Облыс бойынша статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсанына 344,5 мың бас МІҚ, 747,0 мың бас қой мен ешкі, 1,9 мың бас шошқа, 151,9 мың бас жылқы, 52,4 мың бас түйе және 122,3 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-4,3%-ға, қой мен ешкі-8,4%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 5,4%-ға, құс 1,6 %-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 33,8 мың тонна ет (тірі салмақта), 81,3 мың тонна сүт және 6,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,6%-ға, сүт өндірісі 2,6%-ға артқан.
Мемлекеттік қолдау
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2020 жылға жергілікті бюджеттен 3396,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
Қаржылық жоспарға сәйкес 1 желтоқсанға 2231,7 млн. теңге субсидия игеріліп, 1586 шаруашылық субсидия алуға қол жеткізді. Жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға сәйкес тағы тауарөндірушілерден 715 өтінім түсіп қазіргі таңда төлем аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр, жыл аяғына дейін қаржы толық игерілетін болады.