Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2021 жылдың 1 қарашасына 377,0 мың бас МІҚ, 794,6 мың бас қой мен ешкі, 173,5 мың бас жылқы, 57,5 мың бас түйе және 120,7 мың бас құс өсірілуде.
Мал басын өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-8,3%-ға, қой мен ешкі – 4,1%-ға, жылқы 12,7%-ға, түйе 8,3%-ға көбейді.
Есепті кезеңде 30,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 74,8 мың тонна сүт өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,4%-ға, сүт өндірісі 2,4%-ға артты.