Желі - 30 колледж (мемлекеттік - 17 бірлік, жеке - 13 бірлік).
Контингент - 20672 адам (мемлекеттік - 11399, жеке - 9273)
Қабылдау - 6198 адам (мемлекеттік - 3072, жеке - 3126)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар контингенті - 12974. Ақылы негізде - 7698.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1897 студент білім алуда.
Түлектер саны 4866 адамды құрады. (мемлекеттік - 3396, жеке - 1470)
Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері, 1750 оқытушы, 30 басшы, оның ішінде жоғары білімді - 1915 (88,0%), ТжКБ бар – 268 (12,0%).
Дуалды жүйе бойынша 24 колледжде 2404 студент білім алуда.
17 мемлекеттік колледжде 14 жатақхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 1625 орынды құрайды. 2022-2023 оқу жылында студенттердің жатақханаға деген сұранысы – 425 орынды құрады.
2020-2021 жылдары 5 колледж (М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі - 200 орын, С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжі – 200 орын, "Болашақ" жоғары колледжі - 444 орын, "Болашақ" жоғары медициналық колледжі – 372 орын, Арал көпсалалы колледжі - 75 орын) 1291 орынды жатақхана пайдалануға берілді.
2023 жылы 75 орындық 1 жатақхананы (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын) пайдалануға беру жоспарлануда, МЖӘ аясында құрылыс жұмыстары басталды.
Сонымен бірге, 350 орындық 3 жатақхананы (Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі – 50 орын, Қазалы аграрлық-техникалық колледжі – 100 орын, Қызылорда жоғары кәсіптік колледжі – 200 орын) пайдалануға беру жоспарлануда.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы жатақханаға қажеттілік толық қанағаттандырылатын болады.
Жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 84,0% - ды немесе 4344 адамды құрады, мемлекеттік тапсырыс бойынша түлектер саны 3477 адамды, оның ішінде 2990 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 86,0% - ды құрады.
"Жас маман" жобасына көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сервис және т.б. бағыттар бойынша 9 колледж қатысты, 9 колледжге жабдықтар сатып алынды. 7 құзыреттілік орталығы құрылды. Жоба аясында 17 мамандық бойынша 1060 студент білім алуда.