2022 жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 185,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,6 мың гектар, майлы дақылдар 5,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар 69,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,4 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар.
Сонымен қатар, күріштен басқа дәнді дақылдармен қатар, картоп, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдарды орналастыру туралы шешім қабылданып, өткен жылмен салыстырғанда бұл дақылдардың көлемдері 5,2 мың гектарға артық орналастырылды.
Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында қосымша биылғы жылы соя дақылын егіс көлемі 150 гектарға, қант құмайын 352 гектарға жеткізілді.
Бүгінгі таңда, егістікке қажетті тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді.
Минералды тыңайтқыштар бойынша қажетті 53 мың тоннаның бүгінгі күнге 59,1 мың тоннасы (111,7%) және қажетті 80,3 мың литр гербицидтердің 63,1 мың литрі (78,6 %) сатып алынды.
Қазіргі таңда, облыс көлемінде ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.