Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің атқаратын жұмыстары
- Жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету;
- Берілген тапсырмалардың, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, хаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша орталық атқарушы органмен бектілген жоспарлардың орындайды және қорытындылайды;
- Жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастырады;
- Мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлейді;
- Мал шаруашылығы саласы бойынша ғылымның соңғы жетістіктерін енгізуге басқарма басшысына ұсыныс беріп отырады;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- Асыл тұқымды мал басының түлік түріне байланысты мемлекеттік тіркелімді жүргізіп, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыруды үйлестіреді;
- Мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
- Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
- Республикалық және облыстық бюджеттерден мал шаруашылығын дамытуға қаралған қаржының шегінде субсидиялау жұмыстарын жүргізеді;
- Мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын цехтармен кәсіпорындардың тұрақты жұмыс жасауы үшін оның шикізат көзімен байланыстыру мәселерін үйлестіреді;
- Облысқа сырттан сатып әкелінетін асыл тұқымды малдардың зооветеринарлық ережелерге сай болуына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторымен бірлесе отырып жұмыс жүргізуін үйлестіреді;
- Облыста мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын үйлестіру және практикалық көмек көрсетеді;
- Мал шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу және дамытудың проблемалары, міндеттерін, шешу жолдары туралы өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарын жүзеге асыруды үйлестіру және БАҚ-ы арқылы кеңінен насихаттап отырады;
- Мал шаруашылығы өнімдерінің өңдеу өндірісінің дамуын ұйымдастырады;
- Мал шаруашылығы саласындағы өңдеу кәсіпорындарының мемлекеттік қолдау жөніндегі республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз етеді және өнімдерін өңдеу саласында озық және бәсекеге қабілетті технологияларды енгізуді ұйымдастырады.
- Жобалық басқару аясында АӨК дамытудың мақсатты индикаторлары мен егжей-тегжейлі жоспарға енгізілген жобалардың орындалуы бойынша тиісті ақпараттарды уақытылы әрі сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Мал өнімдерін өңдеу салаларындағы маусымдық атқарылатын жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді, аудандар бойынша мал басына және өндірілген мал өнімдеріне талдау жасайды;
- Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруді қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;