Статистикаға сәйкес 2020 жылдың 11 айында облыста 31,9 млн. долларды құрайтын 95,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға артып отыр. Оның ішінде, өңделген өнімнің экспорты 97,0% құрайды.
Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне экспортталып келеді.
Барлық экспортталған өнімнің 90,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
2020 жылдың есепті кезеңіне 86,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 121,6 пайызға артып отыр.
2020 жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 685,3 тонна қамыс және Өзбекстанға 136 тонна бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна мақсары майы экспортталды.
Сонымен қатар, облыс бойынша Ресей мемлекетіне 1 930 тонна қарбыз, 852,6 тонна қауын экспортталды.
Бұдан бөлек, Өзбекстан мемлекетіне 30 бас түйе жөнелтілді.