
БЮДЖЕТ БОЙЫНША:
Белкөл кенті бойынша 2022 жылғы бюджет жоспары 82,6 млн. теңгеге бекітілген, 2023 жылы 201,8 млн. теңгеге бекітілген
(140% көбейген).
2023 жылғы салық түсімінің жоспары 25,7 млн. теңге, орындалуы 33,0 млн. теңге (2022 жылы
12,8 млн. теңге түскен, 111% көбейген). Жылдық жоспардағы салық түсімі 128% орындалған.
КЕНТТЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША:
2022 жылы халық саны –4749 болса, биыл – 4825 адамды құраған (1% өскен) Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 2228 адам
(2022 жылы еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 2254 адамды құраған, 1,5% төмендеген);
Жұмыссыздар саны – 8 адам (2022 жылы жұмыссыздар саны – 5 адам, 1,5% артқан)
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 422 адам (2022 жылы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 450, 2,5 % төмендеген).
Тұрмысы төмен отбасылар саны – 84 (2022 жылы тұрмысы төмен отбасылар саны –94, 1,4% азайған);
Жыл басынан бері туылғандар саны – 99 (2022 жылы туылғандар саны – 20, 4,5 есе көбейген);
Зейнеткерлер – 357 (2022 жылы зейнеткерлер саны – 324, 8,6% артқан).