Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысындағы егін шаруашылығы

2020 жылы облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге егiс егіліп, оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың га болды. Ауыл шаруашылығы дақылдары 2019 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егілді.

Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай дақылы егілді.

Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп - баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді.

Егін жинау қорытындысымен 2020 жылы 551 273 тонна күріш өнімі (өнімділік әр гектарынан 61,8 центнерден) алынды.

Облыс бойынша дәнді дақылдардан егілген күздік бидайдан 9,5 мың тонна, жаздық бидайдан 4,6 мың тонна, дәндік жүгеріден 2,2 мың тонна, тарыдан 1,4 мың тонна, жаздық арпадан 270 тонна, сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды және қант құмайынан 31 тонна өнім алынды.

Сондай-ақ, картоптан 66 590 тонна, көкөністен 112 806 тонна, бақшадан 193 485 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта 173,7 центнерден көкөністе 200,5 центнерден, бақшада 239,2 центнерден айналды.

Майлы дақылдар бойынша мақсарыдан 5 579 тонна, күнбағыстан 162,2 тонна, соядан 263 тонна, жиналды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша ескі жоңышқадан барлығы 208,0 мың тонна, 17,4 мың тонна жаңа жоңышқа шөбі жиналды.

Мал азықтық 1112 гектар сүрлемдік жүгеріден 5 706 тонна сүрлем салынып, орта өнім 51,3 центнерді құраса, 112 гектар мал жемдік асқабақ дақылынан 1 680 тонна өнім алынып, орта өнімі 150,0 центнерді құрады. 

2020 жылы облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5,0 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлаған. Жылдың қорытындысымен 6,0 млрд. теңгеге 150 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Дата публикации
31 декабря 2020
Дата обновления
31 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы