Ағымдағы жылдың 1 қарашасына облыстан 30,1 млн. долларды құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы және қамыс, қарбыз, қауын және қызанақ) экспортталды.
Өнімдер әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 93,6 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 81,5 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 114,2 пайызға артып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия Австрия, Украина, Германия және Австрия мемлекеттеріне 2759,2 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 1032,6 тонна қамыс жөнелтілді.
Германия және Нидерланды мемлекеттеріне 106,9 тонна бидай қалдығы жөнелтілді.
Бұдан бөлек, облыс бойынша Ресей мемлекетіне 1125 тонна қарбыз, 380 тонна қауын және 150,0 тонна қызанақ экспортталды.