Облыстағы 300 мектепте (оның ішінде 7 жеке мектеп) 170 034 оқушы білім алуда ( мемл-168 398, жеке-1636).
Бүгінгі күні 180 мектеп (60%, 116 466 оқушы) қашықтан оқыту форматында жұмыс жасаса, 120 мектепте оқыту дәстүрлі жүргізілуде (19 170 оқушы) Ата-аналардың өтінішіне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-5 сыныптағы 34 398 оқушы 2296 топта дәстүрлі білім алуда (21%).
Инфекцияның таралу қауіпін азайту бағытында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтуде.
Қашықтан оқитын электронды құрылғылары жоқ оқушыларды компьютерлік техникамен қамту жұмыстары ұйымдастырылды.
Аймақта 3 апатты мектеп тіркелген болатын. Жаңа оқу жылында 140 орындық 1 мектеп пайдалануға берілсе (Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы №34 мектеп), 1 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданы №169 мектеп). 2021 жылы Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысы басталатын болады ( 982 млн. тг).
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте (№№2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) оқушы орын тапшылығы бар (Дефицит-5752).
Қыркүйек айында 600 орындық 1 мектеп (Жаппасбай батыр) іске қосылса, желтоқсан айында 500 орындық 1 жеке мектеп (Зерде) пайдалануға берілді.
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан РБ есебінен 600 орындық мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 300 орындық 1 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде.
2100 орынға арналған жаңа 3 мектептің ЖСҚ әзірленуде.
2021 жылы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы (442 млн.тг) мен «Қызылжарма» а/о 900 орындық жаңа мектеп ( 2,8 млрд.тг) салу жоспарлануда.
Осымен қатар, 2021 жылы балалар қауіпсіздігіне байланысты Арал ауданы, Сексеуіл кенті мен Жаңақорған кентіндегі 300 орындық 2 мектеп іске қосылады.
Мемлекеттік бағдарламалардың аясында (жұмыспен қамтудың Жол картасы, Ауыл ел бесігі) ағымдағы жылы 7 млрд.тг. бөлініп, 55 білім нысаны жөндеуден өткізілді.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы облыстық бюджет есебінен 1,9 млрд.тг. 236 жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен (физика, биология, химия), 42 мектеп «3Д модельдеу» жабдықтарымен толықтырылды.
Компьютерлер паркін жаңартуға 3,2 млрд.тг. бөлініп,22 870 дана компьютерлік техникалар алынды. Нәтижесінде, облыста бөлініс бойынша 1 компьютерге келетін бала саны 12-ден 5 –ке дейін төмендеді.
2020 жылы 6060 мектеп түлектерінің (5064-і) 83,5% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қорытындысымен жоғары оқу орындарына тапсырған талапкерлердің 77 пайызы (3058) грантқа қол жеткізді.
Жалпы 2020 жылғы мектеп бітірушілердің 98% университеттер мен колледждерде оқуларын жалғастыруда.
Дарынды балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Облыста «Ел үміті» жобасын іске асырылуда. Жоба аясында «Елбасы медалі» конкурсына облыстан 14-29 жас аралығындағы 446 үміткер қатысып, 62-і жеңімпаз атанды.
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы 2 кезеңде өткізілді.
Олимпиадаға 225 ауыл мектебінен 5, 6-сыныптардан 18 425 оқушы қатысып, 75 оқушы жеңімпаз атанды. Оның 23-і дарынды балаларға арналған мектептерге конкурстан тыс оқуға қабылданды (РФММ-3, №9 БИЛ-3, №10 БИЛ -4, №4 ОДМИ-12).
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадаларда 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 1-і алтын, 3-і күміс, 8-і қола медальдары.
Облыстық түрлі олимпиадалар мен конкурстарға 437 оқушы қатысып, 216 –ы жүлдегер болды.
Облыстағы инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 4 млрд.тг. жоспарланды. Жол картасына сәйкес 2020 жылы 48 балабақша мен 43 мектепте арнайы инклюзивтік кабинеттер ашылды. Бұл бағытта 505 млн.тг. бөлінді.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беруді дамыту мақсатында облыста 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде.
2020 жылы желтоқсан айында Арал ауданында 250 орынға арналған оқушылар Үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 550 орынға арналған 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде ( Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда).