Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары аяқталды

Облыста межеленген ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары оңтайлы мерзімдерінде жүргізіліп, бүгінгі таңда толығымен аяқталды.

Жалпы егіс көлемі 187,6 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артық орналастырылды.

Оның ішінде дәнді дақылдар 95,7 мың гектар, майлы дақылдар
6,8 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,7 мың гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 18,4 мың гектарды құрап отыр.

Негізгі дақыл күріштің егілген көлемі 82,9 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың гектарға қысқартылып, межеленген көлемнен 1 458 гектарға оңтайландырылып отыр.

Күріштің оңтайландырылған көлемінің орнына суды аз қажет ететін әртараптандыру бағытындағы көкөніс, бақша, майлы және мал азықтық дақылдарының көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 11,1 мың гектарға артық орналастырылды.

Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын атқаруда облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен, гербицидтермен, ауыл шаруашылығы техникаларымен және тұқымдық материалдармен толық қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
07 июля 2021
Дата обновления
07 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы