Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар айында облыстан 2,5 млн. долларды құрайтын 7,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері және сабан) экспортталды.
Өнімдер әлемнің 10 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 93,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан және Украина мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 6,6 мың тонна күріш өнімі экспортталды.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва мемлекеттеріне 366,1 тонна балық және Германия мемлекетіне 134 тонна қамыс экспортталды.