GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Басқарма туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Егін шаруашылығы
05 октября 2026
ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шиелі ауданындағы егін жинау науқанының барысын бақылау мақсатында егіс алқаптарын зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында аудан көлеміндегі егіс алқаптары араланып, шаруашылықтардың егін жинау жұмыстарының қарқыны, техникалардың дайындығы және дала жұмыстарын ұйымдастыру барысы назарға алынды.

Сонымен қатар, негізгі дақылдардың бірі саналатын күріш алқаптарының қазіргі жай-күйі көріліп, егіннің пісіп-жетілу деңгейі мен алдағы жинау жұмыстарының барысы талқыланды.

Егін жинау науқанының уақытылы әрі сапалы жүргізілуі, техникалардың тиімді пайдаланылуы және өнімді ысырапсыз жинау мәселелері басты назарда.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, шаруаларға қажетті қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Егін шаруашылығы
05 октября 2026
Шиелі ауданындағы су үнемдеу технологиясымен жүгері өсіру жобалары таныстырылды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Телікөл ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС жүгеріні тамшылатып суару әдісі арқылы өсірілген жүгері алқабына барды.
Аймақ басшысы үш мың гектар алқапқа жүгері өсіруге бағытталған жаңашыл жобамен, биыл егілген мың гектар егістің жай-күйімен танысты. Мұнда да мемлекеттік қолдау және инвестициялық қаржы есебінен су үнемдеу жабдықтары, суару жүйелеріне қажетті инфрақұрылым тартылған.
2024 жылы қытайлық «Bayan Country Jiarun Agricultural Development CO» компаниясының өкілдерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде былтыр тамшылатып суару әдісімен 700 гектарға жүгері егіліп, одан 4,5 мың тоннадан астам өнім жиналған. Осылайша аталған жоба тиімділігін көрсетіп, өнім көлемі жылдан жылға артып келеді.
Алқапта 50 адам еңбек етуде, 2027 жылға дейін толық қуатымен іске қосылады.
Ал «Центр Семеноводства» ЖШС Талаптан ауылдық округінде жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіруде.
Негізі 10 млрд теңгенің жобасы аясында 10 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дәндік жүгері өсіріледі. Биыл шаруашылық мың гектар жерге осы дақылды еккен. Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, суару жүйелерінің жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тартылған инвестиция есебінен су үнемдеу технологияларына қажетті құралдар сатып алынған.
Қазір егіс алқабында 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Жобаны 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен толық іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, биыл Шиелі ауданында 32 499 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бүгінде егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, 1 661 тонна бидай, 15 гектар арпа толық орылған. Егін жинау науқаны жалғасуда.
Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы мұндай технологиялар 8 100 гектар алқапқа қолданылса, биыл оның көлемі 14 200 гектарға дейін ұлғайды.

Егін шаруашылығы
05 октября 2026
«Дала күні – 2026»: Сыр өңірінде күрішке орақ түсті

Бүгін «Қарауылтөбе» ауылдық округіндегі «Дала күні – 2026» іс-шарасында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабына алғашқы орақ салу рәсімі өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, министрлік өкілдері, еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, су шаруашылығы мекемелері мен шаруа қожалықтарының төрағалары, қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы еңбеккерлерді құттықтап, биылғы жауапты науқанға дайындық барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Сыр елі – ежелден диқаншылық дәстүрі орныққан берекелі өңір. Ақ күрішімен аты шыққан аймақ бүгінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаһандық азық-түлік нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ғылымды дамытуды, соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыруды атап өткен болатын.
Басты міндет – дәстүрлі саланың әлеуетін заманауи технология, ғылым және инновациямен сабақтастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізу. Бұл ретте мемлекеттік қолдау мен ғылым мүмкіндігін шаруалардың тәжірибесімен ұштастыру маңызды. Барша диқан қауымын күрішке орақ түсуімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз берекелі болып, ақ күріштен мол өнім жиналсын. Сыр өңірінің ырысы арта берсін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация вице-министрлері, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов сөз сөйлеп, саладағы өзекті мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.
Басқосуда ала жаздай аптап ыстықта маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.
Атап айтқанда, бірқатар азаматқа «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, облыс әкімінің Алғыс хаты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері және Құрмет грамотасы, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет грамотасы» табысталды.
Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи техникалармен және олардың мүмкіндіктерімен танысты.
Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – күріш селекциясымен және тұқым шаруашылығымен айналысатын бірегей аграрлық ұйым. Биыл институттың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлініп, заманауи селекциялық техникалар мен тұқым зауыттары алынды. Бұл тұқым шаруашылығының дамуына, оның ішінде отандық күріш сорттарының сапасы мен егіс көлемінің артуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде вегетациялық кезең тұрақты өтіп, егіс алқаптары жоспарға сәйкес сумен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, су үнемдеу технологияларын қолдауға 2026-2028 жылдарға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл күріш алқабы қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Су үнемдеу технологияларын енгізу және әртараптандыру бағытында ірі инвестициялық жобалар қолға алынды.

