Орта білім
Бүгінгі күні облыстағы 304 мектепте 169 883 оқушы білім алуда ( 294 мемл. –167 715, 10 жеке -2168). 4-ші оқу тоқсаннан бастап барлық мектептер толығымен штаттық режимге көшті. Оқушылардың 86% (146 787 оқушы) дәстүрлі, 14% (23096 оқушы) қашықтан білім алуда.
Инфекцияның таралу қауіпін азайту бағытында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтуде.
Аймақта 2 апатты мектеп тіркелген. 1 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданы №169 мектеп). 2021 жылы Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысы басталатын болады (982 млн. тг).
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте (№№2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) оқушы орын тапшылығы бар (Дефицит-5752).
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан РБ есебінен 600 орындық мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде.
2100 орынға арналған жаңа 3 мектептің ЖСҚ әзірленуде.
Биылғы жылы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы (442 млн.тг) мен «Қызылжарма» а/о 900 орындық жаңа мектеп ( 2,8 млрд.тг) салынатын болады.
Осымен қатар, 2021 жылы балалар қауіпсіздігіне байланысты Арал ауданы, Сексеуіл кенті мен Жаңақорған кентіндегі 300 орындық 2 мектеп іске қосылады.
Дарынды балаларды қолдау шаралары жалғасуда.Облыста «Ел үміті» жобасын іске асырылуда. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы 1 кезеңіне 9027 оқушы қатыстырылды.
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 27 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 7-і алтын, 9-і күміс, 12-і қола медальдары.
Облыстық түрлі олимпиадалар мен конкурстарға 374 оқушы қатысып, 150 –і жүлдегер болды.