Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Почта индексі: 120019
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Жаңа м/а 13/4
Телефондары: тел +7 (7242) 26 83 35
Сенім телефоны: +7 (7242) 26 83 35
Электрондық почтасы: Zhsadu@korda. gov.kz
Кент әкімі Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы
1987 жылы 6 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қызылорда экономика және құқық колледжін «Экономист-бухгалтер», Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» экономист бакалавры мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек өтілі – 9 жыл.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында экономист болып бастаған.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауыпсіздік коммитетінің Шекара қызметінде отан алдындағы борышын өтеген;
2008-2010 жылдары «Гермес ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экспедитор;
2011-2012 жылдары «ГНПФ» зейнетақы қоры Қызылорда облыстық филиалында сату бөлімінің маманы;
2013-2014 жылдары Белкөл кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;
2014-2022 жылдары Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы.
2022 жылдың 16 мамырдан бастап Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің әкімі болып қызмет атқарады.
Мемлекеттік органның құрылу тарихы:
Облыстық атқару комитетінің 1987 жылғы желтоқсан айының 31 жұлдызындағы №621 карарымен бұрынғы Сырдария аудандық Жамбыл ауылдық кеңесіне қарасты Белкөл елдімекені «Белкөл қыстақтық кеңесі» болып құрылды.
1993 жылғы желтоқсанның 8-індегі Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің №25-72-ХІІ қаулысын басшылыққа ала отырып Белкөл қыстақтық кеңесі атқару комитеті –Белкөл қыстақтық әкімшілігі болып қайта құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының заңнамасына кейбір мемлекеттік мемлекеттік атауларын сәйкес келтіру мақсатында 2002 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы әкімінің №529 шешіміне сәйкес «Белкөл қыстағының әкім аппараты» – «Белкөл кенті әкімінің аппараты» -деп өзгертілді.