Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2022 жылдың 1 наурызына 367,9 мың бас МІҚ, 714,5 мың бас қой мен ешкі, 188,4 мың бас жылқы, 54,6 мың бас түйе және 123,3 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-4,9%-ға, қой мен ешкі-1,5%-ға, жылқы 15,1%-ға, түйе 4,9%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 5,9 мың тонна ет (тірі салмақта), 11,3 мың тонна сүт және 750,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 1,0%-ға, сүт өндірісі 1,8%-ға, артты.