Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің функциясына агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдердің көтерме саудасын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығына және бағасына, азық-түлік тауарларының жай-күйіне мониторинг жүргізеді, тиісті әкімшілік аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларының тұтыну теңгерімін қалыптастыру, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдаланылуы бойынша мамандандырылған ұйымнан қызметті сатып алу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту бойынша комиссия отырыстарын ұйымдастыру жатады.
Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылда, шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микрокредиттеу жұмыстарын ұйымдастырады.