Облыс бойынша 5912 ерекше білім алуды қажет ететін бала есепке алынды. Олардың
Психикалық дамуы тежеленген – 1009 бала
Ақыл есі кемтар – 714
Ақыл есі кемтар ауыр түрі – 65
Есту қабілеті бұзылғандар – 229
Көру қабілеті бұзылғандар – 232
Тірек қозғалысы аппараты бұзылғандар – 1314
Сөйлеу қабілеті бұзылғандар – 2088
Аутистік спектрі бұзылы бар балалар - 261
Олардың 680 балабақшада, 1947–і жалпы мектепте, 173 колледждерде білім алуда.
Білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол карта бекітілді (2020 ж -505 млн.тг; 2021 ж.-1 млрд, 2022 ж.- 670 млн. тг)
Жол карта аясында 144 мемлекеттік балабақшада логопункт ашылды, 121 арнайы мамандар қабылданды.
119 мектепте инклюзивтік қолдау кабинеттер және 8 ресурстық орталықтар ашылды, 151 арнайы мамандар қабылданды. (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, арнайы психолог, арнайы әлеуметтік педагог).
Осыған орай, бүгінгі күні облыс бойынша 289 мектептің 255 мектепте ерекше білім алуды қажет ететін балалар білім алуда. Оларға 288 арнайы мамандар және 9072 арнайы курстан өткен мұғалімдер сабақ береді. Сонымен қатар, 60 педагог-асисстент сүйемелдеу жасайды.
Мемлекеттік бала бақшаларда 271 арнайы мамандар мен 32 педагог-асисстент жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, өңірімізде 21 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК)-5, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинет (ППТК)-9, оңалту орталығы-3 , арнайы мектеп-интернат 3, арнайы балабақша -1.
Аталған мекемелерде жыл бойы 1573 бала түзету көмегін алады.
Аутизм спектрі бұзылысы бар балалар үшін білім беру ұйымдарында кезен-кезеңімен жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.
6 балабақшада, 6 мектепте аутистік спектрі бұзылысы бар балалар үшін инлюзивтік кабинеттер ашылды. Әр кабинет 9-10 баладан қамтиды.
2020 жылы «Болашақ» қорпоративтік қорымен Қызылорда қаласының № 6,23 мектеп базасында осындай кабинеттер ашылды. Жалпы облыс бойынша бүгінгі күні 8 мектепте аутист балаларға арналған кабинеттер жұмыс жасайды. Оның 6-ы Жол карта аясында ашылғандар.
Бүгінгі күні балабақша және мектепте 126 аутист балалар білім алуда. Әр аутистік спектрі бұзылысы бар балаға педагог-асисстент бөлінеді.
Ендігі кезде, аутист балаларға арнайы бағдарлама жасау, мамандарына әдістемелік көмек көрсету мәселесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минитрлігінің 12.01.2022 ж № 6 және 29.12.2021 ж. № 614 бұйрығына сәйкес, әр білім беру ұйымы ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасау міндетті.
Аталған қызмет баланың диагнозына қарамастан жасалынады. Дегенімен, аутист балаларға арналған бағдарлама Қазақстан бойынша дамымаған.
Бүгінгі күні тек Үкіметтік емес ұйымдары шетел мамандарынан оқудан өтіп, жаңа технология әдістерін қолдануда. Осыған орай, үкіметтік емес ұйымдарының мамандарының көмегіне жүгінеміз.
Аймағымызда «Асыл мирас», «Жас ұрпақ», «Розалия и Эмир», «Мейірім» үкіметтік емес ұйымдары аутист балаларға түзету көмегін көрсетіп келеді.
Мемлекеттік мекемелердің әдісін жаңарту мақсатында тығыз байланыста «Розалия и Эмир» , «Асыл мирас» қоғамдық қорларымен жұмыс жасаймыз және Асыл мирас аутизм орталығын мемлекеттік теңгеріміне ауыстыру жұмыстар жүргізілуде.
Аутизм орталығы әдістемелік көмек көрсету орталығы болып жұмыс жасайтын болады.