Жеткізілген судың (1) бір текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы Заң) сәйкес бекіткен тарифтерге пайыздық қатынаста, Қағиданың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 бір м3 арналған субсидиялар мөлшеріне (қосымша құн салығымен) сәйкес сараланып белгіленеді.