
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2025 жылғы № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап күшіне енді) бұйрығымен өзгеріс енгізілді. Жаңа редакциядағы 8-тармаққа сәйкес,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалады. Жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын дербес айқындайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21.02 .№57 бұйрығы бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау (15.08.2023 № 259 бұйрығы) мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау мен босату тәртібі арқылы реттеледі.
Білім беру ұйымдарының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда және электрондық еңбек биржасынан «enbek.kz» веб сайтында жарияланатын бос орындар конкурсына түсу ұсынылды.
Бос орындар қалыптасқан жағдайда конкурс арқылы қабылданады.
Баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына (балабақшаға) кезекке қою қызметі https://balabaqsha.snation.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар
- Ата-анасының (анасы немесе әкесінің) жеке куәлігі
- Баланың туу туралы куәлігі
- Баланың денсаулығы туралы анықтамалары (форма № 027/у, форма №065/у, форма №052-2/у)
- Баланың цифрлық фотосуреті