Развитие инклюзивного образования

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес  мектепке дейінгі ұйымдардың үлесін республика бойынша 2021 жылы 60  пайызға,   инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасаған мектептердің үлесі 80 пайызға дейін көтеру жоспарланған.  

Психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялар (ПМПК) 2020 жылғы қорытынды есебі бойынша облыста 6536 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуге алынды. 0-6 жас аралығындағы бала саны – 1935, 7-18 жас аралығында 4601 бала.

Облыста ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың иклюзивтік білім алуын қамтамасыз ету үшін «Қызылорда облысында инклюзивтік білім беруді дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы» облыс әкімімен бекітіліп,  жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні облыс бойынша инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі  52,8 пайызды   , жалпы орта білім беретін мектептердің үлесі 86,3  пайызды құрап отыр.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың 700-і бала бақшамен қамтылды.

        Жол картасы бойынша   142  мемлекеттік  балабақша  (барлық мемлекеттік балабақшалар саны 161)  арнайы логопед маманы және логопунктпен жабдықталды.  

          Екіншіден, аутист балалар үшін балабақшаларда инклюзивтік кабинеттер 2020 жылы 1 балабақша (9 маман); 2021 жылы-2 балабақша (18 маман) Қызылорда қаласы және Қармақшы ауданынан ашу жоспарланған. Бүгінге 3 балабақшаға аутизм диагнозындағы балалар қабылданып, әр балаға 1 педагог ассистенттен қаралған. Алдағы уақытта балалар дағдысы қалыптасып, жалпы орта мектепте білім алуын әрі қарай жалғастыратын болады.

  Мектеп жасындағы балалардың 2182  жалпы орта және арнайы білім берумен, үйден оқытылуға 1181 бала қамтылған.

Жалпы орта білім беретін мектептерге келетін болсақ, облыста 293 мектептің 253-де инклюзивті білім алуға жағдай жасаған. Жалпы мектепте 1901 бала білім алады.

Жол картасына сәйкес 2020 жылы барлығы 44 арнайы кабинеттер жабдықталған болса, 2021 жылға бұл жұмыстар жалағасын тауып, 33 мектепке инклюзивті кабинеттер ашылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мектептерге арнайы мамандар берілді. Бүгінгі күні  161 (54,9 %) мектепте дефектолог, педагог-ассистент мамандар  жұмыс атқарады (2021 жылы 212 мектепте анайы маман жұмыс жасайтын болады  72,3 %).

2018 жылы Қызылорда қаласында «Болашақ» қоғамдық қоры арқылы екі мектепте аутист балалар үшін инлюзивтік кабинеттер ашылды.

Инклюзивті кабинетте жұмыс жасайтын мамандарға, пән мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне оқу әдістемелік орталықпен кабинет ережесі жасалынып, мамандарға әдістемелік көмектер ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың  ақпан-мамыр айларында  1100 педагог қызметкер инклюзивті білім беру бағытында біліктілігін арттыратын болады. Педагог қызметкерлер Қыздар педагогикалық институты, Өрлеу біліктілікті арттыру институтынан біліктілік арттыруда.

  Барлық білім беру ұйымдарында кедергісіз аймақ орнату  жұмыстар жүргізілуде (шақыру қоңырауы, пандустар, тактильді жолақтар жүргізіліп, арнайы әжетхана болуы қарастырылуда).

  Облыста үйден оқытылатын балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып,  Жол картасына  2021-2022 жылдары үйден оқытылатын 300 балаға компенсаторлық құрылғымен қамтамасыз ету енгізілді.

          

 

Дата публикации
14 апреля 2021