
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21.02 .№57 бұйрығы бойынша педагогтарды жұмысқа қабылдау (15.08.2023 № 259 бұйрығы) мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау мен босату тәртібі арқылы реттеледі.
Білім беру ұйымдарының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда және электрондық еңбек биржасынан «enbek.kz» веб сайтында жарияланатын бос орындар конкурсына түсу ұсынылды.
Бос орындар қалыптасқан жағдайда конкурс арқылы қабылданады.
Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша біріңғай мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №125, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 251/НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 75, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №266/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес жүзеге асады. Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша біріңғай мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін өтінім келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Ұйымға Комиссия көзбен шолу үшін бару жүзеге асырылады. Алгоритмнің 27 тармағы бойынша ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алгоритмнің 11-қосымшасына сәйкес сәйкестік/сәйкессіздік туралы хаттама жасайды және оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпараттық технологиялар нысанына орналастырады.
1-10 сынып аралығындағы білім алушыларды лагерьмен қамту ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қолданыстағы заңнама бойынша 5 категорияға (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасмылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары) кіретін балаларға басымдық беріледі.