Егін шаруашылығы
05 октября 2026
Егін жинау науқанының барысы қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.
«Мақсат – егінді ысырапсыз әрі шығынсыз жинап алу. Науқанды қазан айының 15-інен кешіктірмей аяқтау керек. Қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жұмысты белгіленген мерзімде сапалы атқаруға басымдық берілуі тиіс.
Кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштерге тұрақты мониторинг жасап, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Мемлекеттік кірістер департаменті қолдау алған кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етсін.Жеңілдетілген қаржы, субсидия және кепілдікке ие болған кәсіпкерлердің салық түсімдеріне жан-жақты талдау жасалсын. «Жұмыс жүргізілді», «түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды» деген бос сөз, құр есеп қажет емес. Нақты нәтижеге мән беріп, қорытындысын баяндаңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мәжілісте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Берденова,облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндама жасады.
Биыл өңірде 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Үкімет бекіткен Жол картасына сәйкес күріш алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10,9 мың гектарға қысқарды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес егісті әртараптандыру мақсатында 11 мың гектарға жүгері себілді.
Алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін 3,2 млрд текше метр су лимиті бекітіліп, вегетациялық кезең штаттық режимде өтті. Диқандар тұқым, тыңайтқыш, гербицид және жанар-жағармаймен толық қамтылды. Сырдария өзенінен каналдар арқылы егістікке 2,5 млрд текше метр су берілді.
Аймақта ерте егілген дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Бүгінде 36 мың гектар күріш орылып, оның 27 450 гектары бастырылды. 
Орташа өнімділік гектарына 48,4 центнер, 133 мың тонна күріш салысы жиналды.
Жиында жылу беру маусымына әзірлік барысы да қаралды. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд теңге бөлініп, 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу жүргізу, жылу желілерін, қазандықтар, турбина және автономды қазандықтарды жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Электр желілерін жаңғыртуға 7,6 млрд теңге бағытталып, 460 шақырым электр желісі мен 134 қосалқы станция жөндеуден өткізілді.
Облыстағы 1 074 әлеуметтік нысанның дайындығы 100 пайыз. Жылу ауа райының нақты жағдайына және сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасына қарай беріле бастайды. 
Қыс мезгілінде тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна, барлығы 80 мың тоннакөмір қажет. Көмір қорын толықтыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Егін шаруашылығы
15 июля 2026
Хабарландыру!

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2026 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын Дизель отынының зауыттан жіберу бағасы – 300 285 теңге/тоннасына.

2026 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссияның отырысына тиісті құжаттар топтамасын 2026 жылдың 14 – 16 шілде аралығында қабылданады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың 17-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың тізбесін ұсыну қажет. 

- Жұмысшы органның орналасқан жері: Қызылорда облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

- Почталық мекенжай: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №1

- Байланыс телефонының номері: 8 (7242) 60-54-44

- Электрондық почта: d.zhumabekova@korda.gov.kz;

Комиссия отырысы 17.07.2026 жылы (уақыты қосымша хабарланатын болады), облыстык әкімшілік ғимаратында өткізілетіндігін хабарлайды.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы  13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);

      2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;

      3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

      5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

      7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;

      8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

      мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

      мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;

      цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;

       "Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

      9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

      10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

      11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

      12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.

Егін шаруашылығы
07 июля 2026
Қызанақ пастасы зауытының жобасы талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Alpecon Group» компаниясы өкілдері Самат Балабеков, Ержан Ибраимов, Нармұхан Сарыбаевпен кездесті. Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
«Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін
терең өңдеуге басымдық беріліп отыр. Осы ретте қызанақ пастасы зауыты жобасын Жаңақорған ауданында жүзеге асыру ниетіңізді қолдаймыз.
Бұл өнімге қосылған құн қалыптастырып қана қоймай, көкөніс шаруашылығының дамуына, егіс алқаптарының ұлғаюына мүмкіндік береді. Қажетті жер учаскесін ұсынуға, барлық кезеңде әкімшілік және инфрақұрылымдық сүйемелдеуге дайынбыз. Өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар инвестициялық бастамаға жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Қазір инвесторлар Жаңақорған ауданының Бесарық ауылындағы «ATMO AGRO» ЖШС-ның зауытын сатып алып, оның базасында қызанақ пастасын шығаруға қызығушылық танытып отыр. 2,3 млрд теңге инвестиция құйып, технологиялық жабдықтарды жаңғырту, өндірістік және қосалқы нысандарды жөндеу, арнайы техника сатып алу жоспарланған. Бұл тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдеуге жол ашады. Шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2 300 гектар суармалы егіс алқабын игеру, көршілес Түркістан облысынан сатып алу да көзделіп отыр.

