Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 мамырына облыстан 13,8 млн. долларды құрайтын 29,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызды құрап отыр.Өнімдер әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды.Барлық экспортталған өнімнің 91,9 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 27,2 мың тонна күріш өнімі (10,2 млн. долл.) экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 94,7 пайызды (10,7 млн.долл.) құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Литва, Германия, Чехия және Австрия мемлекеттеріне 1060,4 тонна (3154,4 мың. долл.) балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 1 155,3 тонна (512,2 мың долл.) қамыс және Ресейге мен Өзбекстанға 155,0 тонна (8,2 мың доллар) бидай қалдығы жөнелтілді.