Үстіміздегі жылы облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге егiс егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың га.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.
Облыс бойынша дәнді дақылдардан егілген күздік бидайдан 9,5 мың тонна, жаздық бидайдан 4,6 мың тонна, дәндік жүгеріден 2,2 мың тонна, тарыдан 1,4 мың тонна, жаздық арпадан 270 тонна, сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды.
Негізгі дақыл күріштен барлығы 551 273 тонна өнім жиналып, әр гектарынан 61,8 центнерден рекордтық өнім алынды.
Сондай-ақ, картоптан 66 590 тонна, көкөністен 112 806 тонна, бақшадан 193 484 тонна өнім жиналды. Орта өнім картоптан 173,7 центнерден, көкөністе 200,5 центнерден, бақшада 239,2 центнерді құрады.