Егін шаруашылығы
07 июля 2026
Түрік инвесторларымен жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Түркияның «TIMFOG Engineering» компаниясының өкілдері Яйлалы Женгиз, Эйүп Севенжан және Көксал Салихпен кездесіп, заманауи жылыжай кешендерін салу, агроөндірісті әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының ұлттық азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті азайту тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
«Қызылорда облысы – әріптестік пен инвестициялар үшін әлеуеті жоғары агроиндустриялық өңір. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты күріш өсіру болғанымен, өңірдің табиғи-климаттық жағдайы картоп, көкөніс, бақша дақылдарына және жеміс-жидекке де қолайлы.
Жеміс-жидек өндірісін өнеркәсіптік деңгейде дамыту – біз үшін перспективалы бағыттың бірі. Осы ретте, «TIMFOG Engineering» сияқты тәжірибелі компаниялармен бірлесіп, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, қосылған құны жоғары өнім өндіруге және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», – деді Мұрат Ергешбаев.
Қазір өңірде жалпы аумағы 12,1 гектар болатын 21 жылыжай, оның ішінде «КазАгроМир» серіктестігінің толық автоматтандырылған 2 гектарлық жылыжай кешені бар. Дегенмен, оларда өндірілетін өнім тұрғындардың көкөніске деген сұранысының небәрі 1,5 пайызын ғана қамтамасыз етеді.
Аймақта жылыжай шаруашылығын өркендетуге қатысты инвестициялық жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, «Фабе-Агро» компаниясы мен «Мелиоратор» серіктестігінің ірі жылыжай кешендерінің құрылысы жоспарланып отыр.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асырудағы өзара ықпалдастықты жалғастыруға ниет танытты.

Егін шаруашылығы
25 ноября 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының назарына!

 Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылдың 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына» сәйкес (2024 жылғы 05.15. өзг.), ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер тарапынан 2026 жылғы көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдер «Gosagro.kz» сайтында 2025 жылдың 1 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде қабылданады.

Сұрақтар туындаған жағдайда басқарманың 8 (7242) 60-54-44 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.

Егін шаруашылығы
21 октября 2025
«Алтын күз - 2025» жәрмеңкесі өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев егін жинау науқанының аяқталуына орай «Алтын күз-2025» мерекесі аясында облыс орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап шықты.
Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері қатысты.
Жәрмеңкеде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін өндіруші бағасымен ұсынды. Аудандардан 500-ге жуық жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім жеткізілді.
Сауда сөрелеріне 150 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет және 35 тоннадай балық өнімдері, 300 тонна картоп, 300 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша, 10 тоннадай сүт, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 100 бас тоқты және 30 тонна жем-шөп қойылды.
Арал ауданының жәрмеңкесі халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, тұтынушылар Аралдың балығын алуға кезек тосты. Теңізді өлкенің шаруалары 60 тоннадай өнім әкелген. Атап айтқанда, 15 тонна балық өнімдері, 20 тонна қауын-қарбыз, 4 тонна ет өнімдері, 20 тонна қызанақ, 1 тоннадай сүт, 3 тонна ас тұзы бар. Сондай-ақ, 40 бас қой мен тоқты жеткізілген.
Молшылық мерекесінің жәрмеңкесіне Қазалы ауданының шаруалары 10 тонна күріш, 12 тонна балық, 5 тонна ет, 20 тонна бақша өнімдерін, 7 тонна асқабақ, 15 тонна картоп, 10 тонна пияз, 3 тонна сүт өнімдері, 1 тонна Қазалы кәмпиттерін шығарды.
Қармақшы ауданынан 40 көлікке тиелген 100 тонннаға жуық өнім келген. Сатылымда 20 тонна күріш, 1,5 тонна балық, 30 тонна көкөніс, 25 тоннадай бақша, 10 тонна қызанақ, 1 тонна ет және кондитер мен сүт өнімдері, мал азығы бар.
Ал, Жалағаш ауданының шаруалары 200 тоннаға жуық өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Атап айтқанда, 40 тонна күріш, 40 тонна картоп, 10 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 20 тонна асқабақ, 30 тонна қауын, қарбыз, 30 тонна көкөніс өнімдері, 3 тоннадан астам ет пен балық өнімдері, 1 тоннадай сүт өнімдері.
Сырдария ауданынан жеткен 50 көлік азық-түлік тауарларына толы. Мұнда тұрғындар қарбыз-қауын, жеміс-жидек, күріш, сүт өнімдері мен балық өнімдерінің саудасын қыздырды.
Барлығы 170 тоннадан астам, оның ішінде 25 тонна күріш, 60 тонна картоп, сәбіз, пияз, 10 тонна асқабақ, 40 тонна бақша, 2 тонна ет, сүт өнімдері, 5 тонна көкөніс пен жемістер, 2 тоннадан астам бакалея өнімдері халық сұранысына ие болды. Сонымен қатар, 10 бас қой мен 10 бас тоқты және 30 тонна мал азығын да саудалаушылар көп болды.
Тасбөгет кентінің орталық алаңында шиелілік шаруалар табиғи таза өнімдерін ұсынып, жәрмеңке көркін қыздырды. Мұнда саудаға 150 тоннадан астам өнім қойылған.
Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 30 тонна бақша өнімі, 50 тонна картоп, 12 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс, 4 тонна ет, сүт өнімдері, 1 тонна бакалея өнімдері сатылды.
Астана даңғылының бойында орналасқан Жаңақорған ауданының 50 көлігінде 10 тоннаға жуық күріш, 45 тонна картоп, 30 тонна бақша, 60 тоннадан астам көкөніс пен жемістерді саудаға шығарылды. Сондай-ақ, ет, балық, кондитер өнімдері де бар.
Сол жағалауға жайғасқан Қызылорда қаласының шаруалары 12 тонна күріш, 8 тонна картоп, 12 тонна ет пен балық өнімдерін, 16 тонна қауын мен қарбыз, 6 тонна асқабақ, 15 тонна көкөніс пен жеміс өнімдерін, 2 тонна кондитер өнімдерін, мал азығын да ұсынды.
Биыл Сыр диқандары күзгі жиын-терімге уақытылы кірісіп, толағай табысқа қол жеткізді. 470 мың тоннаға жуық күріш жиналып, оның әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынды.
Дәнді және майлы дақылдар, картоп, көкөніс, бақша өнімдерінен де мол өнім жиналды.

Егін шаруашылығы
21 октября 2025
Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында «Алтын күз-2025» салтанатты шарасы өтті. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығында атқарылған жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталып, қамбаны толтырып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқандарды құттықтады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу – біздің басты мақсатымыздың бірі! Сыр елінің даңқын асқақтатқан дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерінің және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның Еңбек Ерлерінің жетістіктері аңызға айналды. Саналы ғұмырында туған жеріміз үшін аянбай еңбек еткен ардақты ардагер ағаларымыз бүгін ортамызда. Облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Ел үшін жасаған ерен еңбектеріңіздің жемісін, бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Сыр елінің еңбекқор жұртына ризашылығын білдіріп, екі өңір арасындағы байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
«Қазақ халқы тағдырының тайғақ кешулі кезеңдерінде жағасына келіп тыныс тапқан, суына бетін жуып, үмітін ертеңге жалғаған қасиетті Сырдарияның бойында, ежелгі Ақмешіт, бүгінгі Қызылорда төрінде өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма бек қуаныштымын!
Біз бүгін аймақтарыңызға үлкен делегациямен өнер жұлдыздарын, зиялы қауым өкілдерін және жақында ғана республикалық байқауда бас жүлде алған театрымыздың арнайы қойылымымен келіп отырмыз. Бұл өңіраралық рухани-мәдени байланыстарды нығайтып, бізді бауырластыра түседі деп сенеміз», – деді Берік Уәлиұлы.
Мерекелік шарада Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. «Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақдәулет Махашовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Ол басқаратын серіктестік тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру, күріш өңдеу зауыттарын іске қосқан, өнімдерін экспортқа шығарады. Өткен жылы 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын ашып, 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.
Еңбек адамдары мен сала үздіктеріне «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдары, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттары берілді.
Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудандар анықталып, «Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Арал ауданы, «Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан» номинациясымен Жаңақорған ауданы, «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясымен Жалағаш ауданы, «Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қармақшы ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қазалы ауданы, «Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Сырдария ауданы марапатталады.
Ал «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясын Шиелі ауданы жеңіп алды.
Жылдағы дәстүр бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Абзал және К» ТС, «Мағжан және К», «Абай-Дәулет» ЖШС еңбек озаттарына автокөлік кілттері сыйға берілді.

Социальные сети
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы