Меню

Страницы

Статья

Көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 183,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленуде.

Анықтамалық: Оның ішінде:дәндi дақылдар 97,8 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, мал азықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды.

Негізгі дақыл - күрiштің көлемі 88,2 мың гектар.

Қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі дала жұмыстары мен егін егу жұмыстарына кірісті.

Бүгінгі күнге егілген егіс көлемі 21,2 мың гектар, оның ішінде: жаздық бидай - 3,7 мың (97,7%), жаздық арпа – 0,5 мың (96,0%), мақсары – 2,6 мың (46,7%), жаңа жоңышқа – 14,3 мың (76,6%) гектарды құрайды.

Егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар мен тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілген.

Облысқа 2020 жылдың көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген болатын. Осыдан наурыз айына бөлінген 3250 тонна дизель отыны облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға әр литрі 178 теңгеден таратылуда.

Көктемгі дала жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, айтарлықтай проблемалық мәселелер жоқ.

Дата публикации
03 апреля 2020
Дата обновления
03 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы