Бағдарлама бойынша біздің облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 40000 бас қой малын сатып алу және 10,0 мың бас бұқашықтарды мал бордақылау алаңдарына өткізу жоспары межеленген.
Осыдан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қызылорда облысы филиалы арқылы МІҚ малы бойынша 699 басқа өтінім түсіп, оның 100 бас МІҚ малы сатып алынған, 99 бас өтінімі мақұлданған және 500 басқа өтінім түсіп қаралуда, бекітілген жоспар 69,9%-ға орындалды.
Қой малын сатып алу бойынша филиалдары арқылы несие алуға
22046 басқа өтінім беріліп, оның 20491 басы сатып алынған, 1075 бас мақұлданған, 480 бас қой сатып алуға өтінім қаралуда. Бекітілген жоспардың 55,1%-ын қамтыды.
МІҚ аналықтарының тұқым түрлендіруге қатысуы
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына 177,8 мың бас аналық сиыр тіркелген. Осыдан бүгінгі күні облыс бойынша 44,1 мың бас аналық сиыр, 0,8 мың бас асыл тұқымды бұқа қатысып, тиісінше аналықтардың тұқым түрлендіруге қатысуы 24,8%, асыл тұқымды бұқамен қамтылу 83%-ды қамтып отыр. (Республикалық көрсеткіш тұқым түрлендіруге қатысу 31,0%, бұқамен қамтылу 83%).