Экспорт
2020 жылдың 1 ақпандағы статистикалық деректерге сейкес облыстан 3 297,1 мың долларды құрайтын 9130,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 118,9 пайызды құрап отыр.
Экспортталған өнім 100 пайызды өңделген өнімдерді құрайды.
Барлық экспортталған өнімнің 96,7 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Беларус, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан және Украина мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 8766,4 тонна күріш өнімі (2414,6 мың доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылдың сәйкестік кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайызға артып отыр.