Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысындағы егін шаруашылығы

2021 жылы облыс бойынша 188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектар.

Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,6 мың гектарды құрады.

Ағымдағы жылы орын алған су тапшылығына байланысты, күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға көбейді.

Негізгі дақыл – күріштен орташа өнім 59,8 центнерден келіп, қамбаға 500 мың тонна астық құйылды.

Күріштен басқа 6,8 мың гектар күздік бидайдан 9,4 мың тн өнім жиналды. Сонымен бірге, жаздық бидайдың жиналған 4,4 мың гектарынан 4,4 мың тн өнім алынып және арпаның жиналған  411 гектарынан 332 тн өнім алынды. 

Сол сияқты, егілген 596 га дәндік жүгеріден 2348 тн өнім алынды, 440 гектар тарыдан 1172,3 тонна өнім алынды, 71 гектар қант құмайынан 38 тонна өнім жиналып, мақсарының жиналған 6,5 мың гектарынан 6,6 мың тн өнім алынды, егілген 129 га соя, 70 гектар күнбағыс толық жиналып, соядан 252,5 тонна, күнбағыстан 141,6 тонна өнім алынды.

Сондай-ақ, 3806 гектар картоптан 65,9 мың тн өнім алынды, 6046 гектар көкөністен 119,8 мың тн өнім алынды және 8453 гектар бақшадан 203,3 мың тн өнім жиналды.

Мал азықтық дақылдардан барлығы 248,6 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды.

Егін жинауға 1763 трактор, 849 комбайн, 476 жатка, 353 жүк көлігі және 825 трактор тіркемесі егін жинау науқанына қатысты.

Дата публикации
12 января 2022
Дата обновления
12 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы