«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсы туралы ереже

Облыстық білім басқармасының

2022 жылғы  15 сәуірдегі

№77-нқ/1  бұйрығына

қосымша №1

 

«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсы туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасында «Психологиялық-медициналықпедагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсын ұйымдастырудың тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Конкурс).

1.2. Конкурсқа Қазақстан Республикасының психологиялық-медициналықпедагогикалық консультацияларының (бұдан әрі - ПМПК) мамандары қатысады.

 

  1. Конкурс атағын, критерийін, номинациясын беру тәртібі

2.1. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» атағы жылына бір рет конкурстық негізде белгіленеді.

2.2. Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін ПМПК мамандары қатысады:

- ПМПК-ның штаттық маманы болатын;

- ПМПК-ның жаңадан қабылданған қызметкерлері конкурсқа қатысу құқығынкелесі жағдайда алады: ПМПК - да кемінде үш жыл жұмыс істесе, арнайы педагогика саласында жұмыс өтілі 5 жыл болғанда - ПМПК-да кемінде екі жыл жұмыс істесе; - «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» атағы бір педагогқа үш жыл ішінде бір реттен артық берілмейді; - Конкурсқа қатысу ПМПК басшысының ұсынымы мен қызметкердің жеке өтініші негізінде жүргізіледі.

2.3 «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсы жыл сайын екі кезеңмен өткізіледі: 1 кезең – облыстық (1-30 сәуірде) 2 кезең – республикалық (1-30 қыркуйекте)

2.4. Конкурс шеңберінде келесі номинациялар тағайындалады: - «Педагогтың үздік видео-визиткасы» - «Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» (әлеуметтік педагогтардан басқа); - «Отбасына үздік консультация беру»; - «Баланың дағдыларын отбасында дамытудың үздік үй бағдарламасы»; - «Педагогтарға үздік консультациялық-әдістемелік көмек»; 2.5. Конкурстың облыстық кезеңінің нәтижелеріне келесілер жатады: - «Қызылорда облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» атағының жеңімпазы; - «Педагогтың үздік видео-визиткасы» номинациясының жеңімпазы; - «Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясының жеңімпазы (әлеуметтік педагогтардан басқа); - «Отбасына үздік консультация беру» номинациясының жеңімпазы; - «Баланың дағдыларын отбасында дамытудың үздік үй бағдарламасы» номинациясының жеңімпазы; - «Педагогтарға үздік консультациялық-әдістемелік көмек» номинациясының жеңімпазы;

2.6. Конкурстың нәтижелері бойынша жеңімпаздарға материалдық (сыйақы) және материалдық емес (грамота, сертификат) ынталандырулар беріледі.

  1. Конкурстың мақсаттары және міндеттері

3.1. Конкурстың негізгі мақсаты психологиялық-медициналықпедагогикалық қызмет көрсету, ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау, бала дамуының ауытқуларын алдын алу және жеңу мәселелері бойынша отбасына консультация беру сапасын жақсарту, ПМПК-ның талантты, кәсіби жұмыс істейтін мамандарын анықтау, оларды ынталандыру болып табылады. 3.2. Конкурстың міндеттері: - қызметкерлердің кәсіби белсенділігін арттыру; - ПМПК мамандарының үздік жұмыс тәжірибесін анықтау; - озық диагностикалық-консультациялық қызметті тәжірибесінің таралуы мен насихатталуына ықпал ету; - талантты, шығармашылық тұрғыда қызмет жасайтын мамандарға қолдау көрсету және ынталандыру; - ПМПК мамандарының қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру.

  1. Конкурстың І-кезеңін өткізу тәртібі.

 4.1. Конкурстың І-кезеңі - облыстық. Жыл сайын сәуір айында өткізіліп, конкурстың республикалық ІІ-кезеңіне қатысуға ұсынылатын, «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» атағының жеңімпазы белгіленеді.

4.2. Конкурстың І-кезеңін өткізу туралы хабарламаны білім беру басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың І-кезеңі басталуынан 15 күнтізбелік күн бұрын, облыс аймағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарына береді, және де Басқарманың интернет-ресурсына орналастырады.

4.3. Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін Облыстық комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия), оның құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітіледі. 4.4. Комиссия психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың тәжірибелі педагтарынан, педагогикалық шеберліктің кәсіби конкурстары жеңімпаздарынан, әдікерлерден, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы біліктілікті көтеру институттардың қызметкерлерінен құраламдастырылады.

4.5. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы керек. Комиссия отырыстары мүшелерінің құрамы үштен бір бөлігінен кем болмаған кезде заңды күшке ие саналады.

4.6. Комиссия төрағасы және орынбасары Комиссия мүшелерінің ішінен сайланады. Хатшысы мүшесі болмайды.

4.7. Конкурстың І-кезеңіне қатысу үшін жыл сайын Комиссияға келесідей құжаттар мен материалдар электрондық форматта ұсынылады:

1) берілген форма бойынша Конкурсқа қатысуға тапсырыс;

2) ПМПК басшысының ұсынысы;

 3) жұмыс орнында расталған қадрлар есебінің жеке парағы;

 4) жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5 ПМПК әдістемелік кеңесінің отырырысы хаттамасының көшірмесі;

 6) педагогтың видео-визиткасы – педагогтың кәсіби құзыреттілігі, жеке жетістіктері мен сипаты жайлы берілген техникалық шарттарға сәйкес ақпарат беретін қысқаша видеоролик;

7) қолданылған әдістемелерін қөрсете отырып, баланы тексерудің толық (кең түрдегі) хаттамасы;

8) жүргізілген тексеру, оның нәтижелері, анықталған ерекше білім беру қажеттіліктері, оқыту және тәрбиелеу барысындағы олардың қанағаттандырылуы жөнінде ата-аналарға консультация беру процесінің видеоролигі;

9) отбасында баланың дағдыларын дамыту бойынша дайындалған бағдарлама;

10) «Әдістемелік жинақша» - авторлық бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, жеке консультациялар ж.б.;

 11) «Мен –ПМПК педагогымын!» тақырыбындағы эссе;

12) Педагогтың электрондық портфолиосы. Конкурсқа қатысуға арналған барлық материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

4.8. Педагогтардың кәсіби қызметін көрсететін ұсынылған материалдарды Комиссия берілген критерийлерге сәйкес бағалайды.

 4.9. «Қызылорда облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» атағын беру туралы, номинациялар бойынша жеңімпаздар жайлы Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, көмиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

4.10. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

 4.11. Комиссияның шешімі Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген тәртіпте қайта қаралуына болады.

4.12. Конкурстың І-кезеңінің қорытындылары облыс аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурс аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен асырмай басылады, және де Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

4.13. Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпазға «Қызылорда облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» атағы беріледі, номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады. Комиссияның шешімі қабылданнан кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жеңімпаздарға грамоталар, жеңімпаз болмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Дата публикации
15 апреля 2022