САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 

Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген тізілім негізінде
5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  2. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  3. «Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  5. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».

2024 жылдың 12 айында -28 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу Қанағаттандырылғаны- 19, қалған 9- қызмет көрсетуге дәлелді себептермен бас тартылды.

Белкөл кенті әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

 

Белкөл кенті әкімі аппаратының жетекші  маманы  Н.Куаныш

 

Дата публикации
21 апреля 2025