«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылы 25 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 302 196 067,0 мың теңге қаражат бекітілді. Ал нақтыланған бюджет 282 155 924,0 мың теңге.
Білім басқармасы бойынша мамыр айына 115 424 040,60 мың теңге қаржы жоспарланып, 115 414 184,48 мың теңге атқарылып, 9856,12 (МБ-9856,12) мың теңге игерілмей (үнемделгені-5278,95 мың теңге, басқа да себептермен-4577,17 мың теңге) 100,0 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде, үнемделгені 5278,95 мың теңге,
ЖБ – 5278,95 мың. тг. (2729,61 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан, 445,28 мың теңге құрылыс, шаруашылық тауарлардан, 130,52 мың теңге оқушылардың 1-4 класс пен аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыстық тамақтан, отын қорынан 43,31 мың теңге, 882,66 мың теңге коммуналдық шығындар мен байланыс қызметтерінен, 725,56 мың теңге қызметтік іс-сапарлардан, 3,78 мың теңге «Балдаурен» сауықтыру лагеріне балаларды апарып алып келуші жетекшілердің іс-сапарынан, 318,23 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген)
Қалған 4577,17 мың.тг. оның ішінде:
224,4 мың теңге №7 интернатқа дәрі-дәрмек тауарын, 212,0 мың теңге Жаңақорған ауданы бойынша №208 мектепке кеңсе жабдықтары мен шаруашылық тауарларды мердігер толық нысанға жеткізбеген,
462,77 мың теңге Сырдария ауданы бойынша №210 мектептің тасымалдау қызметі бойынша мемлекеттік сатып-алу порталына жарияланып, жеңімпаз анықталмағаннан,
1996,9 мың теңге Қызылорда қаласы бойынша №138 мектептің оқушыларды тасымалдау қызметі үшін, №253 мектептің шаруашылық заттардың нақты тауар құжатына сәйкес өнім берушімен есептесуде, білім бөлімінің бірінші қабатының ағымдық жөндеу жұмыстарының орындалуы және №2 «Бөбек» санаториялық бөбекжай балабақшасының электроэнергиямен есептесуде, 91,3 мың теңге Сырдария ауданы №191 мектептің байланыс қызметін төлеуде нақты орындалу актісіне сәйкес, 354,7 мың теңге Жалағаш ауданы бойынша №116 мектептің қызметкерлерге іс-сапар шығындарын есептесуде, 950,0 мың теңге Арал ауданы бойынша №60, 87 мектеп пен 145,0 мың теңге Шиелі ауданы бойынша №38 «Білім Лэнд» ақпараттық жүйемен есептесу үшін, 140,1 мың теңге Қазалы ауданы бойынша №93,104 мектептер шаруашылық заттардың нақты тауар құжатына төлем-шоттарын дұрыс рәсімдемей ресми қателіктер жібергеннен қалған қалдық.