2022 жылғы І жартыжылдығындағы Қызылорда облысы бойынша білім саласы туралы ақпарат

2021 жылдан бастап білім саласы жаңа басқару жүйесіне көшіріліп,  қала, аудан әкімдіктерінің құзыреттіліктері облыс деңгейіне өтті.

2022 жылы білім саласының жалпы бюджеті  204, 4 млрд. тг. (РБ  79, 4 млрд. теңге, ЖБ 125 млрд. теңге.) жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 17 % - ға артқан ( 2021 жылы 173 674,7 млн тг.).

Бүгінгі күні облыстағы 677 мектепке дейінгі ұйымда (162 мемлекеттік, 439 жекеменшік, 76 шағын орталық) 59 369 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылса, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу көрсеткіші – 90,7 %. Жеке балабақшалар үлесі – 73 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны – 5 909.

2022 жылы балабақшаларда мыңнан аса жаңа орындар ашылады деп жоспарлануда (жоспар 17 жеке балабақша 1048 орын).

Өткен 2021-2022 оқу жылында аймақта 311 мектеп жұмыс жасады, оның ішінде 295 (170 297 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 748 оқушы) жеке мектеп. Оқушы саны - 176 045. Оқушылар 2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда – 8 193 - ке артқан.

2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 19 568 оқушы келеді деп күтілуде. Осы ретте, оқушылар саны 2021-2022 оқу жылмен салыстырғанда 6 812 - ге артады деп жоспарлануда.

Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп, 2022 жылы жаңадан 3 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде).

Мектептердегі педагогтар саны – 23 086, оның 21 851 – і (94,6 %) жоғары білімді, 1 235 – і (5,4 %) техникалық және кәсіптік оқу орнын аяқтаған мамандар.

Анықтама ретінде: Жаңа форматтағы біліктілік санатын алған педагогтар саны – 14 863 немесе (64 %), педагог-шебер – 29, педагог-зерттеуші – 4 010, педагог-сарапшы – 6 334, педагог-модератор – 4 490.

Жоғары санатты – 688, І санат – 2 133, ІІ санат – 1 614, санаты жоқ – 3 788.

2022-2023 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражат көлемі - 1,6 млрд теңге.

Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы іске асырылуда, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды.  

2022 жылы білім беру ұйымдарында 28 инклюзивтік кабинет, 2 ресурстық орталық, 47 логопункт ашылады.

Облыста 61 қосымша білім беру ұйымы бар, 53 959 бала қамтылған.

2021-2022 оқу жылында мектеп жанындағы жалпы қосымша біліммен (үйірме/ секция) 156 430 бала (88,4%) қамтылып отыр.

2022 жылы аймақта 9 лагерь жұмыс жасайды (7 мемлекеттік, 2 жеке). Барлық жазғы лагерьде 6 743 бала тынығатын болады.

Облыста кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны 5 айда өткен жылмен салыстырғанда 44,8 % (2021 ж. 5 ай – 29, 2022 ж. 5 ай - 16) төмендеген.

Қылмыс жасаған жасөспірімдер саны 39,1 % - ға (2021 ж. 5 ай – 23, 2022 ж. 5 ай - 14) азайған. Атап айтқанда, мектеп оқушыларының қылмыс жасауға қатысу саны 50 % - ға (2021 ж. 5 ай – 23, 2022 ж. 5 ай - 14) (Қызылорда-2, Арал-1) төмендеді.

2022 жылы 4 350 орынға арналған 9 мектептің құрылысы жүргізілуде (6-мемлекеттік: Арал №71 мектеп, 200 орындық, Қазалы 250 орындық мектеп, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын, Жаңақорған 600 орын №169, Майбекет шағын ауданы 300 орын, Сұлтанмұратов көшесі  300 орын, 3 жеке: Қызылорда – 2 мектеп, Сабалақ, Күлтегенов көшесі, Арал қаласы -1 мектеп).

6 мектептің (Қармақшы №28, №85, №121, Сырдария №42, Жаңақорған №55, Қызылорда №10)  күрделі жөндеу жұмыстарына 2,1 млрд. теңге бөлінді. 47 мектеп модернизациядан өтеді (күрделі, ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін алу, жихаздарын жаңарту т.б.).

Аймақтағы балалар санының өсу динамикасын ескере отырып апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2025 жылға дейін 34 мемлекеттік, 18 жеке мектеп құрылысы салынатын болады.

Өңірдегі 30 колледжде 97 мамандық бойынша – 18 940 студент білім алады.

25 колледжде 87 мамандық бойынша 3 788 студент дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алуда. 24 колледжде 78 мамандық негізінде модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы облысымыздағы 10 колледжде жүзеге асуда. (2020 жылы 4 колледж, 2021 жылы 6 колледж).

Білім саласы бойынша негізгі көрсеткіштерді жақсарту, сапалы білім беру мен жайлы орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар (ұйымдастыру шаралары бойынша):

  1. Жан басына қаржыландыру әдістемесі бойынша ұлғайтылған жалақы коэффицентін есептеу барысында экологиялық коэффицент шығындарын есепке алу;
  2. Педагогтардың апталық оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа азайтуға байланысты қосымша қажетті қаржы;
  3. 2 жастағы балалардың балабақшамен қамтылу үлесін арттыру;
  4. Білім беру ұйымдарындағы жан басына қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізу;
  5. Қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы.

 

Дата публикации
13 июля 2022