Меню

Страницы

Статья

Көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы

Биыл облыс бойынша 188,2 мың гектарға егiс егіледі. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, мал азықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,5 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 84,4 мың гектар.

Сондай-ақ, әртараптандыру бағытында соя дақылын 98 гектарға, қант құмайын 40 гектарға және 66 гектарға жеміс-жидек, жүзім отырғызылмақ.

– Облыс аумағында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, көктемгі дала және егін егу жұмыстарын сәл кешігіп бастадық. Бүгінде мақсары, жаздық және күздік бидайды егіп жатырмыз. Ал күріш дақылын егу сәуір айының 22-нен басталады. Сондай-ақ, биыл су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді де жоспарлап отырмыз. Алдатамшылатып суару әдісімен жоспарланған 3 мың гектарға қызанақ, жаңбырлатып суару әдісімен – 87 гектарға жүгері және 10 мың гектарға жоңышқа егуді бастаймыз, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда егістікке қажетті тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштар бойынша қажетті 61,8 мың тоннаның 45,2 мың тоннасы және қажетті 78 мың литр гербицидтердің 15 мың тоннасы сатып алынды. Ал ауылшаруашылық құрылымдары бойынша«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы жыл басынан бері 192,9 млн.теңгеге 8 тракторр, 1 жатка, 2 дәнсепкіш, 6 басқа арнайы техника алынды.

Жалпы, бүгінде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының су шаруашылығы нысандары егіс науқанына дайын. Оның ішінде шаруашылықаралық каналдар мен ішкіканалдар 70 пайызы тазаланып, насос қондырғылар мен гидробекеттер жөнделді.

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы