Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы

​​

Білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін  қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі  «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің жаңа тетігін әзірледі.

Осыған орай, 2021 жылдан бастап, оқу орындарына құжат қабылдау жаңа рәсімдер бойынша жүргізілуде.  

Электронды түрде құжат тапсырар кезде талапкер 4 мамандық таңдайды және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы  № 264 қаулысына сәйкес төмендегі квота санатын белгілейді.

Атап айтқанда:

-I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан балалар үшін;

-басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің балалары үшін;

-ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан балалар үшін;

-ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ балалар үшін;

-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін;

-ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастар арасынан шыққан Қазақстан Республикасының балалар үшін;

-кәмелетке толмаған төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;

-кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;

-бала кезінен мүгедек балаларды, I, II топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға конкурс аттестаттың міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы  және квота санаты ескеріле отырып, өткізіледі.

Қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурсты автоматтандырылған жүйе анықтайды.

Талапкерлердің орташа конкурстық балы тең болған кезде, білім туралы құжаттың орташа балы және жоғарыда аталған 9 квота санаты ескеріледі.

 

Дата публикации
25 июня 2022