Қызылорда облысының жер қоры 2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 24041,4 мың гектарды құрап отыр.
Қызылорда облысымен Қарағанды облысынан 2210,9 мың гектар жерлер ұзақ мерзімді пайдаланылуға алынған. Облыстың 771,4 мың гектар жерлері Ресей Федерациясына «Байқоңыр» кешені және «Сары-Шаған» әскери полигоны үшін уақытша пайдаланылуға берілген.
2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 2701,6 мың гектар.
Елді мекендер жері көлемі 01.11.2019 жылға бары – 838,3 мың га құрауда.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және а/ш-нан өзге мақсатқа арналған жерлер санатының көлемі 01.11.2019 жылға бары – 253,0 мың га құрады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 161,2 мың гектар.
Орман қоры жерлерінің көлемі 2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайына 6510,3 мың га құрауда.
Су қорының жерлері санаты бойынша 2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайына 2287,2 мың га құрауда.
Босалқы жерлер санаты бойынша 01.11.2019 жылға бары – 11289,8 мың га;
2019 жылдың 1 қарашадағы жағдайына облыстағы суармалы жерлердің көлемі 251 мың гектарды құрады.