеттік колледждер үшін – 175 орын, мемлекеттік емес колледждер үшін – 250 орын). Үшінші әлеуметтік бастама іске асырылғаннан бастап облыста жатақхана құрылысын салу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2019 жылы «ДилМаш» ЖШС 330 орынға арналған «Студенттер үйінің» құрылысын аяқтап, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері үшін пайдалануға берді. 2020 жылы жеке кәсіпкер «Сүйеніш» 2 колледж студенттері үшін 400 орынға арналған жатақхана құрылысын аяқтап, 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берді. «Болашақ» университеті 2020 жылы 372 орын, 2021 жылы 444 орынға арналған жатақхананың құрылысын аяқтап, пайдалануға берді (университет жанында 2 колледж жұмыс жасайды: «Болашақ» жоғары колледжі, «Болашақ» медицина жоғары колледжі). 2021 жылы «ДилМаш» ЖШС 170 орынға арналған 2-ші жатақхана ғимаратын пайдалануға берді. Сонымен қатар, «Арал құрылыс» ЖШС өз теңгеріміндегі бос тұрған 2 қабатты ғимаратты қайта құрылымдаудан өткізіп, 75 орынға лайықталған жатақхана ғимаратын пайдалануға берді.
|
|
99 |
«Жан Шуақ» сыйлығын, «Тең мүмкіндіктер әлемі» балалардың инклюзивті фестивалін, «Жұлдызай» шығармашылық фестивалін және басқаларды өткізу тәжірибесін жалғастыру |
1546 |
Орындалды! Облыс бойынша ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың арасында жыл сайын «Жұлдызай» фестивалі мен спартакиадаға, «Білімділер» сайысына және басқада шараларға 1000-ға жуық бала қатысты. Аталған шаралар бюджет және бюджеттен тыс қаржылар есебінен ұйымдастырылды. Жұлдызай фестивалін ұйымдастыруға 3,9 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шараларға 520 бала тартылды.
|
|
139. |
Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу |
|
Орындалды! 2022 жылы дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу үшін республикалық бюджеттен 527041,0 мың теңге бөлініп, қосымша ақы төленді. |
|
161. |
Үздіксіз экологиялық білім беру моделін қалыптастыру, барлық ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту (2020 жылы – 60%) |
80% |
Орындалды! Оқушыларға теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып ғылымға баулу мақсатында 2016 жылдан бастап Қызылорда облысындағы барлығы 16 мектеп (Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі, №101 мектеп-лицей, №264 мектеп-лицей, №11 мектеп-лицей, №140 орта меткеп, №261 орта мектептер және аудан орталықтарында Сырдария ауданындағы №35, №36 мектеп-лицейлері, Қазалы ауданындағы №103 орта мектеп, Шиелі ауданында №181 орта мектеп, Жаңақорған ауданында №3 мектеп-интернаты, Қармақшы ауданында №108 орта мектеп) және оқушылар үйлері жанынан жылыжайлар ашылып жұмыс жасап келеді. Оқушылар мен ұстаздар жылыжайда өнімдерді баптап, түрлі көгөніс өнімдерін өндіруде. Жылыжайлар «Жасыл аймақ» оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы болып құрылды. Экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру, ғылыми зерттеу дағдыларын, экологиялық бағыттағы үйірмелер жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицейі «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын тірек мектебі ретінде жүзеге асыруда. 2022-2023 оқу жылында 202 мектептің 6 сыныптарында «Экология» вариативтік курсы оқытылып, онда 11787 оқушы білім алуда. Мектептерде экологиялық бағытта үйірмелер жұмыс жасайды. Онда 15 мыңға жуық оқушы қамтылған. Жыл сайын жасыл мектептер арасында «Үздік жасыл мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылады. |