«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылы 26 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 302 196 067,0 мың теңге қаражат бекітілді. Ал нақтыланған бюджет 286 445 515,5 мың теңге.
Білім басқармасы бойынша қыркүйек айына 216 383 041,1 мың теңге қаржы жоспарланып, 216 368 482,48 мың теңге атқарылып, 14 558,62 (МБ-14 558,62) мың теңге игерілмей (үнемделгені - 4160,82 мың теңге, басқа да себептермен-10397,8 мың теңге) 100,0 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде, үнемделгені 4 160,82 мың теңге,
ЖБ – 4160,82 мың. тг. (2000,2 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан, 48,4 мың теңге азық-түліктен, 148,1мың теңге құрылыс, шаруашылық тауарлардан, 547,6 мың теңге коммуналдық шығындар мен байланыс қызметтерінен, 274,89 мың теңге қызметтік іс-сапарлардан, 478,3 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген, Шиелі ауданы бойынша 452,3 мың теңге №155 мектеп "Білім Лэнд" цифрлық платформасынан үнемделген, №45 мектеп 211,0 мың теңге СЭС-тің қорытындысы бойынша үнемделген қаржы).
Қалған 10 397,8 мың.тг. оның ішінде:
10083,2 мың теңге қаражат Қызылорда қаласы бойынша №215, №280 мектептердің Газ құрылғыларын орнатуға арналған жұмыстары аяқталмаған. Қармақшы ауданы бойынша 314,6 мың теңге №107 мектептің жылу жұмысының (генераторы) құжаттары дұрыс рәсімдемей ресми қателіктер жібергеннен қалған қалдық.