2025 жылдың тақырыбы өсіп келе жатқан экологиялық проблемаларға байланысты «Тұрақты өмір салтына әділ көшу» болып табылады. 2023 жылы көміртегі шығарындылары 36,8 миллиард тоннаға жетті, ал қатты тұрмыстық қалдықтар 2 миллиард тоннадан асты. Олар 30 жылда 3,4 миллиард тоннаға дейін өседі деп болжануда. Тұтынушылар планетаны сақтауда маңызды рөл атқара алады. Міне, осы мақсатқа жету үшін бірнеше қадамдар жасай аласыз.
Бір рет қолданылатын пластиктен аулақ болыңыз.
Жыл сайын қоршаған ортаға 52 миллион тонна пластик қалдықтары түседі, оның ыдырауы және экожүйеге зиянын тигізу үшін ғасырлар қажет. Мүмкіндігінше бір рет қолданылатын ыдыстарды қолданбауға тырысыңыз. Бұл сіздің өмір сүру сапасын нашарлатпайды, бірақ сіз табиғатқа үлкен көмек көрсетесіз.Мүмкіндігінше жеке көлікпен емес, қоғамдық көлікпен, велосипедпен жүруге тырысыңыз.Үйде су және жылу есептегіштерін орнату, энергияны үнемдейтін шамдарды сатып алу. Бұл табиғи ресурстарды ғана емес, ақшаңызды да үнемдейді.
2024 жылы департаментке тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы – 435 өтініш келіп түсті. Жалпы алғанда өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдауда 261 өтініштің бөлшек сауда саласына келетіндігі немесе 60,0 пайызы (атап айтсақ, сапасыз тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, 14 күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну), электрондық сауда – 35 (8,0 пайыз – тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша - 19 (4,4 пайыз – коммуналдық қызметтер үшін төлемді негізсіз есептеу, пәтер иелері кооперативтерінің тиісті деңгейде қызмет көрсетпеуі, қоғамдық тамақтану – 15 (3,4 пайыз – сапасыз тамақ өнімдері, жарамдылық, сақтау мерзімдері) және де басқа салалар. Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 244-өтініш қанағаттандырылды, 15-өтініш түсіндіріліп, 151-өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 7,7 млн.теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. Есепті кезеңде департаментпен 40 нарық субъектісіне тексерулер жүргізіліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кенттегі жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен құқықбұзушылық, кибербуллинг әрекеттеріне тосқауыл қою маақсатында, кенттегі №189 мектепте, Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ-ның "Мифы и правда о наркотиках" брошюралары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кент әкімі Бірқазан және Көкжиде елді мекені аралығындағы қорғаныс бөгеттерін арнайы бекітілген мердігер мекемемен бірге аралау жұмыстарын жүргізді.
Белкөл кенті, Бірқазан елді мекенінде су тасқынының алдын алу, маттериалдық-техникалық қорларды су басу аймақтарына жақын аумақтарға шоғырландыру, жақын орналасқан аймақтардағы шаруа қожалықтарына ескерту, мұз айдындарындағы және балық аулау мен аң аулау кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында аралау жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, кент әкімдігі қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және "QazaqGaz" ҰҚ-мен бірлесіп, жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында кенттегі тұрғын үйлерді аралап, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіз пайдалануын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен "Жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ" Белкөл кентінде ақысыз құқықтық көмек көрсетуде.
Белкөл кенті тұсындағы Байқадам каналы бойында кезекті рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен тыйым салынған орынға суға түсу фактісімен ескерту түріндегі әкімшілік хаттама толтырылды