Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту 1 сәуір

Облыс бойынша 2021 жылдың 1 сәуіріне 358,6 мың бас МІҚ, 752,8 мың бас қой мен ешкі, 1,6 мың бас шошқа, 167,2 мың бас жылқы, 53,9 мың бас түйе және 121,3 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-4,8%-ға, қой мен ешкі-5,9%-ға, жылқы 10,3%-ға, түйе 7,4%-ға, құс 6,0 %-ға көбейген.

Осы есепті кезеңде 8,6 мың тонна ет (тірі салмақта), 17,6 мың тонна сүт және 1,2 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,4%-ға, сүт өндірісі 2,2%-ға, жұмыртқа өндірісі 28,3%-ға артқан.

2021 жылы «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы

2021 жылы бағдарлама бойынша біздің облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 27500 бас қой малын сатып алу жоспары межеленген.

Осыдан бүгінгі күні 3 шаруашылық 326 бас МІҚ малын шетелден сатып әкелсе (32,6%), тағы да 5 шаруашылықтың 388 бас шет елдік мал алуға берген тапсырыстары қаржы институттарында сараптамадан өтуде.

Қой малын сатып алу бойынша бүгінгі таңға 4 шаруашылық 2 644 бас қой малдарының аналықтарын сатып алды (9,6%). Бұдан бөлек 11 шаруашылықтың 638 бас қой сатып алуға үшін несие рәсімдеуге берген құжаттары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да сараптамадан өтуде.

Негізінен қой сатып алу жұмыстары күз айларында (қозысын айырғаннан кейін) басталатын болады.

Облыс бойынша үстіміздегі жылы 10,0 мың бас бұқашықтарды 1 000 бастан жоғары мал бордақылау алаңдарына өткізу межеленген.

Осыдан бүгінгі күнге 4 025 бас бұқашықтар өткізіліп, жоспардың 40,0%-ын қамтып отыр.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы